Айналмақ

     «Айналмақ»-өте сирек кездесетін, өз басын басқа біреу жолында құрбандыққа шалатын, ең ақырғы амалы таусылған, үміті үзілген адамның ісі. Мысалы, жан дегенде жалғызының беті бері қарамайтыны белгілі болып, демі енді үзілер сәтте әкесі не анасы жаратқан иеге жалбарынып, «жалғызымның орнына өзімді ал», «басымды соның жолында құрбандыққа шалдым» деп, иманын айтып, шын тілегін білдіріп ауруды үш рет айналады. Аруаққа ат айтып, тағалаға тай айтып зарлайды, жылайды. Әрине, бұл қайғылы, қапалы адамның ең соңғы іс-әрекетті, ақырғы амал-қимылы.
     Ана тіліміздегі «айналайын» деген сөздің төркіні осы «айналмақтан» шыққан. Қазақтың «адамды айналма»деген тыйым сөзі осы салттан елес береді.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.