II- Көркем мінез бе әлде жасандылық па?

«Мінез-жанның айнасы. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса –адамгершіліктің ұтқаны. Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде-бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады.» (Әл-Фараби) Әулие ғұлама бабамыздың өсиетіне сүйенсек; көркем мінезді адам баласы, толық жеті жанды өсіре білген болып, ал мұндай жанды адам баласының рұқын, жүктерін меңгерумен, басына бақ қонған, даналыққа жеткен және адамшылық яғни пайғамбаралық қасиеттерді меңгерген болуы шартты. Сонымен адамшылықты қалыптастыру үшін яғни жеті жанды өсіріп меңгеру үшін де тәрбиелік білімі ұлттық мінез-құлқының үлгісі болу керек. Бұл әр ұлттың өмір сүру тәжірибесінен ата-ана шежіресінен әдет-ғұрпы болып қалыптасады.

Ал енді заманға қарай салттық бейімделумен, қаракеттік ақыл күшін меңгеру арқылы адам баласының қайратылығы жігерлігі, ар-ұятылығын қалыптастырумен бұл екі негізді дін құндылықтармен құлшылығымен жүйлеп тазартудан ұлттық дәстүр болып қалыптасуы да керек. Ата дәстүріміз ұрпақтан ұрпақтарға аманат болып оны қағида шартары нақылдармен, мақалдармен сөз ғылымының шығармашылығы болып беріліп отыруы керек. Ал енді ақылдың күші біліммен, ілімді үнемі жетілдіріп отыруымен заманға қарай пайда болатын түрлі қаракетік дүние тіршілігіндегі өмір үшін күресумен де салтық тұрғыда қалыптасып отыруы керек. Бірақ ақылдың күшін бір жақты білімге немесе дін тұрғысындағы ілімнің тәрбиесімен байлап қойсақ онда мінез-құлықтыңда түрлі жындылық топтарға бөлшектенуін туындатады.

Сонымен әрбір пенденің немесе ұлттың жанды, жансыздығына дәлелді мінез-құлығынан, ақылдың күшін, бес қуатын қалай меңгере алуымен анықтау керек. Ал пайғамбарымыз; «Дін дегенміз көкем мінез-құлық» деген екен. Қазақтың дін-амандық, дін-жаның деген ұғымыда жанның міндетті түрде мінезбен, денсаулықпен, ақ жаулықпен, он саулық қуатпен байланысты өсіп көбейетінде білген. Мінез, ақыл, жан үшеуінің бірлігінің рухани жағдайын Абай атамыз; Жүрек, қайрат ақыл болып бір ғылымға бағынышты болуын насихаттайды. Жүрегіміз жан мен ақ жаулықтық мінездің сипаты болса, қайратымыз жер бетіндегі тіршілік барысында қаракетік тұрғыдағы ақыл күшінің, малдық қуатымыздың денсаулығымыздың жетілумен байланысты. Қазақта; «Мал жаның аман ба?» деген амандасуының осы екі қасиетің саулығы болса, ақылдың да амандығы болады деп білген. Қазіргі таңда біздер ақылсыз қайратты, күштілік, айлакерлік, малдық жындылық яғни жансыз тәндік тұрғысында меңгеруді денсаулықты сақтау деп атайтын болдық,

Олай болса жанды ұмытпау, тасада қалдырмау үшін; ақылдың тәлім, тәрбиесі барлығынан биік тұруы керек.«Адам баласына ең бірінші білім емес тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» (Әл-Фараби) Сонымен әрбір ұлттың ұлттық тәлім тәрбиесі болып; жүректің тазалығын жаның кепілі, ал қайратылығымыз малдық қуатың ақылмен басқарылуын меңгеріп; денсаулығымыздың кепілдігі болып, ұлттық мінезді де қалыптастыруы керек. Жалпы қазақ жылқы мінезді деп, біз денсаулығымыздың жағдайын малдық қуаттық тұрғыдағы қасиетпен де бағалаймыз. Себебі мінездің көзге яғни метафизикалық, тылсымдық өмірде жаның көлігіне айналуына байланысты жылқы көзі «Сүмбіл»-жұлдыздық сипатына қарай бағалаған.

Көз мінездің айнасы, қазақ әйелдері жылқы көзді «Сүмбіл» болып келеді де көктегі жеті қарақшының арасында туатын сүмбіле жұлдызымен де байланысты болмақ. Еркектердің аянға жалғанар көлігі әйел мінезі, жан жұлдызы болғандықтан; «Еркек атты, әйел жаяу» деген астарлы нақыл бар. Еркектің басқаруынсыз; «Байтал шауып бәйге алмас» деп, дінді меңгерудің жағдайымен байланысты айтылған. Сонымен тектілік тұрғысында жұлдызды болу да әйелдер жанымен рұқтың бірлігінен тұрып; «Екі жарты бір бүтін болу» «Төртеу түгел болса төбеден (жұлдызың) келеді» деп ұлттық мінезіміз, жанымыздың серігін ана сүтімен, ана тілімен ата-аналардан, нағашыдан жалғасты түрде келе жатқан қасиетерді ақыл күшін меңгеруді; мақал, нақылдар арқылы беріліп отыратын тәжірибелік білімнің жүйесімен, өнер арқылы ғана аламыз.

Қазіргі таңдағы ұлттық рұқ немесе ұлттық сана күші, отаншылдық, ұлттық жоба, деп жүргеніміз осы жүйені меңгерумен байланысты болу керек. Бірінші байлық денсаулықты жүрек, ақыл қайрат бірлігімен меңгерумен, жүректі ақ жаулық байлықпен ғана таза ұстай аламыз. Ал ақылды жетілдіріп, даналыққа жету үшін он саулық қуаттың құлшылығын меңгеру де керек. Бірақ бұл жүйені біз дүниелік тұрғыдағы жақсы тұрмыс сүру деп пайымдауды әдетке айналдырып, жасандылыққа да түсуге себеп болғаны хақ. Біздердің білімділгіміз, дін тұрғысында тәпсірілік масһабқа негізделген ілімділігіміз немесе үш тілмен ғылымды болмағымыз жеке-жеке ақыл күшінің бізге заманға қарай бейімделуге, заманымызға сай мінез қасиеттерін жетілдіруге де шамасы келмейді.

Сондықтанда қазақтың қан тегі, жанымыз, мінез-құлқымыздың жындылықпен ғана көрнісі болып, әлемдік бүлікке қуаттымыздан үлес қосумен зұлымдыққа ұшыраған елдердің қатарындамыз. Енді жүрек, ақыл, қайратылықтан жанымыздың айнасы мінез құлықты ұлттық тәлім тәрбие арқылы текті қазақ аталғанмен, заманның өзгерісіне, ақпараттардың күрделіп көбейумен, ілім, білімніңде сан алуан түрінің пайда болуымен әлемдік тұрғыдағы рухани жалғануды қажет етеді. Ақылдың күші дегеніміз рухани қуаттарды, ата-бабадан қалған тағдырлық, аруақтық мирас жүктерді де меңгерумен байланысты болуы керек. Бұл қуаттарды да туған жерімізбен табиғатпен, көк отанымызбен байланысты меңгеру шарт. Абай атамыз; «Бес қуаттың бәрі де өнерге салар бар күшін» деп ескертіпті.

«Адамның рухани күші екіге бөлініп, бірі қаракетке, екіншісі танымнан әсте босамайды. Қаракеттің өсімдіктерге, мақұлықтарға, адамға тән үш түрі, танымның мақұлықтық (жануарлық) және адамдық екі түрі бар. Осынау бес қасиет түгелімен адам бойында бар және олардың көбі өсімдіктер мен мақұлықтарға ортақ!» (Әл-Фараби) Сонымен біздің қаракеттік ақыл күшіміз, яғни жүрегіміз өсімдіктер әлемінен қуат алса, қайратылығымыз, малдық қуаттарымызды мақұлықтар әлемі қуаттар жүйесімен және адамдық тұрғыда ақылдың жадын аруақтар әлемімен байланысты меңгере аламыз. Дінші масһабшылардың мұндай қазақтың дәстүрлік әрекеттерін шерік қосу деп атайтындары рухани тұрғыдағы екінші қуаттық жүйенің, танымның адамдық түрі араптық дін салтын алудан пайда болған.

Енді танымның мақұлықтық түріне қазақтың төрт түлік мал бағумен және малдармен, хайуандаттар әлемімен байланысты қалыптасқан әдет-ғұрыптарымыздың, өмірлік салтымыздың, шығармашылық тұрғыда да арап елдерінен әлде қайда күрделі және құпиялығы да жеткілікті. Ал құлықтар (қылықтар) әлемнің жандық тұрғыда адамзаттың тозағы болып табылатынын құран аяттары да ашық баяндағанмен, масһаб тәпсірінде мүлде теріске шығарып, тозақтың жағдайын ертегіге айналдырып алған. Екі жүзді, қияметке, Раббысының белгілеріне сенбей күмән келтіріп қарсы болушылардың мінезінің себебін; «…жоқ, бәлікім олардың жүректерін істеген ісінің таты басты.» (83-14) және «Егер Алла (Т) адам баласын қылықтары себепті қолға алатын болса, жер жүзінде ешбір жәндік (мақұлық) қалдырмас еді. Бірақ оларды белгілі бір мерзімге дейін кешіктерді…» (35-45)Адамзаттың жүрек, қайрат, ақылының тазалығы, қуаты мінезімен қылыққа (көздерге) айналып, әлемдік барлық қозғалысқа, жаратылысқа тулу, өлу, ауру, кәрілік атты төрт қасиет пен немесе қасіреттің жағдайын туындатуында білген жөн.

Енді жер бетенің тұрғындарының жаппай ұятсыздықпен арсыздық мінез құлықты салт қылып алудан; «Алла седерге бейбітшіліктегі жайбарақат кентті мысал берді; Оған әр тараптан мол ризық келуші еді. Ақырында, Алланың нығметіне қарсы келді. Сондықтан Алла оларға қылықтарының салдарынан ашаршылық және қауіп-қатердің тонын кидіріп жаппа шектірді.» (16-112) Енді қазіргі таңдағы қазақ халқының және бүкіл әлемдегі болып жатқан дағдарыс пен ашаршылық, ауру, індет, тосынан келетін апаттар мен ажалдардың себебі де; адамзаттың Алланың берген нығметіне несібесіне қарсы келіп, мінез құлықтарының шектен шығуымен байланысты екенін ашық ескертіп тұр. Мұндай жағдайда ақылдың күші мен жанның әрекетінсіз адамзаттың көлеңкелері көздерге айналудан қалады да қара түнектік бейнелерді (қара жын, шайтандарды) көбейтеміз. Қазақ еліндегі бүлікшілдік пен табиғат апаттарының ауа райының құбылмалы болып тұрғаны да өзіміздегі арсыздықтың себебінен, қауіп-қатердің тонын киіп алып тағдырымыздан ажыраудан болып жатқаны да хақиқат.

Табиғат жаратылысының адамзаттың рухани өнімдерімен өндірген қуаттарының, көлеңкелерінің, жарық, иістердің әрекетімен тікелей байланысты болып және өсіп-өніп көбейу үшін де жаратылыстан, мақұлықтар әлемінен жүктелуді міндетті екенін құранда ескертеді. Сондықтан қазақта мұндай қуаттық жүйеге жалғануды адамдық тұрғыда меңгерумен; Ойсыл қара ата, Қамбар ата, Зеңгі баба, Шопан ата, Қошқар ата, Сексек ата деген адамзаттың мінезінің құранның кітабы болып, бес қуатқа негізделген және алтыншы жағдайда ақыл күшіннің даналығымен жаратылыстық таныммен байланысты аталудың өзінде осы жүйелік байланысты меңзеп тұрғаны да хақиқат. Мұндай білімнен бас тартқызудан да ақылдың күшінің, ұлттық мінезіміздің әлсіреп, жанның да еріксіз жоғалуына да соқтырады. Бұл танымдық білімді ата жол жазбаларында алдағы уақытта талқылап тәпіштеп көреміз.

Негізінде барлық жаратылыс нәрселерінің, себептерінің өлшемі, тұрақты орны белгісі құранмен көрсетілген, санмен орны өлшемі белгіленген, кітаптық жүйесі тағдыры бар. Құлшылық тұрғысында құранда; «Бақара-бағыштау, жол сілтеу» аталып, яғни «Бақ қарасын Қыдыр дарысын» деген қазақ нақылының негізі болып, соңғы екі аятының осы екі рухани күштерді меңгерудің сырын көрсетіп және оның ортасы бес уақыт намазбен байланысты болуында да хикметті білім бар. Олай болса, адамзаттың басына қонатын бақыттылық негізі де екі рухани күшті (5-қуатты) үш түрлі құлшылық әрекетімен меңгерудің (3х5=15) ортасын алып, ислам дін ғалымдарының бес парыздық жүйеге айналдырып алуында да негіз болғанымен, бірақ есептік жүйесімен білімнің сипатында қателікке түсіп алған.

Олар тәпсірілік білімді ақылдан жоғары қойып, қайратылықты жындық қуаттарды меңгерудің құлшылық намаздарын інжілмен байланысты ғибаратты үлгіліерін, қазақ дәстүрінің еркешелгін мүлде терістеумен айналасады да, өздері екі жүзділік мінез-қылықтармен бейнеленіп Аллаға ортақ қосады. Бұл сынымызға дәлелді пайғамбарымыздың; «Білім екі түрлі; біріншісі діл білімі, екіншісі тіл білімі» деп ескертіп, мұнан басқа білімнің болмайтынын да өсиет етіпті. Сонымен діл білімі әрбір ұлттың ана тілімен байланысты қаракетік рухани күшінің жанды өсіріп көбейтумен байланысты болуы шарт. Діл білімнің әрекетінен барлық рухани тұрғыдағы шығармашылық пен сөз өнерінің әрекеттері туындап және психологиялық жан тану білімде осы білімнен тарауы керек. Қазіргі философия мен психологияны танымдық рухани күштерден тарқатудан әлемдегі дағдарысқа негіз болады десек қате емес. Жаның қаракетін, ақыл күшін мүлде ескерусіз қалдырғанбыз да «гендірлік теңдік» деген ұғым қалыптасуына жол ашылғанды.

Ал тіл білімі танымдық тұрғыда адамзатқа ортақ әлемдік жаратылыстың барлық нәрселерінің қадір қасиетін, рухани себептерді анықтап, біліп өнерге, кәсіпке айналдырып меңгеруге, тіршіліктің қажетілігіне жаратуға түрлі құралдарды, құрылғыларды шығарумен байланысты болмақ. Дін білімі тұрғысындағы адамзатқа ортақ құндылықтардың діл білімінің негізгі орта қазығы болып саналуы керек. Құранның арап тілінде түсірілуіне байланысты араптарды орта топтық деп аталып, діл білімнің тұрақты ірге тасы болуы да хақиқат. Осыған байланысты діншілердің бұл білімді масһабтық тәпсір негізінде ақылдан да барлық тіл білімінен де жоғары деп санауында да негіз болғанмен, әрбір ұлттың діл білімінің ерекшелігін өркениетіне байланысты ғана ақыл күші парасатылықтың қалыптасуын жасандылыққа түсіріп алғандары хақ.

Мұндай жағдайда, көркем мінезді пайғамбарымыздан тікелей үйреніп, өмір сүру салтына тіршілікке қарай бейімделдің де төрт түрлі үлгісі болып, сахбалар жолын яғни төртеуін түгел ұстануды ескерткенді. Бірақ дінші қауымдар сахабалардың да мінез қылықтарының үлгісінің сыртын ғана алып, ішкі дүниесін қасиеттерінсіз толымды мінез болмайтынын мүлде жоғалтып алған. Пайғамбарлық мінез қасиетін тағдырын біз дәл солай қайталап меңгеру мүмкін емес. Себебі пайғамбарымыздың мінезімен ғана құранның түсуі, оқылуымен біртұтас құранның кітаптық мінезі, ғылымының адамзаттың жаратылсына бейнелеуі болғаны да хақ.

Сондықтан да пайғамбарлық барлық қасиеттердің бірлігі мен елшіліктің амалдары, істері, мұғжиларды меңгеруі, көріпкелдік те мейрімділік те, тым қатал да емес, мүлде ырыққа жығыла да бермейтін, және білім-ғылымды болуға ынталылық, табандылық есте жадында сақтауға деген, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр, аңғарымпаз, шешен, сәуегей жаны асқақ таза, ар-намысын таптатпайтын, жақынға да жауына да әділ жақсылықпен ізгіліктің жолында ешқандай қорқып жасқабайтын ержүректі де еді. Тақуалықтың жоғарғы дәрежесі сопылықтың үлгісін тарихат, мағрипатты қарапайым өмір сүрумен, адамдардың арасында жүрумен меңгеріп ақиқаттқа жетуді де көрсете білген. Әрине мұның бәрі Алланың ерекше қолдауымен болғандықтан, біздердің тікелей пайғамбарымыздың көркем мінезіне еліктегенмен оның ішкі сырын, құлшылығын орындай алмаймыз, және құранды қайта түсіруде мүмкін емес.

Сондықтан бізге өзімізге дейінгі екі аралықтағы пайғамбарымыздың шапағатына жалғанған әулие-әмилерге, даналарға өзіміздің кәсіптік, тұрмыстық, қуаттылық шамамызға қарай, үлгісіне еліктеп жалғануды меңгеру де шартты болмақ. Олай болса, пайғамбарымыздың көркем мінез-құлығын төрт сахабаның құлшылық әрекетімен, төрт сипатта пайғамбар мінезін бейнесін ашып үлгісін, бірлігін қалыптастырса, кейінен бұл жүйенің төрт масһабтық тұрғыда білімділік, тақуалық тұрғысында меңгерумен өз ара қарсылыққа түсіп бөлшектенді. Мұнан кейін пайғамбарлық мінез үлгісінің 72-топқа бөлініп, жындылық тұрғысында меңгеру болатын және 73-топтан бастап туралыққа қарай бағытталып негізінде 74(47) –топтық тұрғыдағы қайта бейнелуімен әулиелік жүйенің пайда болатын да білген жөн.

Алланың жүзі арқылы қазақ діл білімнің 147 сандық белгімен тұрақталуы, Ясауи бабамыздан бастап қалыптасып, шағатай тілінде бүкіл құранның ғылымы баяндалып, санмен хикметтері белгіленуінде де, Алланың нығметінен, ғылым кереметінен деп білген жөн. Бірақ жаратылысты тану, қуаттарын меңгеріп адамзатқа қызметке бағындыру ешқашан тоқтаған емес тоқтамайды да. Соған қарай қарсылық білімнің де көбейуімен, күші қуаты артып, адамзаттың мінез құлқын үнемі жетілдіріп отыруда керек болады. Олай болса, Абай-Шәкәрім және қазақ әулиелерінің, даналарының қалдырған насихаттары мен ғибратты құлшылық үлгілері біздер үшін; діл білімінің, жан күйіміздің пайғамбарлық көркем мінез жүйесіне, құранға жалғанудың есігі болып табылатын да хақиқатынан болмақ.

Пайғамбарлық көркем мінезге құранды тылсымнан бата тұрғысында алып, жүрек арқылы аяттарын оқу және сандық ғылымын меңгерумен бірге, елшіліктің мирас кітаптарын алып, үммметеріне уахи берумен және дәнекерлік тұрғысында Алла тағаланың атынан уәде беріп, кімге тозақтық, кімге жаннаттың есігі ашылғанын да болжайтын ерекше көріпкелдігі де мирас болып қайта бейнеленіп отыруы да керек. Егер бұл қасиеттерді алып тастаса, онда мінездің бір тектілік тұтастығы пайғамбарлық, елшілік қасиеттердің жүйесін бұзу, Аллаға ортақ қосу болып саналуы да керек.

Ал қазіргі дін ғалымдары мұндай жоғарғы дәрежелі әулиелек қасиеттерді меңгерген қазақ әулиелерін терістеулерін былай қойғанда; Адамдық таным ақыл күшін меңгеру сәждесін орындаудан бас тартып, және ит, мақұлықтардық танымдық сезімталдықты меңгеруге де қарсы болып жүргенін қалай түсінуге болады? Есірткіні табуда, бүгінгі таңда иттің ақыл күші адамзаттан неге артық, деген ойда керек есті меңгеруге. Миғражға көтерілу үшінде бір естілік тұрғысында бар, бір қуаттық жүйе денесін меңгеру де, көркем мінезбен байланысты болмақ. Миғражға сапар барысындағы барлық оқиғаларды көрген, білгенін еш кемшіліксіз баяндап беру үшін де; жан мен мінездің бірлік қуаты көріпкелдіктің жоғарғы дәрежесі біздерге қалдарған ғибратты үлгісі емес пе? Пайғамбарлық көркем мінезден мұны қалай шығарып тастауға болады?

Пайғамбарамыз бес уақыт намаздың үкімінен бұрын намаздарды орындау арқылы осындай рухани дәрежеге жетумен көкке көтерілсе, онда біздер үшін пайғамбарлық қасиеттерді меңгерудің жолы екі аятпен намаздарын оырндап, бес уақыт намаз оқу құлшылығынан ғана қалыптасуы керек. Олай болса, рухани тұрғыдағы бес қасиетті меңгеруді бес уақыт парыз намазбен меңгердік деген де ақымақтық болмақ. Сондықтан бұл рухани жолды меңгеруді Ясауи бабамыздан қалған шариғат, тарихат, мағрипат арқылы ақиқатқа жету деген пайғамбаралық қасиеттермен (қаркетік ақы күшін) кісілікті, елшілікті (танымдық ақыл күшін) бірлеу құлшылығы екені де хақ. Демек қазақ еліндегі әулие-әмилердің меңгерген ақ бақсылық қасиетпен (құран арқылы ғана) көрсеткен хикметті білімдері, мұғжизаларын, көріпкелдік аманаттарын Алланың ұлықсатынсыз, пайғамбардың сүнетінсіз болды деуге бола ма?

Егер Алланың өзі ұлықсат бермесе, онда қандайда бір болжамдардың талай замандардан өтіп сол қалпында қайталануы мүмкін бе? Әрине уақыт, заман, тағдыр Алла тағаланың өзі, ғылымы, хақиқаты. Оны ешқандай қарсылық күшіде, жындарда адамдар да өз еркімен басқаруға жол жоқ. Ал уақытпен бейнеленетін, жоғалмайтын және қайта уақытқа да түрлендіруге, ықылымына әсер бере алатын қандайда бір істердің тек қана Алланың өзінен, көркем есемдері, көркем мінезділік уақтты басқару қуаттық жүйесінен деп түсіну керек.

Сонымен қазақ ұлтының көркем мінезділік қағидасы діл білімнің жан танудың ойшылдық жүйесін, Абай-Шәкәрім атамыздан алу арқылы ғана Ясауи бабамызбен екі аралықтағы даналардың, әулиелердің сөзін түсіну арқылы рұқтың, ақылдың күшін меңгеруге, кісілігіне жалғанып, онан кейін Ясауи бабамызға сәни дәптер кітабына жалғанғанда, толық мүмін, жанды бола аламыз. Сонда ғана Алланың біздерге иіріп берген жанның жібін жалғауға болады және пайғамбарымыздың көркем мінезділік жүйесіне де толық жалғану болып табылады. Бірақ бұл аралықта әрбір пенденің өз ата жұрты жеті ата аруағы болып, оны меңгеру үшінде Мұхаммед пайғамбарымыздың үмметтік сапына тұра білу шарт. Себебі Раббымыздың біліміне нұрына жалғану үшінде Мұхаммед пайғамбарамыздың ризашылығына бөленіп, батасын алып, елшілік жүйесін меңгеруге аманатын алу да керек.

Осындай жүйеден масһабтық бес парыз намазды пайғамбарымыздың сүнеті негізінде жеке –жеке қасиетіліктерін ғана бөліп алумен, пайғамбарлық намаз орындаудың, жүйесіне жалғанбай, құранның көптеген аяттарының сырын ұқпауға да басты себеп, ана тілінің сөз ұғымдырына арасына бөтен сөз қосып, немесе ой үнінін өзгертумен қаркетік ақыл күшін жасандылыққа байлап, қазақтың ұрпағы өз тілінен, ділінен ажырап, Абай-Шәкәрімдерінсіз әулиелікті меңгермек болғаннан туындағаннан, деп білу керек. Ал мұндай жағдайда қайтадан діл философиясының, қазақ психологиялық жан тану мектебін қалыптастырмай заңмен бақылап, іздену жолындағы адасқан жастарын соттап, қудалап бір ұлтты бөлшектеумен айналысқан ел билігінің білімді қауымның істері де ібілістің еркін орнатуға жол ашумен бірдей болмақ…(жалғасы бар Қыркүйек айы 2016 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.