Тобық тығу (дәстүр).

Тобық тығу. «Қазақ дәстүрінде қыз бен жігіттің тобық алысуы құр ғана ойын емес, мұнда екі жастың өздері ғана түсінетін бір терең сыр да бар» (І.Есенберлин). Бұл серттесіп ойнаудың бір түрі. Мысалы, жігіт пен қыз тобық тығып алтын сағатқа немесе қалы кілем беругн серттеседі. Бір жылдан кейін бе, бес жылдан кейін бе тобықты тығуға алған жігіт кез келген уақытта, кезкелген жерде «тобығымды бер» деген жерде қолына ұстата беруі керек. Егер жігіт тобықты тауып бере алмай қалса – ұтылғаны . Ол уәде бойынша серттескен затын беруі керек. Тобықты тығуға жігіттер де қатыса алады. Бұрын мұндай ойындар ел арасында көп болған. Бұл ойын ұқыптылыққа, бір сөзділікке тәрбиелейді. Мұның арты қыз бен жігіттің сүйіспеншілігіне, қосылуына жалғасады. Тобық тығуда қызықты оқиғалар да кездеседі. Солтүстік Қазақстан облысында бір жігіт сүйген қызына тобық ұсынған. Бірақ жігіт көп ұзамай Ұлы Отан соғысына аттанады. Үйіне «хабар – ошарсыз кетті» деген хабар келеді. Ал жігіт жау қолына түсіп тұтқында болады. Соғыстан кейін «тұтқында болды» деп еліне жібермей тағы айдалады. 12 жылдан соң еліне оралып, жігіт қыздан сертін сұрағанда салиқалы қыз тобықты ұстата беріпті. Содан екі жас қосылып, тату – тәтті өмір сүріп кеткен екен (Ораз Ілиясұлы «Ана тілі» газетінен).

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.