Келін көңілі (салт).

 

Келін көңілі (салт). «… қазақтардың санасында жас ананың көңілін көтеру деген салт та бар» (Т.Тілеубекұлы). «Бір аяғым көрде, бір аяғым жерде» деп көңілі күпті жүретін екіқабат әйелдің қас-қабағына қарау, оның көңілін орта түсірмей, аялап ұстау. Қазақ ұлтының қашаннан бергі қалыптасқан қасиетті қағидасы. Әр отбасы, әр адам «күмәнді» келіннің көңіл-күйінің көтеріңкі болуыүшін қызмет етеді. Ол үшін ауыл – аймақ  жастары мен келіндері «келін көңілі» деген кеш ұйымдастырады. Мал сойылады, ақ бауырсақ пісіріледі, сары қымыз сапырылады. Әнші, күйші қыз – жігіттер жиналады. Әзіл – қалжың, ойын – күлкінің оты дуылдай түседі. Кешке жиналғандардың бәрі екіқабат әйелдің көңілін табу үшін өнері мен қызметін аянбай жұмсайды. Мұны көрген келін де жадырап, көңіліне үлкен сенім ұялайды, денсаулығы да берік болады.

«Келін көңілін» тек келін ғана емес, оның жанындағыларыға игі әсер етеді. Үлкен – кішілер де жақсы ән, сөз тыңдап бір жасап қалады. Кешті ұйымдастырғандарға қарт әже, аяулы ана, еміренген ене кәдесін, жол-жораларын ұсынып, ақ батасын береді. Аталған дәстүрлі салт халық мәдениеті мен өнерінің бір көрінісі.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.