Сиқырлы су

Су – жер бетіндегі таңғажайып жаратылыс. Сусыз өмірімізді елестетудің өзі қорқынышты. Бірақ, біз суға қандай құпия жасырылғанын білеміз бе? Ол қашаннан бері бар? Бұл сұрақтардың жауабын судың өзінен іздеу керек шығар. Судың о бастағы мөлшері қандай болса, бүгінде сол қалпынан айныған емес. Бір қарасаң, су – сол баяғы біз білетін құрамы мен белгілері бар сұйық зат. Бірақ зерттеу нәтижелері тіпті керемет дүниелерді анықтады.
«Жер бетін қанша шарласаңыз да, су сияқты мөлдір, әрі иіңізге көне беретін жұмсақ зат таппайсыз. Бірақ су, өз жолында қандай қатты, әрі берік зат болса да, егеп, қашап, тесіп өтеді. Оны ешкімде өз ырқына бағындыра алмайды. Кез – келген қаттыны жеңіп кетеді. Жұмсақ болса да берік нәрсені өз ыңғайына көндіре алады. Мұны барлығы біледі, бірақ осылай әрекет етуге ешкімнің де жүрегі дауаламайды», — деп бұдан екі жарым мың жыл бұрын ғұмыр кешкен қытай ғұламасы Лао – Цзы жазған болатын. Енді бүгінгі әлемнің атақты ғалымдары не дейді?

*Курт Вютрих, ғалым, «Нобел» сыйлығының иегері (АҚШ):
«Білесіздер ме, жалпы су ғалымдар тарапынан көп зерттелген. Сол нәтижелерге сүйеніп мен суда ерекше қасиет бар дегенге толықтай сенемін. Ол басқа сұйықтармен салыстырғанда, химиялық және физикалық жағынан ерекшелінеді».
*Аллоис Грубер, ғалым.(Австрия): «Алайда, ешбір зерттеуші судың тығыздығы температура минусқа түсіп кеткен кезде неге ұлғаятынын, ал плюске көтерілгенде неге төмендейтінін түсіндіріп бере алмайды».
Кез – келген тоңазыған зат сығымдалып кішірейеді. Ал су болса, керісінше жайылып, үлкейеді. Судың бұл қолайлы қасиетін адамдар ерте заманнан іске асырып үйренген. Мысалы, судан нәр алған дәннің қылтыйып өсуі сәтінде қуаты төрт жүз атмосфераға жете алады. Міне, жер астынан шығатын өсімдікті тасжолды да тесіп шығаратын судың сыры осыдан.
Судың кез – келген қасиетінің өзі таңдай қақтырарлық. «Неге су үш күйде : сұйық, қатты, бу түрінде кездесетін жер шарындағы жалғыз зат? Басқа сұйықтарға қарағанда, су неге жер бетіндегі ең күшті еріткіш? Және су бір сөзбен айтқанда алып ағаштардың арсынан ондаған атмосфералық қысымды бағындырып, қалай өте алады?» деген сұраққа бүгінгі ғалым жауап таба алмай келеді.
*Владимр Воейков, Мәскеу мемлекттік үниверситетінің биология факультетінің профессоры, ғылым докторы: «Біз енді ғана батыл қадам жасап отырмыз. Шындығында «суды білеміз» деп жүріп, ол туралы түк білмейтінімізді түсіндік. Мойындаудың өзі үлкен ерлік, өйткені бұдан кейін адам бойында білуге деген құштарлық пайда болады».
Судың бойында сақтағыштық қасиеті бар екені анықталған тарихи оқиға былай болған еді.
Оңтүстік – Шығыс Азия. 1956 жыл. Әскери институттың құпия жабық лабороториясы жаппай қырып жоятын құралдарды әзірлеу үстінде еді. Мұнда қаншама жылдардан бері жаңа үлгідегі қуатты бактериологиялық қарулар жасау жолға қойылған. Жұмыс барысында қарудың иеленуге тиісті қасиеттері туралы ғалымдар бас қосып жиналыс жасайды. Көп сағатқа созылған мәжіліс бір кезде аяқ астынан тоқтайды. Дәрігерлер келіп тексеріп, қатысушылардың тамақтан уланғанын анықтайды. Ал жиын барысында ешкім тамақ ішпеген болып шығады. Сонда барлығы бір мезгілде неге ауырды? Өте құпия қызметтегілердің құпия ауыруы зерттеуді күшейтеді. «Тамақ ішілмеген, бірақ уланған?» Зерттеушінің бірі үстелдегі судан күмәнданады. Құрамын зерттегенде денсаулыққа зиян келтіретін қоспалар табылмайды. Химиялық құрамы кәдімгі – Н2О. Ештеңе ұқпаған олар зерттеу қорытындысына «Улану кәдімгі судан» деп жазғаннан басқа шара таппайды. Міне, қызық! Тек, 20 жылдан кейін ғана, ақылға сыймастай ғылыми болжам жасалады! Бұл жорамал судың адам айтса сенгісіз тәртібін негіздеуге арналған еді. Қорыта келгенде судың құрамында есте сақтаушы жады бар болып шықты. Яғни, су магнитофон таспасы сияқты, не естілсе, соның бәрін жазып алып отырады. Естиді, түйсінеді, ұзақ уақыт бойында сақтайды. Бұған әбден көз жеткізбек болған ғалымдар суды әлемнің түкпір – түкпірінде сынап көреді. Жүргізілген тәжірибелердің нәтижелері су – ақпарат қабылдаушы, және өзіне жуық кез – келген нәрсені бойына таңбалап алатыны анықталды. Айналасында болып жатқан құбылыстардың бәрін есте сақтайды. Суға қандай да бір заттың қандай қабаттан тұратындығын біліп, оны сол бойда жадыға жазып алу үшін сол затпен жай ғана жанасуы жеткілікті. Бабаларымыз суды арнайы күміс ыдысқа құйып ішкенде оны шипалы суға айналатынын білген. Демек, судың бұл қасиеті ертеден – ақ белгілі болған.
Р. Рой, Халықаралық Ғылым академиясының мүшесі, АҚШ – тағы Пенсильвания университетінің профессоры: «Қазіргі кезде күміс араластырылған су өте сәтті ойлап табылған антибиотик. «Мұндай су қалайша тіршілік ете алады, қалай бұзылып кетпейді?» деп мен өзімнен сұрадым. Зерттей келе, алынған ақпараттан су жаңа қасиетке ие болады. Ал, оның химиялық құрамы сол баяғы қалпында қалады.
Судың құрылымы дегеніміз – оның ұйымдасқан молекулалары. Біз құралдар арқылы су молекулаларының топтарға қалай бірігетінін көре аламыз. Ғалымдар «кластерлер ғана өзіндік ерекшеліктері бар, ақпарат сақтаушы — жады болып табылады» деп ұйғарған.
Р.Рой : «Адамдар жарықты қосқан кезде су өзгеріске ұшырайды –ау деп ойламайды. Жоғарғы кернеулі тоқтардың әсерінен, мәселен шағылысқан жарықтардан су өзгеріп кетеді. Әрине, су – су күйінде қала бермек. Бірақ, оның құрылымдық қабаты, жүйке талшықтары кез – келген қолайсыз жағдайда жиырылып, тітіркенеді. Заманға сай жасалған құрылғылардың көмегімен судың есте сақтау жадысының әр ұяшығында 440 000 мың ақпараттық орын болатыны анықталды. Оның әрқайсысы қоршаған ортадағы өзгерістерді қай ұяшықтың қабылдап алатынына шейін бөліскен.
Судың ақпарат қабылдап, жағдайға байланысты өзгеретіні туралы бір хикаяны баян етейік.
*1881 жылдың қысында «Лара» кемесі кезекті сапарымен Ливерпуль қаласынан Сан – Францискоға қарай шыққан. Сапардағы үшінші аптасында кемеден өрт шығып, ішіндегілер жан сақтаудың қамын жасайды, Кемені тастап шыққандардың бірі, осы естелікті жазып қалдырған капитан Нейл Керри еді. Ол өте тәжірибелі теңізші болған. Ол сол біліктілігімен, кеменің толық жанып кетуінен сақтап, шала жанған күйімен жағаға қайта бұрады. Ол кезде кемедегі су таусылған. Аман қалғандарды енді шөл қысады. Сол кездегі сәттерін еске алып, капитан кейін былай деп жазады: «Біздің шөлдегеніміз соншалық есімізден танып қалып жаттық. Айнала, толған теңіз суы. Бір уақытта теңіз суы маған тұщы су сияқты елестеді. Сосын мен суға қарап «бұл тұщы су» деп қайталай бердім. Сосын қолыммен суды алып іштім. Ол тұщы болды! Құдайдың кереметі біз солай жан сақтадық».
Константин Коротковтың лабороториясы адам эмоцияларының суға қалай әсер ететінін анықтау үшін есепсіз көп сынақтар жасады. Ол әуелі, адамдарға ортада тұрған бір стакан суға ең жағымды сөздер айтып, жылы, махаббатпен мақтауға, өте нәзік қарауға ұсыныс жасады. Содан кейін ыдыстағы суды ауыстырып, басқасын әкеліп қояды. Содан кейін тағы сол топқа ортадағы суға қорқынышты, жеккөрінішті, сұмырай көзқарсапен қарап, жағымсыз сөздер айтуды сұрайды. Бұдан кейін, арнайы құрылғымен тексеріп қарса, колбадағы су үлгілерінде өзгерістер болған. Әйтпесе екеуі бір су.
К.Коротков: «Махаббатпен айтылған жылы сезім, жақсы сөздер суға қуат берген. Құрылымын өзгерткен. Құрамын тұрақтандырған. Ал жаман көзқарас судың құрамын тез өзгертіп жіберген. Құрамы өзгерген су қуатын жоғалтқан».
Эмото Масару, Жапония зерттеушісі: «Мен судың жадыға ие болуы мүмкін» дегенді оқыған кезде күмән келтірмедім. Сосын зерттеп, өз тәжірибемнен айтпақ болдым».
Эмотоның лабороториясында да Коротковтың тәжірибесі жасалады. Бірақ өзгеше түрі қолданылады. Олар суды қыздырып көреді. Креогенді камера арқылы қарғанда қыздырылған қысқа толқынды пеште су жұлдызды аспан сияқты көрініс береді. Ал, қалта телефонды жанына қойып, оған қоңырау шалғанда су молекулаларының шашырап, жан – жаққа бытырап кетеді. Ал, суға «рахмет» деп айтқанда, — дейді ғалым, — су молекуласы қар қристалындай керемет сипатқа айналады. «Сен маған қарсысың!» дегендегі су кристалы шашыраңқы, ретсіз көрінеді.
Қазіргі технология жасанды түрде судың құрылымын жасауға мүмкіндік береді. Лаборотория жағдайында суды қолданып, соя өсімдігінің өсу сәтінде фотон энергиясын қалыптағы суға қарағанда, алты есеге күшейткен. Бақшада құрылымдық суды қолдану көгөністердің сарғаюын азайтып, бойындағы пайдалы микроэлементтер мен өсу ақуызын бірнеше есеге арттырған екен.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.