Сиқырлы су

Су – жер бетіндегі таңғажайып жаратылыс. Сусыз өмірімізді елестетудің өзі қорқынышты. Бірақ, біз суға қандай құпия жасырылғанын білеміз бе? Ол қашаннан бері бар? Бұл сұрақтардың жауабын судың өзінен іздеу керек шығар. Судың о бастағы мөлшері қандай болса, бүгінде сол қалпынан айныған емес. Бір қарасаң, су – сол баяғы біз білетін құрамы мен белгілері бар сұйық зат. Бірақ зерттеу нәтижелері тіпті керемет дүниелерді анықтады.
«Жер бетін қанша шарласаңыз да, су сияқты мөлдір, әрі иіңізге көне беретін жұмсақ зат таппайсыз. Бірақ су, өз жолында қандай қатты, әрі берік зат болса да, егеп, қашап, тесіп өтеді. Оны ешкімде өз ырқына бағындыра алмайды. Кез – келген қаттыны жеңіп кетеді. Жұмсақ болса да берік нәрсені өз ыңғайына көндіре алады. Мұны барлығы біледі, бірақ осылай әрекет етуге ешкімнің де жүрегі дауаламайды», — деп бұдан екі жарым мың жыл бұрын ғұмыр кешкен қытай ғұламасы Лао – Цзы жазған болатын. Енді бүгінгі әлемнің атақты ғалымдары не дейді?

Толық оқу