Қыз айттыру (дәстүр). «Қыз айттырудың мұндай тәртібі Есім деген Ханның бұйрығы бойынша орнаған көрінеді» (Ы.Алтынсарин). Әр ата-ана өз ұлының болашақ қалыңдығын ерте ойластырады, өзінің теңін іздейді. «Анасын көріп қызын ал» деген қағиданы қатаң ұстайды. Яғни болашақ құдасын орынды жерден, жақсы кісілерден, аталы, іргелі ауылдан қарайды.