Зікір

Зікір (әдет-ғұрып). «Міне, бүгінгі кеш зікір сала бастамақшы» (С.Торайғыров). Негізінен зікір салу бақсының ісі. Олар жын шақырғанда, адам емдегенде, дерт көшіргенде, бал ашқанда, болашақты болжағанда зікір салады. Кеңес өкіметі үйреткендей бақсылық, алдау, арбау емес, ол-табиғи қасиет. Бақсының зікір салуы, от ұстауы, қызған темірді тілмен жалауы, жылан ойнауы, көз байлауы ғажайып құбылыс, ерекше құпия сыр. Зікір кезіндегі олардың түр-түсі де, қимыл-қозғалысы да тым ерекше. Тағы бір ерекшелігі бақсылар халық сеніміне де ие болған. Бұрынғы адамдар, үлкен қариялар бақсылық өнерді жоққа шығармайды.
     

Қазақ даласында көріпкел бақсылар көп болған. Солардың ішіндегі ең белгілісі және құрметтісі –Қойлыбай бақсы. Сол сияқты ырғыздық әбеу бақсы, әулиекөлдік- Көк дөнен атанған Қайырбек бақсылар өмірде бертінде өткен адамдар.
       Зікір салу кезінде бақсылардың өзіндік сарындары болады. Мысалы:
 …Жер жүзінде әулие,
 Күн көзінде әулие,
 Машырапта әулие,
 Мағырапта әулие,
 Тауда жүрген әулие,
 Таста жүрген әулие,
 Шөлде жүрген әулие,
 Көлде жүрген әулие…
 Алпыс қойдың терісінен,
Бөрік шықпаған шарабас,
 Жетпіс қойдың терісінен,
 Жең шықпаған шара бас,
 Тоқсан қойдың терісінен,
 Тон шықпаған шара бас…

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.