Қалың мал

      «Қалың мал» (дәстүр кәде). «Мен ат-тон айыбымен қалың мал қайтартпақшы болдым ғой» (С.Көбеев). Құда түсу рәсімі кесілген соң дала заңы бойынша  күйеу жағы «қалың мал» төлеуге тиіс. Бұл қазақ , қазақ болғалы бұлжымаған ежелгі дәстүр. Оның мөлшері құдалардың дәрежесі мен дәулетіне байланысты екі жақ келісе отырып шешеді. «Бұрынғы кедейлер арасындағы қалың мал мөлшері 5-6 малмен тынса, ірі байлар арасында екі жүз, бес жүз, мың жылқыға  дейін жеткен.Би мен байлар, хан төрелер арасында қалың мал үстіне «бес жылқы» деп аталатын бес түйеге қосып бір «жетім қыз»(күң ), «аяқ жақсы» деп бкрктін үш түйеге қоса бір «еркек жетім»(құл) бергендігі кейбір деректер арқылы белгілі. Қалың малдың «қырық жеті», «отыз жетінің бүтіні», «отыз жеті», «отыз жетінің жартысы», «жақсылы отыз жеті», «жиырма жеті», «он жеті», «домалақ қалың мал», «домалақ бата»сияқты түрлері болған. (КСЭ,6-том).Мұның сыртында той мал, сүт ақы, күйеу апаратын ілу, өлі-тірі апаратын,тағы басқа көптеген бағалы кәде, жоралар да болады.Бұған кеңес үкіметі кезінде «қызды малға сату» деп қара күйе жағылып келді. Ал шындығында қыздың жасауы  «қалың мал» мөлшерінен кем болмаған.
     Әрине «қалың мал» құдалардың дәулетіне байланысты болған. Бұрынғы заманда «қалың мал» байлық пен мырзалықтың дәрежесін әйгілейтін көріністің айғағы.ХIХ ғасырдың алғашқы ширегінде Кіші жүзде Байсақал мен Орта жүзде Сапақ құда болған. Сонда Байсақалдың қызының «қалың малы» 500 жылқы болған.300 жылқы-қара малы,100 жылқы үйге кіргізер, 100 жылқы той малына кетіпті (М.Ж. .Көпеев).

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.