Ата жолы — Ар жолы

Ата жолы - Ар жолы

Қазақ елі назарында Алланың,

Ата жолы-ардың жолын таңдағын.

Бізге жеткен аян болып тылсымнан,

Аманаты ол — Арыстан баб бабаның.

 

Қайырмасы

Адал жандар тебіренсін толғансын,

Өз антыңа адал болу ол да сын.

Біз таңдаған ата жолды,ақ жолды.

Ғайып ерен қырық шілтен,

Қыдыр баба қолдасын!

 

Ата жолдан аттап кеткен оңбайды,

Аруақтар тазалықты қолдайды.

Аластайық әзәзілді мәзірден,

Аз ғұмырда адасуға болмайды.

 

Қайырмасы

Адал жандар тебіренсін толғансын,

Өз антыңа адал болу ол да сын.

Біз таңдаған ата жолды,ақ жолды.

Ғайып ерен қырық шілтен,

Қыдыр баба қолдасын!

 

Ата жолдан сертімізде тұрамыз.

Неге біздер сынақтардан сынамыз!?

Берік ұстап ата-дәстүр салтымды,

Жамандықты жер бетінен сызамыз.

 

Қайырмасы

Адал жандар тебіренсін толғансын,

Өз антыңа адал болу ол да сын.

Біз таңдаған ата жолды,ақ жолды.

Ғайып ерен қырық шілтен,

Қыдыр баба қолдасын!

 

Артта қалды қыйын кезен “Ақтаңдақ”

Ата жолы-болашаққа баспалдақ.

Қазақ елі Қазақстан жерінен,

Адамзатқа “Алтын ғасыр” басталмақ.

 

Қайырмасы

Адал жандар тебіренсін толғансын,

Өз антыңа адал болу ол да сын.

Біз таңдаған ата жолды,ақ жолды.

Ғайып ерен қырық шілтен,

Қыдыр баба қолдасын!

«Ата жолы» жорналы.

2005 жыл, желтоқсан

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.