Садақа

Садақа (салт). «Садақаны сауда бер» (мақал). Жетім – жесірге, кәріп – қасерлерге немесе дін жолына ақшалай, заттай берілетін құдайы. Садақа беруші адам өзінің үй – ішінің амандығына қол жайып бата тілейді және «батаңыз қабыл болсын» деп бет сипайды. Мүсәпірлерге қайыр садақа беру әр мұсылман баласы үшін міндетті болып саналады. «Садақаға берсеңдер – құдайыға құлшылық етіп, ешқайда шықпайтын, алыстан ешқайда бара алмайтын жоқ-жітікке беріңдер» (Құран кәрім). «Садақа бергеннен пенденің малы кемімейді» (Мұхаммет Пайғамбар).

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.