Кимешек кигізу

    Кимешек кигізу(салт). Жас келін түскен жерінде бір жылға дейін желек жамылып жүреді. Ойын-тойға барғанда сәукелесін де киіп барады.(Қазақ әулетінде сәуклені ұзатар кезінде ғана киеді.Келін боп түскен соң шешіп алып қояды. Жас келін перзентті болған соң ауыл әйелдері, бәйбішелер әдейі жиналып келіп, келінге кимешек кигізеді. Бұл келіннің ана болған кезі. Қазақстанның солтүстік жағында мұны «жаулық салды» деп те атайды. Кимешек те жаулық та ана болған әйелдің белгісі екендігін көрсетеді. Жас адам болғандықтан бұл бас киімдер әшекейленіп, шашақталып, кестеленіп тігіледі.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.