Ақ бата

Еліңнің қамын ойла деп,
Жеріңді жаудан қорға деп,
Бассын ісің оңға деп,
Боркемік жасық болма деп,
Бабаң берген ақ бата
Басыңа қонсын бақ бата!

Қыдыр кеп қатар қонсын деп,
Ғұмырың ұзақ болсын деп,
Өрісің малға толсын деп,
Жуадай жауың солсын деп,
Атаң берген ақ бата,
Басыңа қонсын бақ бата!

Қызығың сенің алда деп,
Қатарыңнан қалма деп,
Бетінен жанның алма деп,
Жарыңа жара салма деп,
Анаң берген ақ бата,
Басыңа қонсын бақ бата!

Құйрық-бауыр жегізген,
Мың жылдық құда дегізген,
Үстіңе шапан кигізген,
Астыңа жорға мінгізген,
Құдаң берген ақ бата,
Басыңа қонсын бақ бата!

Кісісіз күнің құрысын,
Үйіңе өзің ұрысын,
Қырықтың бірі Қыдырың,
Бақ, дәулет сенің ырысың.
Қонақ берген ақ бата,
Басыңа қонсын ақ бата!

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.