Жұма – мейрам күні

Жұма күндердің ішіндегісі ең қадірлісі, мұсылмандардың мерекесі болып табылады.
Адам пайғамбар жұма күні жаратылды. Жұма күні жұмақтан шығарылады. Жұмақтағылар Аллаһу Та’аланы жұма күні көреді. Аллаһу Та’ала жұма күнін мұсылмандарға арнаған Жұма намазы уақытында сауда – саттық жасау күнә.
Жұма күні жасалған ғибадаттарға басқа күндерде жасалған ғибадаттардан екі есе артық сауап беріледі. Жұма күні істеген күнәларда екі есе болып жазылады. Жұма күндері дұға қабыл болатын бір сәт бар. Жұманың күндізі түнінен қадірлі.
Хадис шарифте былай делінді:
«Мұсылман жұма күні ғұсыл алып, жұма намазына барса, бір апталық күнәлары кешіріледі және әр қадамына сауап жазылады». «Сенбі күндері яһудилерге, жексенбі күндері христиандарға берілгені сияқты жұма күні мұсылмандарға берілді. Бұл күні мұсылмандарға қайырым, береке және жақсылық беріледі». «Жұма күні қайтыс болған мүміндерге шәйіттің сауабы беріледі және қабыр азабынан қорғалады». «Күндердің ең қадірлісі – жұма. Жұма мереке күндерінен және ашура күніненде қадірлі. Жұма дүние мен жұмақта мүміндердің мерекесі». «Ата – анасының немесе екеуінің бірінің қәбіріне әр жұма сайын баратын адамның күнәлары кешіріледі. Ақыларын өтеген болып саналады».

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.