Сыпатай Би

Сыпатай би Әлібекұлы — (туған, өлген жылы мен ата бабалар шежіресі белгісіз) — Дулат тайпасының Ботбай тармағынан шаққан айтулы би, ірі батырларының бірі. Сыпатай бидің арғы аталары Алатау атырабы Балқаш көлі мен Іле өзенінің алқабы екен. Әлібек шаруа баққан ауқатты кісі бопты, оның, Аңдас, Сыпатай, Кемпір, Күшік деген төрт баласы болған. Сыпатай анасынан туғанда екі алақанын жауып туады. Ауылдың сәуегей қариялары: «бұл бала өсе келе елін ашса-алақанында, жұмса жұдырығында ұстайтынел қамқоры болады екен» депті. Сол ботагөй ақсақалдың айтқаны келіп, Сыпатай он жетісінде атқа қонып, ел билігіне арласады. Сыпатайдың әділ төрелігін, адамгершілігін, елге қамқоршылығын көрген ауыл аймақ оның төңірегіне топталып, ел бола бастайды.

Бірде Дулаттың төрт баласы бас қосып, қыздың қалын малынын мөлшерін белгілеп, бекітіпті. Сыпатай бұл кеңеске кешігіп келегн екен, басқа билер қыздың қалын малын 47 қара көлемінде бекітіп қойыпты. Сонда Сыпатай: Тұқымданса, бай тұқымдансын дегенсіңдер ғой. Кедей баласы 25 жасқа келгенде ғана мал табады. Сонда 47 жыл жалшы болып жүріп, 47 қара тапқанда, оның жасы 72 келеді. Бүл кедей үй болмасын, өсіп өнбесін дегендерің гой деп кеңістік білдіреді. Сыпатай билердің шешімін өзгертіп, қыздың қалың малының мөлшерін өзінше белгілейді: 47- ні байлар төлей берсін. Қыздың қалың малы тоқтылы қой бата аяқ, сегіз құлынды бие, үш саяқ болсын. Сегіз құлынды бие баламалы болсын: соның орнына майда мал да жүре беретін болсын.

Жаныс Ногай би баласына Сыпатайдың бір баласының қызын айттыра барғанда, бата аяққа жүз жылқы айдап келген екен. Сыпатай батыр мұны мақұл көрмей: Сыпатай Ноғайбайдың бата аяққа жүз жылқы алды деген ұят. Бата аяққа жүздің бірін аламын. Артығын кемтарларға таратып бересің бе, айдап кетесің бе — өзің біл –депті.

Батырдың ойының жүйелігімен өткірлігі, турашылдығы оның патшалық билік тізгінін ұстаған ұлықтарға айтқан сөздерінен де байқалады. Тұтас бір аймақты ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған генерал-губернатор Кауфман да оның ойының ұтқырлығы, сөзінің жүйелігі алдында, амалсыздан болса да, кішіреюге мәжбур болған.

Кауфман Алматыға бара жатып, Сыпатайды шақыртады. Сыпатай 2000 жылқысын айдап келіп, Кауфманга Тақыркөлде жолығады. Батырдың кешіккенін жақтырмай: «кайда жүрсің?» деп қабақ шытқан Кауфманға Сыпатай: Мына малды бағып жүрмін, деп жауап береді. Кауфман: Сексеннен асқанда саған малдың керегі не? Депті Сонда Сыпатай оған: Мал керек болмаса, аттың атты, жаяуың жаяу Мәскеу мен Петербордан келіп мұнда не қылып жүрсің? Деген екен. Кауфман бұған лайықты жауап таба алмай, үнсіз қалады.

Ел Қоқан хандығына қарап тұрған шақта ел ішінде үлкен дау болып, бірқатар датқалар сыпатай батырды Құсбегіге жамандағанға ұқсайды. Құсбегі Сыпатайды алып келуге арнайы айдауыл жібереді. Сонда Сыпатай батырды алып өтетін жол бойындағы жұрт оның алдына шығып: Түстеніп кет, бата беріп кет, деп Ташкентке жеткенше құрмет көрсетеді.

Батыр бес әйел алған. Бәйбішесі шақшам қызы Әуестен Ноғай деген ұл, Сейдім, әйгүл деген қыз туған.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.