Жан беру

     Жан беру (ғұрып). «Келе жатыр дегенге, Жан берсең де нанбаймын»(Ер Сайын). Кей жерлерде мұны «кепілге шығу» немесе «күмәнға шығу»деп те атайды. Ауыр жазаға не өлім жазасына есілген адамның ақтығын дәлелдеу үшін бір адам «жан беруге» шығады. Бұл жазаға ілініп тұрған адамның ақтығына ант беру деген сөз. Оладам би, молдалар алдында кебін яғни ақ киініп, қабыр басына барып (кейде қабыр ішіне түсіп) немесе өлікке құрған шымылдыққа кіріп жазаға тартылған адамның ақтығына «құран ұстап жанымды беремін», «өтірік айтсам құдай тапсын», «иманым бұйырмасын», «әруақ соқсын» деп ант береді. «Жан беру деген осы». Халық ұғымы бойынша жан беруші адам өтірік күәлік берсе, ол сол жерде өліп кетеді деп түсінген. «Жан беруден» кейін істің ақтығына күмән қалмайды. Одан әрі өкім жүрмейді. (А.Байтұрсынов).

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.