III-Дінаралық татулық – тәуелсіздіктің тірегі

Ата –бабаларымыздың армандап кеткен қазақ ұлты тұрғысында дербес мемлекет құруға деген аманаты; осы заман ұрпақтарының еншісіне тигені де хақ. Бірақ тәуелсіз ел тұрғысында дүние шаруашылық, өнер, әскери қорғаныс күшімен, шек арамызды бекітіп алғанымызбен рухани дербестігіміз болып, ата заңымызды ата дәстүрін қорғауға бағыттай алдық па? Әрине ата дәстүрінің жанашыры болсаңыз, онда жоқ дейсіз. Демек бес күндік жалғандыққа ақылыңыз байланбаған, жетелік ақылдан хабардың барлығынан қайратыңыздың тазалығынан белгі. Жалпы мемлекетіміздің рухани дәрежесі қайрат, жүрек, ақылдың бүтіндігі мен жетелі, саналы қауымдардың ел билеу саясатын басқару жағдайымен өлшенуі керек.

Қайраттылығымыз еңбекші бұқара қауымы болса, ал жүрегіміздің тазалығы, саналық ақылмен өлшеніп; ол негізінде қазақ елінің іс басындағы, ақпараттық жүйе мен шығармашылық өкілдерінде, ақын, жазушылар, ғалымдар, дін имамдары мен ақсақалдар, үлкендер қауымының, ақ жаулықты аналарымыздың рухани жағдайымен, ата дәстүрі аманатын сақтап ұстанумен көрнісін беруі шарт. Бірақ қазақта мұндай қауымдықтардың басым бөлігінде, ел басшы, дін басшы ғалымдарда да сана түгіл жетелік ақылдыңда жоғалағанына дәлел жеткілікті. Жалпы бұқра халықта «Әй дейтін әже, қой дейтін қожалардың» үлгісі мүлде жетіспейтіндігінен жүректің тақуалығы, имандылық туралы мақтануға мүлде болмайды.

Жалпы қазақ елі бес күн жалғандықпен ақылымызды дүнеие байлығына, білімді қазық қылып ақылымызды арқандап қойғанбыз. Сондықтан ана тіліміз бар болғанмен жалған сөйлеу әдебін білімділік қылып, сөз ұғымдарын ой терістеп алғандықтан ман, жете, сана тұрғысында бір-бірмізді түсінуден қалдық та өз ара түсінісуіміз дүие істермен, күн көріспен, атақ, шенді меңгерумен, ойын-сауықпен шектеліп қалған. Ел билеушілеріміз ғылымның адамдық құндылықтрды, жанды жетілідіріп, рұқты меңгерумен ақылды өсірудің талабын қалыптасытруға емес біліммен өнерді дүние ісін түгелдеудің әрекеті, деп түсініп, ана тіліміздің өркениетін, болашағын жойуға әрекет қылулары да ашық дәлел бола алады.

Сондықтан да жоғарғы дәрежелі білімді ел билеушілеріміздің мемлекетіміздің төрт ақылдың бірлігінің, іс әрекеттің жүйесінің негізі болып, ал шындығында «Төртеудің түгелдегі» ақылдың жетілмей, төбеден ғылымдық жүйеден алмай, кітаптық біліммен негізделуінен қазақ еліндегі қазіргі таңда бір ұлттың ішінде ғана үлкен өз ара дауласуға соқтырып жатқан жер, тіл, діл, дін мәселелерінің осындай бір ғылымның жүйесін меңгеруге, қазақ даналарының аманат нақылдарын, насихаттарын түсіне алмаудан пайда болғаны да хақ. Ғылымның барлығы жүректің тазалығымен, қайрат, ақылымыздың бірлігінен болып, мұндай жағдайда барлық өміріміздің әрекеттері жетелік, саналық ақылдың көрнісімен пайымдалып, және қандайда бір топтардың, саяттың аумағында өз ара сын мен шындықты іздеуге деген талпыныстың болуы хақ. Белгілі бір заңға, саясатқа, білімге негізделген қисынды (логикалық) ақылды жетілдіріп отыруға талпыныс пен пайымдауға (ойшылдыққа) іздемпаздықты шектегенде, онда мұндай бірлік, татулықтың артында қирау мен құлдырау ғана болады.

Мұндай өмір сүрудің жағдайында, егер саналық пайымдауды қойғанда, жетелік ақылдың қуаты жоғалғанда, онда қисынды ақылымен білімнің жүйелері арқылы өз ара топтарға ұйымдасқан қауымдықтар бір ұлттың ішінде де өздерінің тапқан білімдерін, әдеттерін, ұстанған саясатын, бағытын жан таласып қорғаумен өзін-өзі дәріптеумен, өзгелердің алдында жақсы көрумен, мақтанмен айналысып кетеді. Сондықтан ел билеу саясатында, білімді меңгеру жолындағылар мен мейлі дін топтары болсын, ақылдың біліммен қисындауға негізделуінен, өз ара сын айтпақ түгіл, сырттан өзге топтардан да сынды қабылдамайды және ақылдың орнына білімді кітап қылып арқалап жүріп, кім көбірек білімі меңгерсе, сол пендені дана, тұлға қылып табынумен ерекшеленеді.

Олардың өздерінің табынатын білгіштері болы, және қайратылықты, кісілікті меңгерудің жындық қылықтары ұқсас топтардың өз ара татулық, бірлікте болудың өзі дүниелік істермен, байлықтармен және атақ дәрежелермен бағаланып, осы мақсаттағы шығарылған заңдарға тәуелділікте өмір сүрумен ерекшеленеді, жүрекке (иманға) бағынып емес, керісінше жүректі біліммен басқарып, имандылық, ізігілікті белгілі бір заңдық тәртіппен ғана орындаумен, өздері қалаған ұнатқан әлем салтарының басқаруында, дін амалдарында қалдырумен байланып қалмақ. Ақыл-ойдың, рухани еркіндіктің шектелуімен де байланысты адамзаттың тәуелсіздігі де мүлде жоғалады, яғни еркін ойланудың, құдайлық таза ақылдың, оның кісілігін құлшылық тұрғысында меңерудің де маңызы да болмайды. Ал жүректі ғылымға бағындыруға негізделген қазақ дәстүрінің құндылықтарын, ата-баба аманаттарын мүлде ескерілуден де қалдырамыз, артымызда қалдардырғанмызда хақ.

Олай болса, біздердің мемлекеттік ақпараттық жүйеміздің де бір жақты мал табарлық сипатта, дүние байлығына, жақсы тұрмыспен ғана өз ара татулыққа, біліммен заңмен белгілінген ізгіліктерге негізделіп алғаны да сөзсіз. Онда жол табарлық ойлау жүйеміздің үлгісі болған, қазақ ғалымдарының бір ортақ пікірге келмей, рухани жағдайымыз ушыға беруі де хақиқат. Әлемдегі барлық қайғы-қасіреттің, дағдарыстың негізгі себебі, білімнің үні болған ойлау жүйесінің өз ара қайшылық, қарсылыққа түсуінен, заманға қарай таза ақыл ой елегінен өткізе алмаудан пайда болуы да растық. Ал таза ақылға жалғануды меңгеру үшінде, ғылым туралы білімнің ортақ негізі қалыптасуы керек.

Енді дін ғалымдары тұрғысында, немесе философия мектебінің пайымдау, болжамдарымен ел билеушілердің шығарған заңдарының, шешімдерінің саясатының болашақта қандай пайдасы зияны барына болжам жасау үшінде, құдайдың хикметті ісіне, түсіріп көрсетіп жатқан белгілеріне, заман оқиғаларына, ел тұрғындарының тағдырына, құдайлық жаратылыстық хикметті білімі тұрғысында сәйкестіктің барын немесе қаншалықты зиян болатында жүрек, қайрат ақылдың бірлігін меңгеру арқылы және аян, уахи арқылы Құдайдың өзінен ғана білуіміз керек. Қазақ дәстүрінің негізі де осы жүйені толық меңгерумен байланысты қалыптасқаны да хақ. Олай болса, біз білген білімізді ақылға айналдырып өзгені үйретумен, сол білімнің аясында өмір сүруге мәжбүрленумен айналысу емес, керісінше ғылымды меңгеру арқылы ақыл табудың жолымен бұл білімдерді өз еркімен жүрекке сіңіруді меңгеруді үйрететін мектебтік, ақпараттық жүйені қалыптастыру керек.

Ал шындығында мұндай мәліметтің таза ақылдан, ойдан хабар алудың ғылымды меңгерудің жүйесі құдайшылдық намаздардың әлемде де жоғалғанына дәлел болып, қазіргі таңдағы әлемдік дағдарысқа себеп болды десек қате емес. Енді құдайшыл құлшылығымыз арқылы таза ақылды, ғылымды меңгерумен бірге жүруге тиісті, жүрек, қайрат, ақыл арқылы бейнеленетін кереметінде де көрніс беруі заңдылық болуы керек. Қазақта мұны әулие-әмбилік қасиет деп білген. Бұл қасиеттерді көру, есту, ойлау жүйеміздің әрекетімен әрбір пендесінің өзінің меңгерген білімі, кәсібі, өнерін адамдық қасиеттің бигіне көтерумен байланысты деп түсіну керек.

Олай болса, біздің жоғарғы ел билеу орындарында мұндай әулие-әмбилікті меңгерудің адамдық қасиетті жоғалып, ал меңгерген білім арқылы ғылымға таза ой-ақылға толық жалғана алмай, бір ғылымның жүйесі қалыптаспағандықтан, құдайдың хикметін меңгерудің жолын таба алмағанымыз да хақ. Бірақ бұл қасиеттік жүйенің қазақтың ұлттық тағдырында жоғалып кетуі мен оның қайтадан өнім бермеуі де мүмкін емес. Және барлық ұлттардың бірлігін сақтау түгіл, бір ұлттың ішінде өз ара тату, туысқандықты сол ұлттың ішінен тұлға, бір есті қасиетті кісілерді қалыптастырумен, соларды үлгі тұтып еліктеумен ұқсаумен ғана мүмкін болмақ. Ол үшінде бұрынғы замандағы тарихымыздағы әулиеліктің жол-жобасын түсініп, сөзін алып қана, кісілік амалдарын орындаумен, осы замандық тіршілікке бейімдеумен ғана нәтижелі болуы керек. Ал кісілігіне әулиелігіне қарап сөзін, насихатын алып амалға айалдырудан, өткен заманға қарай құлшылығымызды бейімдеуден адасуға түсу де оңай. Енді бұл бейімделудің дін исламда көрнісі арап елдернің бағзы замандағы дін үшін кұресудің, өз ара соғыс, қантөгіске қайта апарғаны оның әрекеті қазақ елінде де бой көтеруі дәлел болмақ.

Бұл жағдайдың бұрынғы заманың білімін ақылға айналдырудан туындаған зұлымдық екені сөзсіз. Сөзсіз дейтініміз, атау сөз ұғымыдрынң ойын сол қалпында алып оның өркениетін ұлттық діл арқылы елктен өткізудің философия мектебнің де осындай ғылымды меңгеруден бас тартып, надандыққа жалғандыққа байлануынан деп түсіну керек. Ғылмысыз адам-хайуан деген Абай атамыз. Ғылымсыз пенде ана тілінде сайрағанмен, астарлы сөз ұғымын, нақылдарының ойын түсініуге ақылы жетпейді. Ал ғылымды меңгерудің жолын, даналықтың аяттардың жібін ұстап, ата-бабадан қалған нақылдардың ой үнін қалай алудың да тәртібі құранмен, құдайдың білдірумен жоғарғы ақылдан аян, уахина жалғанумен ғана болу шарт.

Сондықтан да біздердің баяндап жатқан ата жолы жазбаларындағы қазақ әулиелерінің қалдырған насихатын аруақтарына, тағдырлық кітабына жалғану арқылы ғана атқарылғандықтан, әулилердің иманынан ой үні болып, мұндай даналалықтарды меңгерудің құлшылық үлгісі және ақылдың негізделуінен рухани тұрғыдағы әлемдік қара түнек күштеріне тәуелділіктен босануға, жүрек, қайрат, ақылдың бірлігін тұтастығын қалыптастарадын дәстүрлік амал болып табылады. Мұндай амалдарды түсіндіруге, шығармашылықпен бейнеленген білімнің жүйесі әулие ата-бабаларымыздың жан халдық ғылым тұрғысындағы жағдайынан туындаған шығармашылығынан рұқтық жүйеге, қуатқа бейнеленген қал білімі болып табылады. Біздер тікелей таза ақылға, Алланың сөзі ғылымына жалғана алмаймыз. Және сөзбен ой үні ана тіліміз арқылы иірілген женның жібі болып, оны әке-шешден, жеті атамыздан ажыратып, тарқатып сонау замандардағы жақсыларға, әулиелерге, тікелей пайғамбарларға жалғану деген ақымақтықты жындылықты ғана өсіреді.

Себебі жер бетіндегі қандайда рухани тұрғыдағы білімнің пайда болуы адамзаттың қалдық сипатын бейнесі болып, бірақ оның негізі жанның Халінен туындайды. Олай болса бізге қалдырған қандайда бір насихаттарды рұқмыз арқылы жалғанып білімге айналдырып, тәнімізге ағзаларымызға, сүйгімізе жазып алғанымызбен, оны жүрекке сіңіру үшін сөздің жан иелеріне имандық жүйесіне жалғанумыз шарт. Мұны қазақта; «Өліге иман бер, тіріге берекетін бер» деп астарлы нақыл қалдырған. Себебі жанның Хал ғылымының жағдайында Алланың кеңшілігінен көрген, білген хикметті білімін сөзбен бәрін толық айтып түсіндіру мен шығармашылық тұрғысында ой үнін толық бейнелеуде мүмкін емес. Себебі ой үні иман қуаты болып құпия білімнің сипатына жатады. Мысалы Абайымызды түсініу үшін әулиелік ақылдың жүйесіне енуміз керек. Ол үшінде жандық халдық жүйеге аяндар арқылы жалғана біліуміз шарт.

Мұндай құпия білім (иман) жанда сақталғандықтан әрбір әулиенің мирас кітабы болып тағдырына алған сыйы ұрпақтарына жинаған, үлестіретін қазына байлығы болмақ. Құранда мұны кітап берілгендер және жеті арыстық қуатқа жатып, оның алтауы нақты қазақ ұлтында исламға дейінде болғаны хақ. Енді жетінші кітапты, Мұхаммед пайғамбаралық шапағатына жалғанау үшінде, ғылымдық халға жалғанып, Алланың ғылымының есіктерін ашып, жүрек көзімен көруді үйрететін, қазақ әулиелерінің масһабтардан әлде қайта жоғары тұрған сопылық мектебі болғанды. Олай болса, тарихат, мағрипатты меңгеру арқылы Раббылық ақиқатты көрумен, әулиелердің халдық жағдайынан ғана туындаған баяндалған рухани қалдық тұрғыдағы дүние тіршілігіне бейімделген білімдерді жан ғылымының негізі, ұлттық діл білімі болып қалыптасқан насихаттарды түсініп меңгерудіңде өз тәсілі амалдары бар.

Даналардың аманатына жүгінсек; «Киелі өсиеттерді айту оңай, Ұялы жазудан оқу қиын. Адам оқыған кезде екі көздің нұрымен бірге, ой, ақыл, сана-сезім жазуға түседі, осы кезде өсиеттің иесі жеті қадамда рухымен қарап тұрады. Омыртқаның қан тамырларына ауыртпалық түседі. Бұрып айтып, бұрып істесең ісің де, сөзің де сұйылар. Бұлжытпай орындап, бұрмай айтсаң, «сəулесін» жүрегіңе тосар. Істеген ісіңе, айтқан сөзіңе Алланың нұры құйылар.» (Айкерүлім Айша Бибі Əз-Ананың «Сұлулық пен зұлымдық» кітабынан.) Олай болса, мұндай қалдық тұрғыдағы насихаттардың өзінің иесіне жалғануға халдық тұрғыдағы күйін бастан кешумен ғана мүмкін болмақ. Сонымен Абай-Шәкәрімдерімізді ғана түсініп, имандарын, сөзінің ой үнін жүрекпен қабылдау үшінде олардың жүректеріне, аруақтарына жалғану арқылы ғана нәтижесін бермек. Мұндай жарық сәулелердің өзіне тән иісі де (ақ жаулық қуаты) болып және оны меңгерудің құлшылығын құдайшылдық деп атаған.

Сондықтан мұндай бейнеленген жарықтан (еркектік рұқтан) денесі, иістен (әйелдік жанан) киімі бар сәулелерді, ата бабамыздың жадына жалғану, жетелік ақылды меңгеру, саналыққа жол ашу деп атаған жөн. Құдайшылықтықты құран арқылы ғана әулие-әмилеріміздің ақылдық қуаттық жүйесіне жалғану арқылы ғана олардың ойын түсініп қана ұқсауға тырысып кісілік амалдарын қайталай аламыз. Сондықтан да мейлі қандай діні білімдері мен әулиелердің артында қалдырған, өсиеттерін, қалдық тұрғыдағы (матариальдық) білімді түсіну үшінде сол бабалардың халдык (жандық, имандылық дәрежесіне) сипатына енудің, яғни зікірдің құлшылығында меңгеру керек болады. Ал енді қазақтың ұлтында мұндай жүйеге тектілігі арқылы тікелей жалғануға мүмкіншілігі бар 10-мың ғана азаматтардың барын да жадыңызға тоқып алыңыз.

Осындай текті азаматтардың әулие-әмилердің халдық деңгейіне жалғану арқылы жүректен-жүрекке иман қуаттан бере алатын жағдайға жетіп, қазақ ұлтында әулиелік сатыға жалғанатын 100-мың адам баласы пайда болуы керек. Ал енді осы жүз мың қазақ тегінен тарауға тиісті халдық ахуалды қалай меңгеру керек, қандай намаз амалдары болуы керек, оның нақты тәжірибесі ата жолында аз ғана топта бар және оны үйретуге де шәкірттерді дайындап жатқанымызда сөзсіз. Ата-бабаларымыздың меңгерген халдық ғылымына жалғану үшін де, әрбір адам баласын өзінің рухани құндылықтары туралы білімнен хабардар болуы да шартты. Ата жолындағы аққу, сұңқарлар және құлшылық амалдарның тәрбиесі қалай болуы керек, неге қазаргі таңға дейін ата дәстүрінің үлгісі қалыптаспай жатқанын білу де керек. Ол үшін; http://btk.atazholy.kz/аққу-сұңқарлар-және-ата-жолы/; деген тараудан оқып танысуға болады.

Жалпы жан, рұқ, жын және адамзаттың рухани «атрибутары» қуаттық жүйелерінің білімін, құдайшылдық негіздерді «Ойға түрткі ақылға дем» ата жолы жазбасында баяндап жаздық. Құдайшылдық туралы;<href=»#more-5840″>http://btk.atazholy.kz/xxix-ойға-түрткі-ақылға-дем-жындылы/#more-5840 тарауынан оқуға болады.Пайғамбарымыздың құдайшыл болудың негізі; «…Құранды үнемі оқып отыруға кеңес беремін, бұл сен үшін аспандағы естелік пен жердегі жарық сәулемен тең болмақ…» деген өсиетінен бір ғылымды құранды оқу арқылы кітаптарына жалғанып, жерден киелі орындардан, әулилеріміз жерленген зияраты ойпараттарын шығатын жарық сәулемен, жан қуаттарына жалғанумен, көркем сөз ағаштары арқылы және аспан мүліктеріндегі оның иман жапырақтары болған (жұлдыздар) ата-бабаларымыздың жадына, Алланың көркем есімдеріне, жарыққпен бейнеленген сөзіне; Біздерге, жұлдыздарға жалғанумен нәтижесін беруін ескертеді. Алланы еске алу деген ұғымының өзі аспандағы жұлдыздарға жалғаумен байланысты екенін де пайғамбарымыз ашық айтып кеткен екен.

Мұндай аспан денелеріне естелік кітапатарға жалғануға киелі ойпаттардан жер рұқынан нәр алып, тамырлап өсетін, көркем сөзден ағаштардың 22 түрі болып, оның төрт текпен дәрежеленуінен қазақ жеренде 88-саруарлық (12 «гараскоптық» жұлдыздарға жалғану) тектік ағаштың сопылық құлшылығы тұрғысында өсіре білген әулие бабаларымыздың ой бақшасы барын білген жөн. Ал арап елдеріне мұндай төрт тектің толық дәрежеленуі бүгінгі таңда мүмкін емес, бірақ негізгі 22 ағаштық белгі болуы сөзсіз. Мұны құранда хаж-қамыт босату(мойынан) деп атайды. Сонымен жер бетіндегі жалғандықпен негізделген дүниелік болашақ «жұлдызды», біздердің де меңгерген қандайда бір біліміміз, діндегі құлшылығымыз үш сипатты адамдық қасиетке үш түрлі ақпараттық жүйеге жалғанумен қазақтың үш байлық қазынасын; денсаулық, ақ жаулық, он саулықты меңгеумен нәтижеленуі де шарт.

Олай болса, денсаулығымыз қайратылығымыздың жағдайымен, ақ жаулығымыз жүректің тазалығымен, он саулық саналық тұрғыдағы ойшылдық ақылымыздың өркениетімен байланысты екені де хақиқат. Енді қазіргі таңда қазақ мемлекетінде ақпараттық тұрғыда бірліктің негізін қалыптастырып азаматтық ғылым мектебін ашқанымызбен (министірлік болып құрылды да), заңмен ғана басқарылатын білімді қоғам өкілдерін заң жазып мұндай халдық ғылымды меңгеруге мәжбүрленмен де толымды нәтиже шығару да мүмкін емес. Неге десеңіз, жеті қадамдағы бұл білімге қарап тұратын сөздің ақ бастауы Ғиса пайғамбарымызға, інжілге Адамдық жүйеге жалғанумен ғана жүрекке сіңіп, иманға, онан саналық ақылға айналуы да хақ. Ал тылсымға қарай жеті қадам аттауға яғни жеті кітаптық, арыстық ақпараттық жүйеге жалғану үшінде жеті аталық шежіремізге яғни халдық тұрғыдағы (метафизикалық) жеті аруағымызға жалғануды меңгеру шарт.

Олай болса біздің жеті атамыздың жеті бұтақты болып, арыстық кітіптарға жалғандығына да ешқандай кепілдік жоқ, сондықтан бұған құдашылдықпен әулие-әмилерден жәрдем сұрап, ата-баба бастарын көтеруге, мал-жаныңмен Алла жолында халдық сипатта жүктеліуге, қара түнекпен соғысыуға керуенге шығудың да маңызы зор.

Бірақ бүгінгі таңда мұндай жағдайға жалғануға насихаттық, яғни қалдық рухани тұрғыдағы білімді дінші қауымға заңмен мәжбүрлеп меңгертіп және оны халыққа үгіттеп, жастарымызға түсіндіру де мүмкін емес. Оған халықты теріс үгіттеп ата дәстүріне деген жүректерін жабуға білімді қауым мен діншілер аз үлесін қосқан жоқ. Ал ел билігі мен ата жолындағы аққу, сұңқарлар бірі заң жүзінде, біріміз ібілістің жамағатына айналып есті адамды мүлде теріс айналдыруға қызмет жасап кеттік. Сондықтанда енді масһаб, тағы басқа бес парызға негізделген исламның қалдық тұрғыдағы білімі арқылы түрлі адасуға түскен дін топтарын ата дәстүрін насихатау арқылы жеңеміз, исламның бірлігін, дін қандастық татулықты қалыптастыра аламыз деген де ақымақтық қана.

Себебі олардың қайратылығы, жүректің тазалығы, ақылдың толымдылығы сәйкес емес, керісінше жүректегі қарсылығын оятып, қарсылыққа бүлікке дайындауға да арандатуға себеп болуымыз да сөзсіз. Сондықтанда да қазақ елінде ата дәстүрінің дін тағаттарының көпшілік қауымға және халдық тұрғыда биік тұрғасын масһабты ғана ұстанған өз ағайын дін қандастарымызға да жүректеріндегі қарсылығын, жиркенішін тудырып, ескіліктің салты тұрғысында қабылданып тұрағаны да заңдылық.

Дін насихаттарының бұрынғы замандағы жоғарғы ақылдың қуатына сәйкес болғанымен, білім қуатының бұл замандық ақпараттық жағдайда ой үні әлсіреп, қазіргі таңда бейнеленген қысқа ақылға төмендеп сезімге негізделгендіктен, мұны ақылы толмаған жастарымыздың, ақылы өспеген үлкендеріміз, ел билеушілеріміздың ойлары шектеліп, жоғары құндылық құдайға тура жол деп қабылдауға мәжбүр болып, яғни ақылдарының білімнен аспай негізделуінен деп түсіну керек.

Мұндай жағдайда қараңғылық түнек күштерінің ықпалы артып, оған қарсы Алланың үкімдері, аяттары, сөзі аяндары түсіп, қияметік мезгілдің пайда болуына соқтырғаны да заңдылық заманың өзгерісі дейміз. Раббылық бұл белгілерді ақылмен қабылдап, амал қылудан бас тартқан қазақ елі ғана емес бүкіл әлемнің де қайғы-қасіретпен, өлу, туылу,ауру, кәріліктің жаппай азабына түсіп жатқаны да жалған емес. Бұл төртеуінен адам баласының төрт мезгілін уақыт тағдырын құрауын, оның бүлінуінен күздігі, рухани егінің пісіріп жиналуы жоғалып, малдық қуатын көбейтумен айналысқан жазынан кейін, азығы жоқ, малы қырылған жұтқа тап болған қысы түсіп жатқандардың күн санап артып жатқанында бар.

Қазақ үшін мұндай қияметтің белгісі ашық көрнуін, Абай атамыз; «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай…» деп астарлапты. Демек табиғатың мезгіліне де адамзаттың рухани егінін ойдан жан бақшасын өсіре алмауы әсер беріп, ауа райының, ықылымдық өзгерісінен қуаттық аласапыран өзгерістің пайда болып, мұнан әлемдік дүниелік дағдарысқа соқтырып жатқаны да хақиқат. Бірақ мұнан шығар жолды да адамзаттың ежелден меңгеріп, Абай атамыз; «Ақсақалды ауыл азабайды» десе қазақта; «Әй дейтін әже, қой дейтін қожа керек» деп, үлкендік тәлім-тәрбиенің, адамдықты меңгерудің үлгісін көрсетудің маңыздылығын ескертіпті. Енді қазақтың үлкендер қауымын ата дәстүрін меңгеріп, халдық ғылымға жалғанып, адасқан жастарға, дін қандас туыстарымызға еріксіз түрде жүректен-жүрекке иман беретін жағдайға жеткізу арқылы; бүкіл қазақтың тегін біртұтастық ойлау жүйесін қалыпастыруға болады, десек жалған емес.

Бірақ бұл өте ұзақ және қазіргі үлкендеріміздің арсыздық салтты әдепке алып, нәсілдік тұрғыда европалыққа айналып алған заманда, ел билеу саясатымен заңға жүгініу арқылы еріксіз мәжбүрлеуде мүмкін де емес. Заңмен бағу надандықты шектеуге ғана ықпал етеп адамзатты ғылымды меңгеруге мәжбүрлей алмайды. Ақылды өсіретін ғылымды құдайдың өзі ғана керметі арқылы беретін заңдылғын хақиқат деп атайды. Демек енді бір ғана жол Құдайдың өзіне, түсіретін хикметті біліміне әр бірімізге жеке –жеке берілетін жол-жобасына жүгіну ғана қалды. Әрине құдай түбінде қазақ түгіл бүкіл әлемді де бұл жағдайға мәжбүрдейді. Бірақ онан адамзаттың көп шығындарымен, азаптармен азы ғана өтуіне тура келеді. Қазақ еліне де мемлекетіміздің барлық тұрғындарына, ел билеушілеріне де бұл жағдайды күтіп отырғанмен арты өздерініңде қайғы-қасіртке ұшырап, көптеген азаматтарымыздың бұл өмірден тұқымдарымен қоса жоғалуына да соқтырады.

Сондықтан да бұл қиямметік мезгілден оңай шығар жолы, құдайшылықтың құлшылығының негізі ата жолы болып басталған үлгісіде бар. Бірақ оның кез келген көшеден келген, қыз, қатындармен білімсіз еркектердің бас-басына би болып, шариғатты, масһабтық білімді өз ақылының шамасына қарай меңгеруден бас тартқандықтан, шынында қара түнектің қызметшісі, шайтандардың жамағатына айналып алғандары да хақ. Мұнан халыққа да жек көргізіп, ата-баба аруағын, тағдырын, кітабын мүлде жек көргізіп, Алланың иіріп берген жібін үзуге бүгінгі білімді, дінші қауымдарда өз үлестерін қосып үлгірді. Енді осы жүйені заңмен бекітіп, халықтың бірлігін, тұтастығын құдайсыз сақтаймыз, деген ел биліктің әрекеті де соңы қалай болып жатқаны да мәлім.

Дінші, білімді, ел билеушілердің ата жолын қудалаудың себебі де білімі жоқ деген сылтау еді. Ал оның білімі Абай-Шәкәрім, Мәшүр Жүсіп т,б даналардың жазып алдын ала дайындап кеткенін түсіндіру үшінде біздердің олардың халдық жан ахуалына жалғануға онан берген аяндары, уахи-баталары арқылы талдап жазуға да 10-жылдан астам уақыт кетіп, әлі жартысына енді ғана жеткен сияқтымыз. Бірақ мұны өздігімен түсініп оқитын білімді қауымдықта аз ғана, ал ел биліктен бар болғаны 9 кісілігі бар пенде табылады. Керісінше бұл жазбаларда баяндалған деректердің орыс ғаламдары рұқтық қалдық білім тұрғысында жазып талқылап, бірақ жандық халдық иман жібін таба алмай жатқандықтан адамдық әулиелікті қалай меңгеру керек, деген сұрауларына жауап таба алмай жатқандары да белгілі.

Олай болса, бұл тығырықтан да бізді орыс халқының шығаруы да хақ. Ол үшін ата жолының әулие-әмилер арқылы құранның ем шипа, рахметіне жалғанудың жолы мен біздердегі әлі жарияланбай тұрған хикметті білім негіздерін оларға тарату арқылы қазақ елі християндардың исламға ену қақпасына айналдыруға болады. Қазақ жерінде Түркістан Мәдинеге айналса, ал көптеген обылыстарда жағалы бабалардың басында кіші қағбаның пайда болуы мен, яғни барлық нәрсенің жұбы парымен жараттым деген жаратушы үкімінің хақиқаты ашылады.

«…Інжіл, Тауратты және Раббыларың тарапынан сендерге түсірілгенді толық орындағанға дейін дәнеңе емесіңдер!» (5-68) деген аяттың үкімдерін орындаудың сопылық тұрғыда тарихат, мағрипат болып қалаптасып Раббымыздың хақиқатық тұрғыдағы түсіретін; «Құраннан, мүміндерге, шипа және рахмет түсіреміз. Ол залымдардың зянын тым артыра түседі.» (17-82) деген аятын меңгеріп орындаған әлемде тек қана қазақ әулие-әмилері десек қате емес.

Бірақ әулие-әмилерміздік мирастық кітабына аруағына жалғанып оны заманның қалдық тұрғыдағы білімне айналдыруға жол көрсетуге тиісті қазақ дін ғалымдары мен зиялы аттты қауым өкілері; «Елді игілікке бұйырып, өздеріңді ұмытасыңдар ма? Кітапты оқисыңдар (түс, аян, уақи), ойламайсыңдар ма?..» (2-44) деген аяттың үкімін орындауға мүлде бас тартып керісінше задымдардың зиянын артыруға ғана қызметке тұрып алғандары да хақиқат. Енді мұндай зұлымдығымызды болашақта қайғы-қасіртпен, азаптармен зор шығынға ұшыратып еріксіз түрде құдайдың түзетуі де хақ. Ал екінші жолы бұл тығырықтан қазақтың ғылым мектебінің тәжірибелік жүйесін қалыптастырумен де екі-үш жылдың ішінде тәуелсіз ел құрып, әлемнің рухани көш басшысына айналуға, әлемдік дағдарыстан да оңай шығуға мүмкінідік бар. Қалай дейсіз әрине? Мұны «Ата жолы ел билеу саясаты, Ата жолы дін тәрбиесі» деген тараумен арнаулы баяндап аталар аманатын жеткізуге тырысамыз…( Қыркүйек айы 2016 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.