Сүйіндір

Сүйіндір (салт). Келіншек босанғаннан кейін оның анасы кәде, жорасын алып әдейі келуге тиіс. Бұл – қалыптасқан салт және ананың міндетті парызы. Мұны қызын қияға қондырған әр қазақ әйелі білуге және орындауға міндетті. Ана болған өз баласының (қызының) қасында болып, оған рухани күш беріп, сенім туғызып, жас сәбиді емізу, күту жолдарын үйретеді, ақылшысы, сүйеніші, қамқоры болады. Құда – құдағиларының немерелі болған қуанышына ортақтасады, нәрестеге арнаған бұйымдарын, сәлем — сауқатын ұсынады. Құрметті қонағы да болады.

Перзентті болған қызына анасының арнайы баруы ежелден келе жатқан жоралғы екенін жұрттың бәрі де растайды. Алайда, бұл салттың қалай аталатынын қариялардың өздері де дәл айтып бере алмайды. Кеңес заманының кесірі көп нәрсені ұмыттырыпты. Солай бола тұрса да біз осы салтты «сүйіндір» деп атадық.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.