Дәрет, ғұсыл және тәйәммүмнің пайдалары

Ғибадат мақсатымен орындалған әрбір тазалық денсаулығымыз үшін орасан зор пайда келтіреді. Тәндік пайдамен бірге рухани пайдасы бар. Солардың ішінен кейбіреулерін көрсете кетсек:
1. Күнделікті омірімізде қолмызбен қаншама микроптарды ұстаймыз. Дәрет алғанда қол, бет және аяқтарды жуу тері ауруларының алдын алып осы микроптарға қарсы қорғаныс болады. Ал микроп, паразит және бактериялардың кейбіреулері денеге тері арқылы да кіреді.
2. Дәретте мұрынды жуу тыныс алу мүшесінде жиналған шаң және микроп жиынтықтарын кетіріп, организмге енуінің алдын алады.
3. Бетті салқын сумен жуу теріні қуаттандырып бас ауруын жазып әрі  шаршағанды басады. Тамырлар мен нервтерді әрекетке келтіріп, жұмысын реттейді. Әр дайым дәретті жүрген кісілердің қартайса да жүзіндегі жылылықтың жоғалмауы осы себептен.
4. Жүніпке себеп болатын жағдайларда көп энергия жұмсалып, жүректің соғуы мен қан айналу және тыныс алу жылдамдығы артады. Организмнің зорығуы нәтижесінде шаршау, әлсіреу сезіліп, мый функциялары баяулайды. Ғұсыл организмді бастапқы қалпына келтіреді.
5. Адам организмі био-электрлік өріспен қапталған. Дененің саулығы осы электрлік теңдікпен тікелей байланысты. Психологиялық депрессия, ауа – райы шарттары, киім – кешек, тұрмыс, жұмыс шарттарының әсері және ғұсыл қажет ететін жағдайларда осы теңдік бұзылады.
Бұл жағдайдан құтылу үшін денеде ине ұшындай құрғақ жер қалдырмай жуыну керек. Осылайша су тамшылары организмде қалыптасқан зиянды электр қабатын алып топыраққа өткізу арқылы денені бастапқы қалпына келтіреді.
6. Дәрет және ғұсылдың қан айналу системасына да айтарлықтай тигізген әсері бар. Мысалы, тамырлардағы қатаю және тарылудың алдын алады. Ленф системасының ең маңызды орталықтарының бірі – мұрын іші жуылғанда оған әсер етіп, жұмысын жақсартады. Мойынның жуылуы да ленф системасына әсер етеді. Нәтижесінде дәрет және ғұсыл ленф айналымын жеңілдетіп, ленфосит деген күресуші клеткалар организмді зиянды нәрселерден қорғайды және де им.
7. Су табылмаған жағдайда топырақпен алынған тәйәммүм де денедегі статик электрін кетіреді.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.