Ұшықтау

Ұшықтау (ғұрып). «Кәрі әжем естімейді нана берсін. Берейін өлеңменен шын ұшықтап» (Абай). Тамақтан, желден, иістен ұшынған адамдарды ұшықтау ертеден келе жатқан емдеумен ырымның бір түрі. Мысалы, жығылған адамның бір жері қатты ауырып қалса, сол жерде «кет, пәлекет, кет!», «Ұшық – ұшық» деп ұшықтайды. Немесе ауыруды күн батар алдында «жер ұшық» беріп, яғни жерге екі — үш рет жығып ұшықтап, үйге әкеліп жылы жауып тастайды. Көз тигенде «сұқ – сұқ» деп, тіл тигенде «тіфә — тіфә» деп ұшықтайды.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.