Дәретпен жүру

Әрдайым даретпен жүрудің пайдасы көп. Әрдайым дәретпен жүруге күш салу керек. Дәрет алған адамның барлық кіші күнәлары кешіріледі
Хадистерде былай делінген:
«Жақсылап алынған дарет –иманның жартысы»,
«Дәретпен жүрген адам ораза тұтқан адам сияқты»,
«Дәрет алып екі ракат намаз оқыған адам жұмаққа баруға лайықты болады».
«Жаналғыш періште келген кезде, дәретті болған адам шәйт мәртебесіне көтеріледі».
«Дәрет алған адамның ағаштан жапырақ төгілгені сияқты күналары төгіледі».
«Тек кемел мүмін ғана әрдайым дәретпен жүре алады».
«Дәретпен жатқан адам түнде қайтыс болса шәйіт болады».
«Дәретпен жатқан адам түнде ғибадат жасаған, күндіз ораза тұтқан адам сияқты».
«Дәретпен жүрген адамға Алла Тағала мыналарды нәсіп етеді:
Періштелер қасынан кетпейді.
Әрдайым сауап жазады.
Барлық мүшелері тасбих айтады.
Ұйықтаған кезде періштелер адам мен жынның жамандығынан сақтайды.
Жан тапсыруы оңай болады.
Дәретті кезде Алла Тағаланың қорғауында болады. Ифтитах тәкібірін жіберіп алмайды».

Алла Тағала Мұсаға бұйырды:
«Иә, Мұса! Саған бір қиындық келгенде дәретсіз болсаң өзіңді айыпты сана».

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.