Масһаб пен қазақ дәстүрі тұтас дін бола ала ма?

Дін дегеніміз көркем мінез депті пайғамбарымыз. Әрине бұл кез келген пенде түгіл, тақуа, әулиелердің де барлығы жете алатын меже емес. Себебі пайғамбарымыздың көркем мінезі құранмен толық бейнеленген. Құранның кез келген аятының бейнесін амалын пайғамбарамыздың мінезінен табуға болатыны сахбаларымызда айтып кеткен. Бірақ мінез бен тіл мінезі яғни ұлттық ана тілі біртұтас болып табылады да әр ұлттың тілмен байланысты мінезде ерекешелігі қарсылығы да болуы шартты. Құран араптардың өзіне барлық аяттары түсінікті болып осы замандарда да ашылған жоқ, сол қалпымен қалғаны да хақ.

Олай болса өзге әлем ұлттарының діл білімінің үні, таңбасы үнемі дамудың жолында болып, заманың өркениетіне қарай әрбір ұлттың ішінен шыққан елшілері Алла достары арқылы, құраның құпия аяттарын сырын ашумен, заманға қарай пайда болған қарсылық білімдерді, түрлі қуаттық жүйе жүктерді меңгеру арқылы адамзатқа ортақ пайғамбарлық мінезді дамытуға үлес қосу дамуды заңдылығы болуы керек. Сондықтан адамзаттың мінезі құранның аяттарымен, заманға қарай ғылымының ашылумен байланып тұратын да хақиқат. Сонымен біздірдің мінез-құлықтармыз құранмен бірде келісімді, бірде қарсы аяттармен жалғанып, құбылмалы болуымызда белгілі жағдай. Қазақтың мінездік бір тектілігі ата дәстүрмен толық бейнелену керек.

Егер қазақ ата дәстүрін құранмен талдасақ, ешқандайда қарсылық жоқ, құранмен толық ұштасуын түсінуге болады. Және әлемде жоқ діл білімнің жан күйінің ғылымын табуға болады. Ал замандық тұрғыдағы құранның ашылған құпияларымен, білім өркениетімен ата дәстүрімізді даматумен сәйкестендірудің қажетілігі де туындағаны сөзсіз. Осындай қажеттіліктен ата дәстүріміздің көптеген амалдарын тастап дінде масһабпен жүйелеуді, салтымызда европалық әдеттерді алмастырумен де айналысып кетік. Бірақ мұны құранмен байланыстыруды мүлде естен шығарып алдық.

Сонымен қазіргі заманға қарай бейімдеумен; қазақ ұлты тек қана Ханафилік масһаб ұстанды, яғни масһаб-дәстүріміз десек, онда қазақтың дәстүрінің жартысын алып тастау керек болады. Және Ясауи, Абай-Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіптердің т,б қазақ даналығының көп насихаттарын шығарып тастау керек. Себебі олар масһабтың бүгінгі көп біліміне және қазақтың тұрмыстық салтына дәстүріне қайшылық тудырады. Ал және қайшылықтағы білімді қазақ дәстүрінің ішіне сол қалпында сыйғызбақ болып, тұрмыста өмірімізде дәстүрді толық қамтиды дегендерді ақымақтар, жындылар деп санау керек болады. Сондықтан да тек намаз оқуда мешіттік құлшылық тұрғысында масһабты алған десек, онда да орта топтық ақылға ғана сай, бірақ ақылдың даналығын, жете, саналықты меңгеруге қайшы болады.

Себебі масһабтық ақыл білімі 5-күндік тұрғыда болып, және өзге масһабтардың амалдарын және сандық тұрғыда ойшылдықтың сопылықтың үлгілерін мүлде қарастырмайды. Ал қазақ дәстүрінің шариғаты төрт масһатық амалдарды да қамтуымен және сопылық негізде тарихат, мағрипат және ақиқатқа жалғанумен пайда болып, масһаб арқылы емес тікелей сахбаларға жалғанып қалыптасқандықтан төрт масһабтыңда, төрт кітаптың, 8 діннің белгісін қазақ дәстүрінен табауға болады.

Бірақ қазіргі таңдағы жетесі, саналығы жетілмей қалған білімділермен, діншілерге бұл пәтуамыз керісінше жүргіндегі қарсылық шайтанын, татын қозғап, жынын келтіру ғана болатыны хақиқат. Сондықтанда; «Жетесізге жеті айтқанмен де санасызға сан айтқамен де түсінбес»-тер Ханафи тура жолды көрсетеді, құдайдың өзі елді азғыруын жалғастыра беруі де заңдылық. Надандыққа ақылмен тоқтамды Құдайдың өзі ғана бермесе, естілердің қолынан келетін іс емес!

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.