Мұсылмандар шынайы сүннет сенімінде болуы тиіс

Мұсылман болудың алғашқы шарты – иман келтіру. Ал, «дұрыс иман» — «шынайы сүннет ғалымдарының кітаптарында көрсетілгендей сену» деген сөз. Шынайы суннет сенімінде болу үшін төмендегілерге дұрыс сену керек:
1. Иманның алты шартына сену қажет.
2. Иман артпайды және кемімейді. Иманда аздық – көптік болмайды. Тек құаты артып кеміюі мүмкін.
3. Үлкен күнә істеген адамның иманы кетпейді.
4. Ғйыпқа сену керек.
5. Иман мәселесінде қияс (салыстыру) болмайды.
6. Алла Тағала жұмақта көрінеді.
7. Тауаккул – иманның негізі.
8. Амалдар, ғибадаттар иманның бөлшегі емес.
9. Тағдырға сену – иманның шарты.
10.  Амалда, ғибадат етуде бір мазһабқа бағыну керек.
11.  Сахабалардың бәрін және Пайғамдардың әһли бәйтін жақсы көру, құрметтеу қажет.
12.  Төрт халифаның дәрежесі халифалық тәртібі бойынша.
13.  Намаз, ораза, садақа сияқты нәпіл ғибадаттардың сауабын басқаға сыйлауға, бағыштауға болады.
14.  Миғраж – рух және дене арқылы жүзеге асқан.
15.  Әулиелердің кереметі – бұл ақиқат.
16.  Шапағат ету – ақиқат нәрсе. Пайғамбарлар, әулиелер,шәйіттер шапағат етеді.
17.  Мәсіге масих тартуға болады.
18.  Қабірде сұрақ сұралады.
19.  Қабір азабы рух пен денеге бірдей болады.
20.  Амалдарды да олардың әрекеттерінде Алла Тағала жаратады. Адамда ирадаи жузийа (таңдау еркіндігі) бар.
21.  Ризық несібе адамға халал жолдан да, харам жолдан да келеді.
22.  Әулиелердің рухтарымен тауассул етіледі. Олардың құрметіне деп дұға етіледі.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.