Алғаш жаратылған нұр

Алла Тағала ешнәрсе жаратпастан бұрын пайғамбарымыз Мұхаммед ғалейхиссаламның киелі нұрын жаратты. Тәпсір және хадис ғалымдарының көпшілігі: «Хақ Тағала өз нұрынан әсемдік пен бір негіз жаратып, одан бүкіл жаратылысты кезегімен пайда еткізді. Бұл – Мұхаммедтің нұры деп аталады. Барлық рух пен дененің бастауы мен шығу көзі осы негіз болып табылады» дескен.
Сахабалардан Жабир бин Абдуллаһ бір куні: «Иа, Расулалла! Алла Тағала ең ауелі нені жаратты?» деп сұрағанда: «Бәрінен бұрын сенің пайғамбарыңның, яғни менің нұрымды өз нұрынан жаратты. Ол кезде лаух, калем, жұмақ, тозақ, періште, көк пен жер, күн, ай, адамдар мен жындар жоқ болатын» дейді.
Мұхаммед нұры Адам атамыздың жүрегі мен денесі жаратылғаннан кейін оның екі қасының арасына қойылды. Адам өзіне рух берілгеннен кейін маңдайында Шолпан жұлдыз сияқты жарқырап тұрған бір нұр бар екенін сезеді.
Адам  жаратылған кезде Хақ Тағала оған: «Абу Мұхаммед, яғни мұхамедтің әкесі» дегенін жүрекпен түсініп: «Иа, Раббым! Маған неге Әбу Мұхаммед дедің?» деп сұрағанда Алла Тағала: «Ей, Адам! Басыңды көтер» деді. Адам  басын көтеріп қараған кезде Арш – ы алада пайғамбарымыздың  нұрдан жазылған «Ахмет» деген есімді көреді. Сонда: «Иа, Раббым! Бұл кім?» деп сұрайды. Алла Тағала «бұл сенің тегіңнен шығатын бір пайғамбар. Оның есімі көктерде Ахмет, ал жерде Мұхаммед. Егер ол болмағанда сені де, жер мен көкті де жаратпас едім» дейді.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.