Таңғажайып жаратылыс

Линза жасаудың хас шебері болған, ортағасырлық Антони Левенгук тұңғыш микроскопты ойлап тапқасын, қолына түскен заттың бәрін үлкейтіп көріп, қызығына батып жүреді. Ол сүйтіп микроәлемге алғаш рет жол салған еді. Күндердің күнінде Антони адамның жаратылысын да зерттеп көрмек болып, шаһуатты да шишаның астына алып қарайды. Мұндай кереметті күтпеген ол, шалқасынан түсе жаздайды….
Ол бір тамшы судың ішінде миллиондап өріп жүрген түр- тұрпаты ерекше, құйрықты «итбалықтарды» көріп таң – тамаша болған еді.Есін жиған соң, «микро- мақұлықтарға» «сперматозойд» деп ат береді.Мағынасы: «жануарға ұқсас ұрық». Микроптың сиқырлы шишасы дамыған сайын, ұсақ ұрықтың да бұрын- соңды беймәлім болып келген қызықты қыр- сырлары айқындала түсті…
Мәселен, ортағасырлық дәрігерлерге сперматазойд сақталатын «жұмыртқа» өте жұмбақ тұғын.Әркім әртүрлі болжам жасаған. «Медицинаның атасы» — Гиппократ, екі жұмыртқаны; «оң жақтағысы ер бала шығатын ұрықты сақтайды, сол жақтағысынан қыз бала жарық дүниеге жолдама алады» деп топшылапты…Алайда, медицина дамыған Ұлы Шебер Жаратушы Құдайдың адамды жасаған сыры ашыла түсіп, өз болмысымыз өзімізді таңғалдыра түсті.

Ер бала мүшел жасқа толғаннан бастап, оның денесінде арнайы бездер ұрық өндіре бастайтыны белгілі. Ал, қыз балада керісінше, оның денесінде туылғаннан бастап, пісіп жетілмеген ұрықтар ағып жүре береді.Қыз бала 12- 13 жасқа жақындаған сайын, аналық ұрықтар да адамға айналуға жан- жақты дайындалып, өзгереді. Пісіп жетілген аналық ұрықтың құрамында кәдімгі клетка хромосомасы болады. Аналық ұрық өз бетінше қозғалып жүруге дәрменсіз. Себебі, ол дөп- дөңгелек, домалап қана жылжи алады. Әйел жатырының жиырылып, созылып, толқып тұрған «құбыры» «аяғы жоқ, қолы жоқ» осы аналық ұрықты, бала бітетін кезде домалатып, адам жасалатын мұғжиза «алаңға» алып келеді.Межелі жеріне жеткен аналық ұрық, өзіне «асығып» келе жатқан еркек сперматозойдты «тағатсыздана» тосады. Аналық ұрық жұбына жолығып, онымен табысқанша , денесі үлбіреген ерекше қабықпен қапталып тұрады.
Ал, ер адам денесінен бөлінетін ұрық санауға келмейтіндей тым көп. Көптігі сонша, егер бір азаматтың бүкіл өмірінде шығаратын ұрығы шашау шықпай адамға айналса, жер шарындағы қазіргі адам баласының санын 300 есеге асырып жібере еді. Бір ғана әйелдің денесіндегі аналық тұқым жарты миллион бөпеге өмір сыйлай алады. Жыныстық қатынастың бір циклында ер адамнан бөлінетін шаһуатта 300 миллионға жуық сперматозойд адамға айналуға сақадай сай тұрады. Ер жігіттің денесін үнемі тұқым өндіріп шығаратын «фабрика» десе де болады. Шағын болған шаһуаттар жаңаланып, қайта толығып отырады. Салыстырып қараңыз, бір айда әйелдің денесінде жалғыз аналық ұрық пісіп жетіледі. Бұл уақытта ер азаматтың организмі миллиардтаған «итбалықты» өндіріп тастайды.
Ұрықтанудың кереметі- өз алдына бөлек әңгіме. Аналық және аталық ұрық жатырда жолығысып, Алланың құдіретімен бір клеткаға айналады. Ол ер адамның ұрығы жатыр жолына келіп түсуі шарт. Сперматозойдтар ананың жатырында үш күнге дейін өмір сүре алады. Осы үш күннің ішінде ешкімге жолығып , «ғашығын» таба алмаса, амал нешік сол арада «жан тапсырады». Жатыр жолына келіп түскен миллиондаған сперматозойдтың біреуі ғана адам болу бақытына ие. Қалғандары жатыр ішінде суға тұншығып, бақиға кетеді. Бұл су ананың жатырынан арнайы ағады. Ол су болмаса, сперматозойд жоғары өрлеп, жүзе алмайды. Жатырдағы «итбалықтың» жылдамдығы да баршылық: 1 минутта 2 – 3 мм жерді артқа тастап, зымырап отырады. Быжынаған қисапсыз ұрықтың 6 мыңдайы жатырдың жоғарғы жағына жетіп жығылады. Дәл осы араға келгенде тас қараңғы жатыр дәлізі екіге жарылады. Жол айрыққа жеткенде асығып, аптығып, ағып келе жатқан ұрықтың тең жартысы «тәуекел» етіп, екінші дәлізге қойып кетеді. Осы арада адасқандар дүниежарығымен бір жолата қоштасады. Тіршілік әлеміне бір ғана есіктен беріледі. Яғни , «итбалықты» адамға айналдыратын аналық ұрық екінші «есіктің» ар жағында жатыр. Жатырдың тас қараңғы қуыстарынан аналық ұрықты кездестіре алмаған бақытсыз сперматозойдтар ары – бері сандалып жүреді де күш – қуаты таусылған соң, тіршіліктен күдерін үзеді.
Жолы болып, оң жаққа қадам басқандардың бірнеше жүзі ғана мәреге ентігіп жетеді. Енді осылардың ішінде біреуі ғана адамға айналып, жарық дүниеге шыға алады. Аналық ұрық та «ақымақ» емес. Ол да кімді таңдау керек екендігін жақсы біледі. Кім болса соған «құшағын» ашпайды. Ең бірінші қайсысы денесіне жанасып үлгенсе, соған ғана құшағын айқара ашады. Қалғандары тағы да қатал тағдырға мойынсынып, ажал сағатын күтіп қала берді. Жолы болған сперматозойд аналық клекаға кірген соң, олардың ядросы мен басқа клеткалары бірігіп, тұтасып кетеді. Осылайша су жаңа организм өз бетінше қалай болса, солай дами бермейді. Эмбрион клека ішіндегі қисапсыз ақпараттарға сәйкес болашақ баланың түр – тұрпатын дұрыстап жасауға кіріседі. Адамның әрбір клеткасында ядро бар. әрбір ядрода адамның бүкіл генетикалық материалдары сақтаулы тұр. Ұзын саны 40 000 мың болатын гендер жиынтығы тәртіппен 46 хромосомаға бөлініп слынып қойған.Гентикалық материалдар ДНК молекуласынан жасақталған. Бұл млекулалар екі сыммен өрілген спиральге өте ұқсас. Шұбатылған ДНК жібін ядродан шығарып, созатын болса, ұзындығы 1,8 м жетеді. Миллиондаған бит ақпараттарды ішінде сақтап тұрған бұл кереметті , адам тәніндегі бүкіл клетканың барлық ядросына орналастырып, сыйғызып жіберу үшін қандай құдіреттің иесі болу керек?
Адам тәнін құлатпай ұстап тұрған барлық клеткалар қартайып өледі. Бірақ оны ешкім байқап, сезбейді. Себеі сау клетка үнемі өзінен өзі қақ ортасынан бөлініп, балалап отырады. Ең қызығы, барлық бөлініп шыққан су жаңа клеткалар өзінің жеке ядросына алдыңғы атасының генетикалық барлық ақпараттарын ілезде көшіріп алады. Қазақша айтқанда , ,ата – бабсының шежіре кітабын бір секун ішінде өзіне ксерокөшірме жасап алады. Енді ең қызы мұғжиза осы арада басталады. әу, бастағы әке белінен төгіліп шыққан шаһуатқа қайта ораламыз. Ер адамның пісіп жетілген әр бір жыныстық клеткасында 46 емес, 23 хромосома болады. Яғни, жалғыз сперматозойд өз ішінде болашақ адамның түр – тұрпаты мен бет – келбетін бейнелейтін 23 хромосоманы арқалап алып жүр деген сөз. Ол өз бетінше бір адамның тұтас бейнесін ешқашан жасай алмайды. Генетикалық материалдың тең жартысы әйел жатырында домалап келе жатқан аналық клетканың ядросында тығулы жатыр. Ер мен әйел төсекте табысып , кездескен соң ғана бір клекаға тиесілі 46 хромосома түгел болды, болашқ бөбектің дидарын, суретін , бойы мен ойын жобалап сыза берсе болады. Осы арада Алланың құдіреті анық көрінеді. Әйелдің жатырында пісіп жетілген аналық ұрықтың ядросында 46 хромосома түгел боп тұрады. Егер бұған « итбалықтың» өзімен бірге әкеле жатқан 23 хромосомасын қосып жіберсе , олар 69 – ға көбейіп, тәртіп бұзылып, ақпарат қоймасының жүйесі бұзылады. Ұрықтануға бірнеше сағат уақыт қалғанда аналық клетка өз ядросындағы 46 хромосоманың тең жартысын тез – тез «теуіп» , цитоплзмадан шығарып тастайды да келе жатқан ер азаматтың 23 хромосомасына орын босатып, дайындап қояды. «Әне – міне» дегенше босап қалған жайлы орынға бір сперматозойд ентнлеп кіріп келеді. Әділдік деп осыны айт! Кішкентай бір клетканың ішінде екі жақтың да орыны тең болды. Енді болашақ баланың түр- бейнесінде әкесіне де, шешесіне де тартқан жерлері кездесе береді. Осы әділдік принцип екі жақта да жұмыс жасап жүр. Ер бала есейгенше оның да пісіп, жетілмген ұрығында 46 хромосома түгел болады. Бозбала жыныстық жағынан жетіліп, әке болуға лайықты болғанда оның шаһуатындағы 46 хромосоманың тең жартысы өзінен өзі қысқарып, ғайып болады. Енді келесі кереметке үңіліңіз. Әйел мен ердің 22 хромосомасы бір – бірінен айнымайды. Бірақ, ер адам организмінің клеткасында әйел затында жоқ артықшылық бар. Ол хромосомалардың 23-ші жұбы. Оның ішінде ер баланы жасақтайтын Ү хромосомасы бар. Егер ұрықтану сәтінде аналық ядроға ебін тауып Н хромосома арқалаған « батыр» кіріп кететін болса, дүниеге «жылқышы» келеді. Ал Х хромосома өтіп кесе, дүниеге «кестеші» келеді. Генетик ғалымдар ер бала мен қыз баланың пайда болу құпиясын ашқан соң, мұны қолдан қақпайлап, ядроға Н хромосоманы кіргізіп, ұл баланы көбейтсе не болар екен деп әрекеттеніп көрд. Амал нешік, олар неше мәрте тәжірибе жасап, ұл баланың ұрығын баптағанмен мақсаттарына жете алмады. Жеме – жемеге келгенде ұл мен қыз қатар туылып, табиғаттағы теп – теңдік сақталып қала берді. Үлбіреген аналық клекаға ұлдың не болмаса қыздың хромосомасын арқалап келіп тұрған сперматозойдтың қайсысы кіруге тиіс екендігі Тәңірі тағала өзі таңдайды.
Ер мен әйелдің клеткаларында сәт сайын болып жатқан осыншама кереметті көріп таңғалмау надандықтың бір белгісі болар. Тас қараңғы жатырдағы басы, мыйы, көзі, құлағы, тілі жоқ меңіреу аналық клетка өзге тәннен өзін іздеп бпсқа бір тіршілік иесінің келе жатқанын қалай сезіп біледі?Өмірінде көрмеген, кездеспеген аталық ұрықтың ішінде 23 хромосома барын қалай біліп қояды? Және олардың өз ядросына сыймайтынын, өзімен бірге келе жатқан 46 хромосоманың тең жартысын алдын – ала далаға шығарып тастау керектігін кімнен сұрап біледі екен?Иман келтірген мұсылман адам осы кереметтің бәрін дана Құдай жалғыз өзі жасап тұр деп, шүбәсіз айта алады. Бір ғана жыныстық клетканың ішінде осыншама қызық оқиғалар бізден тыс өтіп жатыр. Ойлап қараңызшы , әрбір адамның денесінде неше миллиард клетка бар? Бір адам туылып, ғұмыр кешіп, қартайып өлгенше неше миллиард клетка оған қызмет қылады? Әлем бойынша неше миллиард адам ұрпағы бар? Бізге дейін өтіп кеткен адамның санын кім біледі? Заманында сонша адамның тәнін ұстап тұрған бүкіл клетка ұлық Алланың назарынан өтті. Адам ұрпағын былай қойыңыз, жер шарында бізбен бірге жасап жатқан неше миллиард хайуан бар? Соның бәрі дәл осындай керемет түрде өсіп- өнуде. Солардың бәрін бір сәтте жалғыз өзі ұлық Алла қалайша шатастырмай дұрыс басқарып тұр? Ендеше момынның міндеті, осындай құдіретті Құдайдың ғажайып ісіне таң қалу. Сосын Оны мақтап, пәктеп, еске алып жылағаннан басқа жолы жоқ.! « Дүниенің күйбең тіршілігінен мезі болған момындар көңілін кір басқанда , әманда өзінің жаратылысы туралы терең отырып ойлансын» деген. Құдайын еске алғанда ғана оның жүрегі тынышталып, құлшылықпен ғибратты өмір сүруге шабыт табады. Өзінің жаратылысы мен тұқымынан осыншама керемет пен құдірет көрген адамға басқа дәлелдің не керегі бар? Ұлық Алла Құранда: « Адам баласы ұдайы өзінің нендей нәрседен жаратылғанын терең назармен үңіліп, көп ойлансын. Адам ұрпағы сығылып шыққан бір тамшы судан жаратылады. Ол су шешенің төсі мен әкенің белінен пісіп шығады», — деп үн қатады. Ислам дініне терең бойлап, ақиқатты ақыл нұрімен барынша анық көргісі келген талапкердің Құранның осы аятына амал қылғаны абзал. Сонда ғана дінге қызққан жас қазақ Құран мен Исламның рухани қазынасына тура жол табады.

«Үш Қиян» — газетінен

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.