I. Ата жолы және ел билеу саясаты Құдайсыз қурай сынбайдының себебі

Дін білімі және  жалпы іргелі білімдердің бәрі; белгілі бір шектердің ішіндегі қозғалыс, құбылыстардың тәрбін, метафизикалық пайдалы қуаттардың басқару тетіктерін меңгеру заңдылығы. Іргелі білім жүйесін; өмірге, тұрмысқа, шаруашылық істерін меңгеруге қажетті қуаттық жүйелерді меңгеріп, пайдалы әрекеттерге, құрылғыларға, құрал, қаруларға айналдырумен байланысты және тылсымдық қуаттарды адамзаттың білімі арқылы басқаруға қызмет етеді. Сондықтан білімнің қайсысы болса да, адамзаттың өмірі, жер бетіндегі бақытты өмір сүруіне байланысты белгілі бір шектері болғандықтан шартты болып табылады. Себебі нақты істермен шектеліп, бейнелумен ғана пайдалы, зияны анықталады. Шариғат адамзатқа ортақ шартты тұрғыдағы дін ісінің білімінен, амалға айналған әрекеттердің ғибратты үлгілерінен ғана туындайтыны да сөзсіз.

Олай болса шариғат, масһаб сияқты дүние тіршілігіне байланысты білімдердің, ірігелі білімдермен келісімді түрде адамзаттың тіршілік өмірінің жақсылықтармен, ізгіліктерге айналған қажетін ғана өтеуге қызмет етуі тиіс. Енді адамзаттың болашағындағы белгісіз, бүгінгі тұрмысытық, дүниелік істерінің жақсылықтарымен өлшеніп, бейнеленіп көрнісі болмайтын және кітаптық білім тұрғысындағы да ақиретік біліммен көп, аздығымен анықталмайтын, өлшенбейтін, адам баласының белгілі бір құпия тағдырына, қаситілік жағдайына ғана байланысты құлшылық әрекеттерімен, даналықта жетілумен, рухани кемелденумен байланысты ғана анықталатын, түсіндірілетін ілімдік сипатын; дін ісі және іргелі білімдерді меңгеру дәрежесінен бөліп қарастыруды қажет етеді.

Сондықтан да мұндай ілімдер жүйесі метафизикалық тұрғыда ғана шартсыз кеңістікті түсініп, меңгеруге негізделген. Әр нәрсенің жұбы болып; дін біліміне барлық іргелі білімнің жүйесі жұбын құрап, әрі қарсылығы болып табылады. Сол сияқты дін ілімінің жұбы әрі қарсылығы философия  ілім жүйесі болып табылады. Бұл төртеуі өз ара бір-біріне қарсы, әрі толықтырып, әйел еркек сияқты бірге өмір сүруге тырысуы керек. Енді дін ілімі жанды жетілдіруге, көбейтуге, ішкі сезімдік қуаттарды меңгеруге әйелдерге тән Мариям, Інжіл болып, иманың негізі әйелзатынан дегенді. Мысалға ұятылық деген қуаттың білім тұрғысында қандай өлшемде болатын, оның адам жанына, рұқына әсерін, пайдасын біз ешқандай да біліммен тапқан құрал,саймандармен де анықтай алмаймыз.

Сондықтан да ақылымызға ілімнен қуат алмағанда, онда ақылдың біліміміздің жетістігіне ғана негізделіп қалады.  Демек біліміз жетілген сайын, ұятты мүлде қажет етпейміз де, оның орына хайуандық әдеттерді әдепке, өмір сүру жеңілдігі салтына айналдырып аламыз. Сенім қуаты білім арқылы ғана пайда болады, және білім арқылы белгілі бір жындық топпен байланып шектеліп қалады. Сенімді мұндай негізделуден, шектеулуден шығаруға  дін іліміне жататын иманның  құдайлық ұяттылықты меңгеру арқылы ғана мүмкін болады. Ол үшінде дін әдебінің, шариғаттың ұятылық әдебін, шектерін сақтау әдетін  логикалық, қисындық ілімді меңгеру, яғни діл білімімен 4-жақты кеңістікті меңгерумен ғылымнан суатылық деп аталады.

Біздердің қанымызда діл білімі ана сүтімен, аналарымыздың қандық тегімен жазылған діл білім болып аталғанмен, негізде ғылымға, ілімнің сипатына жатады. Оны білім арқылы өлшеп анықтай алмаймыз. Дін шариғатымыздың өзі екі жарты ілімен, білімнің бірлігінен тұратыны да сөзсіз. Масһабтардың пайда болуы да заманға қарай білім жүйесімен ілімді қатар меңгерудің әдетін қалыптастырудан пайда болып, бірақ онан да кейін дін өркениетінің дамуына сенімді тұрақтандырып, ал иманың заманға сай қуаттық жалғану дәстүріне, сенімді тазартып тура жолдарға жалғануға қарсылыққа да түсіп алған. Тек қана иманың жартылық ілім негіздерін ғана меңгерумен шектеліп алғандары да хақ.

Ал иманың жартысы түйсіктік, ойшылдық қасиеттерді, тереңдік, биіктіктерді меңгерумен еркектерге тән; тектілік сауатылық деп аталып тіл білімен байланысты;  «Сауат пен суатылық -Екі жарты бір бүтіндік қағидасы»-деп аталуы керек. Тіл білімі рұқтық негізбен қуатанса, діл білімі жандық, сезімдік қуаттық жүйені меңгерумен байланысты болады.  Бұл екі негіздің де іргелі білімдерімен жетілдіріп отылуы да шарты болуы керек. Оған дәлел әр ұлттың тілдік сипаты үнемі жетіліп, таңбалары артып, біліммен қоршаған ортаны, жаратылысты тануға байланысты жаңадан сөз ұғымдары қосылып дамып отыруы да заңды. Ал бұл саланы зертейтін әр ұлттың азаматтық ғылым мектебі, философиялық ойшылдық негіздері болуы керек. Енді мұндай ұлттық мектебінің өркендей алмауынан дін насихатын меңгеруде қарсылыққа, қайшылыққа түсіп рухани дағдарысты, онан қияметік жағдайдың туындауына себеп болады.

Онда сөзіміз дәлелді болу үшін құранның философиялық насихатын жүгініп көрейік. Жаратылысымызда;  Діл білімнің сарайы екі көзбен жүрек көзі болып ашылса,  ал рұқ негізі  сыртқы ортамен, терімен, бой өрісімен байланысты екі ерінде бейнеленіп, бір тіл арқылы бірленеді.  Құранда; «Оған екі көз жартпадық па, әрі бір тіл екі ерін? Оған екі жол көрсетпедік пе? Оған екі жол көрсетпедік пе? Сондада ол, кедергіні асуға тырыспады?» (90-11) деп ескерткенді. Олай болса, адамзаттың ақылының асуы екі жолы, екі естілік ой қуатын, ақыл жүйесін жолын меңгеру сипаты болады.

Естіліктің негізі; Ана тілімен -ділімен байланысты, әр ұлттың философиялық, ойшылдығы аталар жолы, тарихы, шежірелік тектілік жолы болып саналады.  Екінші естіліктің шарты; дін жолын меңгеру арқылы замандық білім, ілімнің ортасын тауып, сөзіміздің ойы бір тілмен,  үнімен жүйеленуі шарт. Және осы екі жолдың кедергілерінен асу арқылы ғана ортасынан таза ақылға жалғану есігін табуымыз керек. Сонда ғана  тура жолға жалғанумен бір естіліктің сипаты пайда болады. Олай болса, Ханафи масһабын ұлттық тұрғыдағы ділсіз, тіл білімінсіз, екі жолдық кедергіні меңгермей, дін ісінің ілімін, мың жыл өткен әулиелер білімін, қарсылықсыз таза ақылдан, тура жол, деген надандық, әрі ібіліс ұрпақтарынан деп түсіну керек.

Енді философия ілім ойшылдықпен, шешендік, билікпен Зәбурлік тұрғыда жаратылысты басқаруға байланысты еркектерге тән болуы керек. Мұны құранда Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарларға ғылым берілді деп ескерткенді.  Сондықтанда қазақ дәстүрінде сопылықты меңгеруді еркектердің үлесінде болып және ойшылдықты,философияны терең меңгерумен де байланысты болғанын ұмытпаған абзал. Мұндай іліммен білімдер жүйесінің қарама қарсы екі жолдың әр қайсысы екі іздерден тұрып; «Төртеуді түгелдеу», «Төрт көздің түгелдігі», «Төрт жақты меңгеру» болып, екі жолдың ортасында, төбеден биіктікті меңгерумен, жалғанумен байланысты,  Құдайлық таза ақыл тұруы шарт.

Қазіргі таңда әлемдегі барлық дағдарыстардың ілімен білімнің қайшылығынан, екі есті даналықтың өз ара ортақ келісімге келе алмауынан, төртің бесін немесе екі жолды толық меңгеріп ортасын таба алмаудан, яғни  қателік философтар мен білімді қауым мен  дін ғалымдары тарапынан бір ойлау жүйесіне келе алмай, сөз ұғымдарының, сөз түзеу өнерін тастап қойғандықтан, дін насихаты да адасуға түсуіне себепші болды. Сонымен қателік, тәкпарлық, екі естілік ақыл екі жақтан да шығып, Құдайсыз шартсыз ой, таза ақылмен нұрымен өлшенбей; біріміз ілімімен, біріміз біліммен ғана пайымдап, оның ішіндегі ойдың үнін таба алмай, жалпы әлем жұртын адасуына ғана соқтырғаны хақ. «Құдайсыз қурайда сынбайды» деген аманатты жоғалтып алдық. Бұл жағдайдан барлық әлемнің білімдері мен ілім деректерінің білімдері тоғысып жатқан қазақ елінің оңай жол тауып шығуға мүмкіндігі мол. Бірақ түнек күштерінің ықпалына түсіп алған, ел билікпен, білімді қауым өкілдерінің Құдайдың азабын тартып, тәубесіне келіп аян, уахина құлақ салуға меңгеруге талпынбай, қияметтік жағдайдың онан әрі ушығып, ажалдың қылышы халықтың төбесінде ойнай беруі де шарты жағдай . (жалғасы бар. Тамыз 2016 жыл)

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.