I-Дінаралық татулық – тәуелсіздіктің тірегі

Жалпы әлемдегі қандайда бір діндердің, қоғамдық ұйымдар мен, философия, саясат, ел билеу істері т,б бірлестіктердің мақсат мүделері де бір арнада тоғысуымен ғана қандайда бір адамзат қауымының жер бетіндегі аз ғана ғұмырында бақытты өмір сүруді қалыптастыруы керек. Барлық ғылым,білім салалары мен өнер, шаруашылық даму істері өркениет, мәдениетте адамзат қауымдарының жер бетінде өзін ерікті, тәуелсіз, еркін сезініп қалаған ісімен айналысып, артында ұрпақ қалдырып, Адам деген ұлы есімге лайық болуымен ғана көрнісін табу керек. Олай болса, Адамдықты қалыптастыру тұрғысында әлемге ортақ жараталыстық білім, ілімнің жүйесі, ашық үлгі тәжірибесі де болуы шарт.

Сондықтан қандайда бір адамзаттың меңгерген ілім, білімнің арқасында қалыптасқан өмірлік тәжірибесін; салт, дәстүр, әдеб –ғұрып деп атаймыз. Әрбір ұлттың ата-бабасынан қалдырған мұндай өмірлік тәжрибесін аманат деп атап, заманның түрленуіне өмір сүрудің тірлі әдеттерінің пайда болып, білімнің де салалары, сапасы қуаты артуымен сол заманның ілімді, білімді қауымдарының шығармашылықтары да осы тәжірибені жалғастырумен бірге, оны заманға сай бейімдеумен де байланысты адамзаттың өркениеті қалыптасып отыруы керек. Қандайда бір мұндай дамудыңда ортақ жаратылыстық танымдарының ірге тасы болып; төрт нәрсені негізді меңгерумен байланысты болуы шартты. Олай болса адамзаттың жер бетіндегі тіршілігін қамтамсыз ететін, әрі қорқынышын, қарсылығын туындатын қасіретті жеңіп, рухани тұрғыда меңгеруге негізделген қуаттық жүйе болады.

Олар; 1. Туылу; 2. Өлу; 3. Кәрілік; 4. Ауру; болып табылады. Мейлі қай замандарда өмір сүріп білімді, ілімді болып, адамзаттың барлық тұрмысын жеңілдетуге түрлі айла ойлап тапсақта, бұл төртеуінің де қарсылығы арқылы ғана жақсылығы мен жамандығы қоса дамып отыруыда хақиқат. Сондықтан да бұрынғы замандарда меңгерілген қасиеттерімен, адамдық құндылықтардан бұл заманның қарсылығы да іліммен, білімнің дәрежесі артуымен бірге көбейіп өсуі де заңдылық. Олай болса мұндай қарсылық қуаттарды бұрынғы заман өмірлік тәжрибесінің де алуан түрлі тәсілдерін негізге ала отыра және Құдайдың өзінен таза ақылына жалғанып меңгеруге мәжбүр боламыз. Егер мұны орындай алмасақ, тек қана өткен заман жақсыларына ғана сүйеніп өмір сүрсек, онда құдайшылдығымыздан қарсылық білімнің артық болуымен, адамзаттың зұлымдыққа түсіп, қияметік уақиғаларға тап болуы да хақ.

Сондықтан да Раббымыздың нұрына, құдайдың таза ақылына жалғануға адамзатқа діннің тазасын меңгеруде сынақ болып табылады. Ол үшінде әрбір адам баласы әлемнің құрлысын, табиғи күштердің әрекетінен қорғануға білу ғана емес, оны меңгеріп белгілі бір жағдайға қарай құдайдың көмегімен басқара білуге де тиісті болмақ. Қазіргі таңдағы «шерік қосу, серік қосу» немесе белгілі заңдармен шектеу арқылы зұлымдықтан қорғану арқылы керісінше сол зыұлымдыққа өзімізді құлдыққа байлаумен айналысып жүргенімізді аңғарудан да қалдық. Мұндай адамзаттың тағдырымен бірге өсіп, көбейіп отратын қарсылық күштерді, зұлымдық егелерін, әлемді, жарталстық білімді меңгеріп, танумен байланысты ілімдік және білімділік тұрғысында үнемі зерттеумен, қайтадан тәжірибеден өткізумен алғашқы адамзатқа түсірілген діндердің нұсқасымен салыстыра отыра меңгеруде міндетті, шартты адамдық парызымыз да болуы керек.

Енді жетелік, саналық ақыл-ойда дін немесе ұлттық сипат болмайды деп түсіну керек. Ақыл-ой адамдыққа ортақ құндылық ізгілікті, иманды болуға негізделгенде ғана естілік болып қалыптасады. Ал ақыл-ойдың бірлігін меңгеру үшінде осы төрт негіздің қуаттық жаратылысының негізгі басқарушы жүйесін танымын меңгеру керек. Олай болса, барлық діндердің ортақ насихатына жүгінетін болсақ, жаратылыстық қозғалыс басы төрт түрлі періштеден; Жебірейіл-рух-туылу-өмір, Әзірейіл-өлім, ажал, Зулкафил- жер бетіндегі жаратылыс қозғалыс негізі табиғаттық, заттық, тәндік түрленуді; өсіп-өну, күш-қуаттар негізін яғни біздердің өмірлік қуаттарымыздың ақ бастаулық, рухани азығымызды құрайды деп түсіндіреді.

Исрафил- екі аралық қозғалыстың желді және табиғи апаттар, тылсымдық қозғалыс, түрленумен жаратылыстық қуаттардың өмір сүруіне ықпал етумен бірге, ауру т,б сынақтар болып бейнеленеді. Сонымен біздің тәндік негізіміз Зулкафилмен жер өнімдерімен, тіршілік егелерімен байланысты болса, ал қалғандары есті білімдіге түсінікті де жағдай. Осы төрт түрлі қозғалыс негізін жоғарғы төрт жүйенің пайда болып және оны меңгеруді барша жер бетіндегі өмір сүрген, сүретін де адамзаттың замандық, дәуірлік тағдыры десек те болады. Енді адазат қауымдық, ұжымдық, ұлттық тұрғыда бұл қозғалыс негіздерін діндері арқылы меңгерумен байланысты өз ара ұлттық құндылықтарын сақтау арқылы ғана жарысудан адамзаттың бақытылығы да қайғы-қасіреті де яғни қарсылық жағдайында тіршіліктік өмірінің жағдайы пайда болады.

Дін тұрғысында немесе әдет-ғұрып тұрғысында белгілі бір кезеңнің жақсылығын алып бірлікте болу мүмкінемес, әрбір ұлтың өз жеріндегі бейнеленген екі аралық қарсылықтарды ата-баба тәжірибесіне сүйеініп меңгеру арқылы білім арқылы әлемдік тұтастықты қалыптастыра алатын ақыл мен ойға бірлікті іздеуі керек. Сондықтан да әр халықтың өлімге деген көз қарасы ойшылдық, шығармашылық негізінде бір арнада тоғысады. Ал біздердің, түркілердің өлімді рухани тұрғыда көзқарасымыз Қоқыт бабамыздың өнер арқылы қарсы тұрған астарлы насихатынан үлгі алып, өлімді жеңіп, онан да пайда табумен, ауырмайтын жол іздеп, өлімнің себептеріне қарсы тұратын қуаттарды меңгерумен, кәрілікке қарсы тұрумен, яғни ата дәстүріне сай дұрыс қартая білумен тек құпия болған қайта туылу туралы да дін ілімін, жан ғылымында меңгеруіміз керек.

Дін насихатында адамзатқа үміт беріп, өлгенен кейін қайта тіріліп жер басып өмір сүріп өзінің келесі өмірге жинаған қазынасын пайдалану мүмкіндігі барын, болашағын бақытты болу үшін дұрыс өмір сүруді үгіттеуімен бірге, өмірлік тәжірибесі тұрғысында үлгісінде қалыптастыру жолын көрсете білу керек. Мұндай жағдайда ғана адамзатқа ортақ міндетті болған дін-жаны амандығының, тағдырдың есебін шығарудың діндердің бірлігін, адамзаттың өз ара туысқандығынан, рухани тұрғыда да айналып өте алмайтынымыз да хақиқат. Енді адамзаттың атаның емес, адамның баласы аталып қана мәңгі өмір сүруге деген ықласын ертегіге айналдыратын қарсы білімдердің, теріс ойлардың, ескі кекті қоздырып араздыққа тәкпарылққа шақырыушылардың да әр заманың еншісінде шығармашылығында дамып отыруы да, және өз ара топтасып өмір сүру салты да қалыптасып отыруы сөзсіз.

Мұндай қарама-қарсылық жағдайдың бүлікке, дағдарысқа ұшырауға соқтырып барып, бақытты болуға деген қажетіліктердің қадірі артып, оның жолын іздеумен де түрлі діндердің, философиялық ойлардың да алуан түрлілігі де және оған түрлі амалдар ойлап тапқанымен де оның тұрақты сипатын рухани білімді, Ғиса пайғамбарымыздың мұғжизасын, інжілдік құндылықтарды ғибаратты тәжірибесі әлемге ортақ ілім негізіне алып, әлемдер діндерінің бірлігін қалыптастыра білген халық қана бақытты саналмақ десек оған сенушілер де аз екені хақ. Қазақ ел билігі тарапынан бұл саясатты ұстануға тырсқанымен бірақ нәтижесін бермек түгіл жыл сайын діндердің қақтығысы ушыға түскені де хақ.

Ал мұның басты себебі де әрбір заманға сай түрлі өмірдің қызықтарымен, жалған бақыттылық білімдері мен әдет-салттары пайда болып, мұндай біздерге қалдырған ата-бабаларымыздың тәжірибесін қайтадан ғибратты үлгісін көрсете алатын дарынды қауымның өмірге келуін қажет етеді. Олай болса тек қана білімге ілімге және өткен замандағы бір кезеңдегі әулиелік үлгіге ғана сүйенгенмен осы заманың қарсылығы мен зұлымдық күштерді меңгереу мен күнәдан ақталып, рухани қайта туылу мен өлімді меңгеруді сыры інжілде болып; мәңгілік өмірге жолдама алудың сырын баяндағанмен, қазіргі таңда енді оған ақылын ертіп өміріне үлгі қылатындар аз ғана. Және оның құлшылық намаздарының қасиетілігін христян халқының өзі жоғалтып алғаны да хақ. Ал өмірге адам болып туылғанан кейін, қалайда өлу міндетті, сондықтан да ажалды айналып өткен ешқандай жанды мақұлық жер бетінде жоқ, ал болашақта болуы да мүкін емес. «Сендер өлер алдында Ғисаға міндетті түрде жолығасыңдар» деп ескертіпті Раббымыз.

Олай боса, барлық діндердің бірлігі де өлімді меңгерумен, алайда еріксіз түрде інжілдік ортақ құлшылығын алумен қалыптасатыны да хақиқат. Сондықтан құранда әлемдік уақиғалардың бәрі санмен белгіленіп, бір жүйе болып бекігенен кейін, мұны адамзаттың ортақ тағдырлық кітабының негізі деп санау шарт. Құранда баяндалған уақиғалардың әлемді айналып жүретінінде ескертеді Раббымыз. «Өмір кезек», «Тарих дөңгелегі кері айналмайды» дейміз. Алайда әлемнің барлық уақиғалары біздің ата-бабаларымыздың өткен заман уақиғаларына қосылып, біздің өмір сүрген заманың тағдырын құрап, білім, ілім арқылы қайта меңгеру де біздер үшін сынақ болмақ. Шардан, нүкте нүктелерден күн болып жарыққа айналмақ. Адам баласының тәнін, ағзаларын ренген сәулесі арқылы тексергенде осындай сегіз шарға тоғызыншы жүректе болатынында көруге болады. Осындай дәлелдермен әрбір адам баласы әлемнің көшірмесі сегіз түр-дініңде жүйесі болуы да хақ.

Бірақ мұндай адамзатқа ортақ міндетті жағдайды өз ара ортақ дін құлшылығының тағдырына айналуымен, әлемге ортақ дін әдептерінің, сәждесінің, ізгіліктер арқылы дін бірлігінің ортақ жүйесінің жаңадан құпия сыр аяттарын, дарындылық қасиеттерді меңгеріп, өмір тәжірибесіне айналдыруға білім арқылы адамзатты ібіліс сарбаздарының, шайтан жамағаттарының азғыруы да өз нәтижесін беріп жатқаны хақ. Және дін топтарың белгілі бір заман жақсылықтарына ақылдарын байлап, тек осы үлгімен өмір сүрсек, бізге ерсеңдер бақытты боласыңдар деп, бір діннің ішінде өз ара қайшылықтарды туындатуыда білімді, текті аталған ібілістің ұрпақтарның азғыруынан деп білген жөн. Сондықтанда мұндай бүгінгі заманың талабына сәйкес келмейтін ертегіге айналып алған дін үлгілері ақылмен қабылдағанда бүгінгі заманның өмірдің тәжрибесіне ғана сүйенгендіктен, оған қарсылық блдіріп және өмір сүрудің ібілістік білімділік тәжірбиесін, яғни өлімнен құтқару жолы, ажалға қарсы тұрудың амалы; «рахат пен ләззат қана» деп көбірек рахаттану, ләзаттың дүниелік қызықтың бәрінің дәмін татып көрумен алданумен, өлімнен өш алғандай сезінеміз.

Ал кәрілікті жеңбек болып, ұзақ, мәңгі өмір сүруге құштарлық жанның талабымен; ғылым-білім саласында қаншама нәрселерді, дәрілерді ойлап тауып, ағзаларды да ауыстырып алуды меңгердік дегенмен әзірге онан да баққытты болудың дұрыс нәтиже аз, дәрігерлік тәжірибеге сүйеріп дұрыс қартая білудің де жоққа ғана тән екені белгілі болды. Ал, енді дін тәжрибесіндегі сенімге жүгінсек, тарихта өткен уақиғалардың танымында; керісінше дін қағидаларын меңгеру арқылы ұзақ жыл өмір сүріп, кәрілікті дұрыс меңгеруге болатынынан дәлелдеген тарихта, жер әлемінде адамдар қауымы жеткілікті. Қазақ халқында да, бұрынғы қасиетті бабаларымыздың тоқсан жасында да өмірге ұрпақ әкелу қабілеті болып, тоқсанбайларды да өмірге әкелудің де сырында осындай кәрілік жасына келіп жастық, рұқтық, жандық қуаттарының жастық қалпын сақтай білуінде екенін мойындай да білген жөн.

Олай болса текті бабаларымыз, қасиетті аналарымыз ауруды да жеңе білген, ауырмайтын жолды меңгере алған десек жаңсақтық емес. Ал қазіргі білімді заманның жағдайында кәрілікті меңгеруді және аурудан, мүлде ауырмайтын жол табуды, діннің көмегінен бас тартып, дүниелік ғылымның біліміне ғана сүйеніп, керісінше әлем халқы аурудың санын артырумен ғана нәтижесін беріп жатқанын, адамзатқа ғалымдарға неге мойындату да қиын, деп сұраңыз. Және осындай біліммен қаруланған, өмір сүруміздің тұрмыстық жағдайы жүздеген есе жақсарған жағдайда, әйелдер қауымының жыныстық, көбею қабілетінің жанының тез қартайып, қырқында бала тууға қабілетті әйелзатын енді неге өте аз кездестіреміз? Өткен заман тарихына сенсек, бағзы замандағыдай Сара анамыз сияқты 90-жасында бала тууға қабілетті кемпірлер бүгінде жер әлемінде де жоқ шығар. Олай болса, біздер жаратылыс әлемімен жалғанумен табиғатпен тұтастықта өмір сүруді, өлімге, ауруға, ерте басталатын кәрілік себептеріне, қарсылықтарына қарсы тұруды жоғалтып алғанбыз. Демек дінімізде таза болудан қалған.

Осындай жағдайда енді барлық діндерге ортақ ұғым болуға тиісті; қайта туылу дегенің әрбір адам баласының жер бетіне қайта өмірге келуі «реинкарнация» заңдылығы туралы да ғылымда және әсірсе ислам дін білімінде мойындау түгіл, тіптен жалпы жан туралы мағлұматты да толық меңгере алғанымыз жоқ. Бірақ әлем діндерінде бұл заңдылықты мойындап өмір сүру арқылы да бақытты болуды меңгерудің тәжірибесі бар. Егер бұл заңдылық ілім тұрғысында адамзатың өмірде , тарихында бар болса онда исалмда жоқ дегенміз де негізсіз. Себебі барлық әлемнің тарихы, дін шежірлерінен толық ислам дінін құрауы шарт. Енді бұл заңдылықтарды жетелі ақылмен ғана пайымдап, ойлана білген әрбір адам баласына тарихтағы уақиғалардыңда жеке адамдардыңда өмірде тағдырларның қайталанып ұқсауынан онда сол замандағы өлілердің тағдырларының әлеммен бірігу үшін біздердің жаратылысымызбен, рұқ жанымызбен бірге келетінін сондықтан да адамзат әлемдегі барлық өмір әдептерін меңгеруге құштар және қабілетті екенімізде хақ.

Заман уақиғалары қайталатын болса, адамзатың тағдырының қайталануы да болса онда мұны адамзаттың жанының, рұқ, нәсілінің қатысуы әрекетінсіз болады дегенде ақымақтық, надандық болмақ. Олай болса «реинкарнация» деген заңдылық емес пе? Және Құранның жүздеген аятымен, біздерді бұрынғы өлілерден қайта тірілтіп жаратқанын, сосын өлтіріп, әркім өз сыйын немесе жазасын алу үшін қайта жер басып өмір сүргізетінін ашық баяндағанымен, ислам діншілері, ғалымдары мойындаудан бас тартады. Бірақ әйтеуір бір заманда қайта тіріліп бақытқа кенелуді ертегідей насихатайды. Ал жаннатта, тозақта жер бетіндегі адамзаттың тіршілік өмірімен байланып тұрғанын неге ақылмен пайымдауға құлықсыздық танытады? Олай болса бұндай діндер топтары ақыл –ойдың бірлігіне, адамзаттың туысқандығына қарсылық білімді таратумен, ібіліске қызмет қылғандықтан да діндер бірлігінің ортақ қағидасы ұғымынан, ислам бірлігінен де бас тартады деп түсініу керек болады.

Сондықтанда құранның тұтастығын алмай, аяттарын бөлшектеп алумен, ислам діні түрлі білімге, сенімге негізделген топтарға айналумен және діндердің арасындағы келісім жүйесі ұғымдары бұзылуға соқтырғаны хақ. Демек жер бетінің барлық тұрғындары ақпараттық жетімсіздікке және қайғы-қасіртке ұшырайды да, сондықтанда ақпараттық тұрғыда заманың толғағы басталып, жаратылыста, табиғатта өзгерістер мен қияметтік мезгілдік құбылыстың, қарсылық қуаттардың арасындағы жалғаушы тектіліктің өсіп өнуі, жетілуі тоқтаған. Мұны көркем сөз ағашы деп атаған дұрыс. Көркем сөздің, яғни астарлы нақыл сөз ұғымдарының ойы өзгертіліп тіл білімінің негізі от пен судың өз ара шарпысуына жол беріледі. Мұнан енді жан тұрғысында жетілу де тоқтап, тулу мен өлімінің арпалысы басталып, адамзатта ауру мен дұрыс кәрілікті меңгере алмаудың, ақылдың азып алжуды, жаппай мастықты біліммен, заңмен қадағалап басқару салтына көшіп аладық. Сондықтан дүниенің ісіне, байлыққа мас болып, ақылда алжыған, бірақ білімде жетілгендер тұлға, ел билеуші болып алуына жол берілуі де өмірдің талабы болмақ.

Мұндай жағдайда сөз жүзінде дініміз бар болғанымен, сыртымызды ғана түзеуге қабілетті болып, ішкі дүниеміздің арамнан тазаруын, күнәлі рұқымызды өлімнің сатыларынан өткізіп ақталудың заңдылығы інжілдік құндылықтарды терістеумен де байланысты болмақ. Осындай діннің бірлігінен бас тарту себебінен күнәні, зұлымдықты әдепке алған адамзаттың жынданып мас болуымен байланысты, қияметтік сын сағатының, заманның толғағы келіп, жаңадан рухани өзгерістердің болатынын, жамандықтардың жоғалатынын дін насихаттарында баяндалған. Ал енді мұндай әлемдік, ақпараттық қияметтік мезгілдегі өзгерістің басы, ақ бұлағы болу қазақ халқына бұйрылып, жамандықтардан арылып, күнәмізден жаппай ақталуды, және оны біздердің есті қауымының зерттеп меңгеріп үлгісін әлемге де ұсынуы түгіл, керісінше қарсылық білдіріп, қазір қияметтік сын сағатының азабын тартып жатқан ел боламыз десек, әрине оған да нану да екі талай болар. Сонда да болса ата жолының, қазақ дәстүрінің осы тұрғыдағы маңызын баяндап та көрейік.

Қазақ халқында әлемдер діндеріне ортақ үлгі болатын, бірлігін қалыптастыруға негізгі ұғымды, яғни жартылыстың төрт себебін ақылмен басқарып меңгере алмаудан туындайтын осы төрт қасіретті де меңгерудің нақты әдісін құдайдың өзі үйретіп, оны ата жолында меңгеруге де болады десем, әрине әзірге білімділерге оған нану қиындау болары да сөзсіз. Себебі қандайда бір қозғалысқа, ақпараттық өзгерістерге, міндетті түрде қарсылығы да өзіміздің ішімізден арамыздан пайда болуы да хақ. Сонымен бірге қандайда бір қозғалыстық, ақпараттық себептерді түсіндіру үшінде нақты дәлелдер керек. Қазіргі таңда масһабтық, исламдық діншілер мен білімді, ілімді аталған өз туыстарымыздан, ағайындардан, ел билеушілер тарапынан қудалап, соттап тиым саналғанмен ата жолы атты қозғалыстың мүшелері болған аз ғана топтың дін өркнеитін қалыптастыруда жетістікке де жеттік десек жалған емес.

Қандайда бір мұндай өзгерістердің адамзаттың құндылығын қалыптастыруда ақпраттық тұрғыда білімі болып және бұл білімнен туындаған іс жүзінде бекіген тәжірибелік үлгісі болмаса онда жалғандық деп түсіну керек. Осы жоғарыдағы баяндалып отырған жағдайлардың білімін 15-жыдан бері жазылып 15-шақты кітап түрында халыққа білімді қауымға шамамызға қарай таныстырып келеміз. Ел билігі, дін муфтият тарапынан көмек орына үнемі қарсылық, қудалану болғанымен, тәжірибеге айналдыруда, яғни күнәдан ақталып, замандық дәргерлік білім тәжрибесінде емделмейді, деп табылған дерттердің де шипасын Раббымыздың көрсетумен меңгере алдық. Сол сияқты әлемнің барлық дін құлшылықтарның төрт негізбен намаздық амалдарын құран арқылы ғана атқарылғанда ғана өз нәтижесін беретінін де дәлдей алдық.

Сондықтанда қазақ дәстүрін меңгеруге орыс, неміс, европалықтар және басқа ұлттардың да тартылуына жол ашылып, бірақ оны кешенді түрде атқарып, қазақ дәстүрлі мектебінің негізін қалауға, әлемдегі болып жатқан ислам діншілері тарапынан туындаған бүліктерге, «экстремизмге» тосқауылды қазақ мемлекетінің әлемдердің дін басы, үлгісі болып қалыптасуына бүгінгі ел билігіміздің саясаты мен білімді қауымның ұйқыдан ояна алмауы ғана кедергі болып тұрғаны да хақиқат. Олай болса, қазірге таңдағы біздер үшін бар, көпшілік қауымдар үшін жалған болып көрсетілген бұл дәлелдерді меңгеру де, оны халыққа ғылымын тарқатып жазғанмен, оны қабылдату және тәжірибе түрінде түсіндіру үшінде кем дегенде 50-жыл уақыт керек.

Ал онда оған дейін не істеу керек? Қалай елді нандыра аламыз? Елді надыру үшінде әуелі қазақтың зиялы қауымына, шығармашылық өкілдеріне ата жол жазбаларын, жан ғылымын түсініп оқи білулері керек. Яғни қазақ дәстүрінің сенім білімін меңгермей, имандылық негіздеріне жалғану мүмкін емес. Әрине мұндай сенімділік білімін меңгерумен ғана ойлау қабілетінің біртектілігін қалыптастыра алатын иман атты қуатты меңгеру арқылы, ислам дінінің бірлігінің жүрек арқылы қабылдап түсінуге мүмкін болады. Енді масһабшы, діншілерді былай қойғанда, жалпы зиялы, білімді қауым өкілдері де, ел билеушілердің де бәрі бірдей арсыз, зұлым емес, керісінше халықтың қамын, ел намысын рухани өркендеудің қамын ойлағандардың бәрі де иманды емес пе, неге олар ата жолын тылсымдық өмірді, құдайдың белгілерін түсінуге қабілетсіз болу керек?-деген сауалдың сұранып тұрғаны да хақ.

Шынында біздер сенім мен иманың қуатын, өлшемдерін олардың қандай жағдайда құлшылықта өз ара бірлікте тұратынын білуден қалғанбыз. Неге десеңіз, сенім белгілі бір білімнің жағдайына қоғамдағы ортаға байланысты, белгілі бір діндік көзқараста болуды білдіреді. Ал иманның діндерге бөлінбейтін құдайлық таза ақылдан нұр болатынын білген жөн. Олай болса мынау христяндық, зәбурлык, тәураттық, иеговалық немесе исламдық, буддалық иман деген ұғым жоқ дін насихатарында да, жалпы жаратылыста да. Иман адамзатқа бірдей махаббатың дәні болып, біздер ана сүтімен немесе тектілікке жалғанумен көктегі жұлдыздар арқылы аламыз. Ал аспан мүлкін дінге, ұлттарға, жер бетіндегі мемлектерге де жекеменшікке де айналдырып алуға ешқандай негіз жоқ. Сондықтан қазақ елінің өз ара топтарға бөлініп алып, иманды тек біз арқылы аласыңдар дегені де жалғандық.

Енді иман мен сенімінің ерекшелігін жалпы білімдік жүйесін ата жолы сайтында (http://btk.atazholy.kz/) талдау беріліп, Аба атамыздың өсиетінде құран арқылы (http://btk.atazholy.kz/иман-және-махаббат/) тәпсірлеп баяндадық. Сонымен бірге Шәкәрім атамыздың сопылық насихаттарын, өлеңдерін бүгінгі заманмен жалғап көрдік (http://btk.atazholy.kz/шәкәрім-және-дәстүр-дін/). Адамзаттың ілім тұрғысында дін ұстанумен, білімді меңгеру арқылы да жаратылысты танып, оның құпия сырларын ашуда ғылымды меңгеруге тиісті ортақ ұғымдары қалыптасуы керек. Сондықтанда Абай атамыз, «Ғылымсыз адам хайуан…» деп ескерткен. Ал енді қазақтың бүгінгі қоғамдық көзқарасында ел билеушілерміз; ғылымды тек тіл біліммен үш тілмен ғана меңгеруге болады десе;ал білімді қауымдар білім арқылы ана тілін толық меңгеруге болады деп, діншілеріміз Ханафи масһабынан бастап, түрлі ағымдағы көзқараспен ғылымды текті әулиелік қасиетті, тақуа болуға шақырады. Енді бұл көзқарастар арқылы да біздер әлемдік бірлікке келу түгіл, бір ұлтық негізде де өз ара да тату елдің біртұтастығын құра алмаймыз, ғылымсыз айуандықты әдеп, салты қылуға жарысамыз да дәстүр деп ат қоямыз…(жалғасы бар Қыркүйек айы 2016 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.