III- Көркем мінез бе әлде жасандылық па?

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым демектің бәрі де-ақымақтық.» (Абай даналығы) Қазіргі таңдағы қазақтың рухани жағдайы әйтеуір өзіміз осыны білсем, үлгі қылсам жұрттан артық көрінемін, деген мақсатпен әлемнің барлық білімдерін меңгеумен өмір салтын қоса алып мұны ақылдылық, даналық деп түсінеміз. Ал дінді меңгеру, жаратушыға құлшылық тұрғысында қатарымыздан озық болмақ, артық көрінбек, дәрежеленбек, құдайға жақын болмақтың соңында, өз ара менен үйрен, менікі алсаң, сенде адам боласың деумен; әркім өзіне ұнаған тарихтағы бір жақсыларды, әулиелікті таңдап, діннің тура жолы атап, өз ара менікі ғана ақиқат, дұрыс, деген тартыста өмір сүріп жатырмыз. Негізінде білімді қауымдылар жақсы тұрмыс, заңға бағынған әділ қоғамды құрып, саясат, білімділік дүние шаруасына жетік болу арқылы, «көркем мінезді адамды»қ деп атаса, ал діншілеріміз пайғамбарлық мінездің үлгісімен; ысапты, ұятты, сабырлы болып, жұрттың ісіне араласпай, бес уақыт оқыған намазыңды, істеген сауабыңды ғана біл, дегенмен шектеліп өздерін адамзаттың озық үлгісі деп санайды. Екі жағы да; Ақыл, ар, ғылымды мінезбен бейнелеуді терістейді.

Сонымен білімді қауымының негізгі ар-ұятылықты ескермей, әлем салтымен қара түнек күштермен, қазақ дәстүріне қайшы болып, түбі бақытсыздықпен ғана аяқталатын, есті адам баласына түсіндіріп жатудыңда қажеті аз. Және қазіргі заманда бұл жағдайға ашық белгі түсіп, қияметтің үкімі жүріп жатқаны, көп ұзамай дәуірлердің нәтижелетін «зәуір» мезгілі де туатыны хақиқаттан. Олай болса, тілім білімі емес, ділі білімі арқылы ғана жан күйдің ахуалын қалыптастаратын негізгі ақ бұлағы болуы керек. Діл білімнің орта топтық тәрбиесімен, дін ұғымы тұрғысында пайғамбарымыздың мінезінде адамзаттың тектілігі, діл және тіл қуаттық жүйесінің қасиеттерінің барлық үлгісі болып, оның көрнісі ақылдың данышпандығы, ғылымды меңгерумен жаратылыстың барлық заманға сай құпия сырларын түсіндіріп, уақытқа да әсер беру, табиғатты, жаратылыстық өмір себептерін басқару қабілетіне жетумен бірге, біздің заманымызда да әлі жалпыға әлі құпия болып ашылмай келе жатқан ғылымының сырларын, Алланың игілігін, адамзаттың өзін тану білімдерін өсиеттерімен қалдырғаны болып саналды.

Біздер пайғамбарымыздың көркем мінезін үлгісін өсиеттерін алып, оны тіл білімінен туындайтын, барлық білімдерді ғылым атап, ол арқылы мінезімізді, жанның, рұқ қуаттарының тәрбиесін меңгере алмаймыз. Пайғамбарымыздың көркем мінезінде оның тағдыры, тақуалық жан тазалығы қуаты және кісілік, әулиеліктің, елшілік істерінің тіл білімінің негізіндегі ғылымды меңгерумен байланысты жоғарғы дәрежесі де бар. Адамзаттың тағдыр кітабы, аруақтық сипатымен замандық уақиғаларға, түрлі дәрежелердегі күнәлік, нәпсілік жаратылысымызға байланысты Алланың міндетелген жобаларына, берілетін нұрына да тәуелді болмақ. Ал жаратаушы нұрдан үлес (он саулық рахметі) әр заманың білімінің артуымен оның қарсылығы да пайда болып, адамзатқа бұл қарсылықтарды жеңуге байланысты жаратушымыздың ғылымы арқылы ғана нұрымен дәржелеп отыруы да жаратылыстың шарты деп білген жөн. Егер біз бізге егілген дәннен нұрлық кіслік болмысыты, ой бақшасын өсіре алмасақ, онда Алланың нұрын бес парыз құлшылық арқылы алу деген де жалған болмақ.

Ал енді әрбір ұлттың ділдік тұрғыдағы жалпы тағдырының ерекешелгімен бірге, сөз ғылымына тәуелді үндердің, таңбалардың саны қуаты артуымен, сөз ұғымдары да өзгеріп отыруы да заңдылық. Қазақта; «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» деген біздің ділдік жүйеміздің бір кезеңнен, екінші кезеңге өтіп, сөз ғылымында електен өткізіп, жаңадан ұғымдарды меңгеруді қажет ететінінде білдіреді. Олай болса, әрбір ұлттың діл білімін, ақыл-ой бақшасын жетілдіріп көркейтуге, Алланың ерекше өріп берілген жандық жібімен және жеке –жеке құдайдан берілетін тағдырына нәпсілік жаратылысымыздың да сипатына байланысты, әрбір заманға берілген жобасымен ғана пайғамбарлық көркем мінезділікті құлшылығымыз арқылы қасиеттілік тұрғысында ғана меңгеру дәрежесі әрекеті болуы шарт.

Сондықтанда мұндай Алланың игілігін пайғамбарымызға Алла тағаланың өзі түсіндіріп көрсетсе, ал біздер пайғамбарымыздың мәңгілік елшілігі арқылы жалғанып, оның артынан сапқа тұрған өз ұлтымыздың әулие-әмилері, Алла достарын, шапағатшыларын ұлықтау арқылы, және мирас болған мінездік қасиетіне жалғанумен, құранның бейнесі болған сандық кітаптарын меңгере аламыз.

Мұхаммед пайғамбарымызға дейінде талай пайғамбарлар өмір сүріп, пайғамбарлық қасиеттердің үлгісін жетілдіріп, мирас тұрғысында қасиетілік қылып қалыптастырған да еді. Оныңда белгілі өлшемі 46-сандық белгісі болғанын ескертіпті. Ал енді құранда жоғарғы дәрежелік қанатты перештелер және Адамдықтың үлгісі болып, есімдерімен және сандық тұрғыда сүрелерімен баяндалады. Мұхаммед пайғамбарымыз 47-сандық белгі тұрақты адамдық қасиеттің, періштеліктің ең жоғарғы дәрежесі болса, Нұх пайғамбарымыз елшіліктің құдайшылдықтың негізі болып саналды да оның дәрежесі 71-санмен белгіленген.

Нұх-елшілік, иелік, жүздесу деген ұғымды бейнелейді. Алла мен адамзаттың арасында дәнекер құран және оның жеті үндік белгісі 3-негізгі қасиетпен дәрежелгенде 21-санды ата жолының Айша ана туындағы жұлдыздар санын береді. Демек бүгінгі заман елшіліктің еркектердің рұқымен 28-сандық арап үнімен жалғанумен және 21-Әнбия-әспетеу арқылы әйел, ерккеке ортақ ақпарттық жүйе, көркем мінездің құлшылығы да болып саналуы, исламның бірлігін меңгеру, (28+21=49) имандылық дәрежесі болуы керек. Сенім білімі тұрғысында 9-сан тәубемен байланысты да есептік жүйесі бар. Сонымен бірге құдайдың растығын, ұжданың дұрыстығын, қияметтің шындығында осындай сүремен баяндалып тұрғанында да үлкен хикмет және ғылымды меңгерудің үлгілері бар.

Сондықтан да пайғамбарымыз бес уақыт намаз бен екі түрлі құлшылықтың үкімін Нұқ пайғамбарлық елшілік қасиетті меңгерумен, және ғылымға жалғанумен бір қуаттық жүйе көркем мінезбен көкке Миғажға көтерілгенді. Ал біздер үшін енді осы үш құлшылық негіздері арқылы исламды бірлеумен ғана тұтас құранды меңгерумен, кітаптарына жалғанумен пайғамбарымыздың артынан сапқа тұра аламыз және ісін жалғастырушы жетекші, имам, дін ғалымы болып, жер бетінің халифтары, Алланы достарына, әулие-әмилеріне біртұтастық қуаттық жүйесі болған «Біздерге» және 88-саруарлық пірлігіне жалғанып, қосыла аламыз.

Қазақ еліндегі масһабтық діншілер тарапынан Мұхаммед соңғы пайғамбар және соңғы елші, сондықтан енді уахи берілмейді, Алланың заманға қарай беретін аятттарын, үкімін жеткізуші, шындықты келтіруші елші, деген болмайды деген ұғымды халық арасында берік қалыптастырып, құранға ашық қарсы тұруға қалыптастырып үлгіргені де сөзсіз. Шынында енді қайтадан жаңадан дін әкелетін пайғамбар келіп, құраннан басқа кітап түсірмейді деген хақиқат. Бірақ құраның кітаптарын түсіндіріп оқылуы, кейбір аяттардың ұғымы өзеріпі оны уахимен елшілеріне берілуі тоқтап қалды деген Аллаға ортақ қосу болады. «Абу Хурайра, ол Алланың елшісінің былай деп айтқанын жеткізді: «Бұрын израйлдықтармен пайғамбарлар басқаратын, және әрдайым қай бір пайғамбар дүниеден өтпесін оның орнын басқа пайғамбар басатын. Ал мен жайлы айттын болсақ, онда менен кейін пайғамбар болмайды, бірақта көптеген халифтар болады.» Сонда адамдар: «Бізге не бұйырасың?», — деп сұрады. Пайғамбар «Оларға ант берілгендердің алғашқысына адал болыңдар, (әулие-әмилерге, сахабаларына) олардың хақыларын орындаңдар және Алладан өздеріңе тиесілісін (солар арқылы) сұраңдар, ал Алла болса, оларға сеніп тапсырылғандарынан міндетті түрде сұрайды», — деді. Әл-Бухари

Бұл өсиетпен пайғамбарамыз қазақтың; «Өліге иман тірге берекет» сұрап «Өлі разы болмай тірі байымас» деп өлілердің де хақылары біздерде барын, оларды орындау жолында ата жолында керуенге шығып, Алла жолында мал жанмен соғысуды ашық ескертіпті. Сонымен бірге олардың уәкілі атқарушысы болып, елшіліктің, тура жолға жетекшілердің ант берілгендердің, адамдар арасынан пайда болу жалғаса беретінін ескертсе, құранда аятпен;«Қашанда адам баласына тура жетекші келсе, оларды иман келтірулеріне және Раббыларынан жарылқану тілеулеріне кедергі болған нәрсе, бұрынғыларға келген апаттың; өздеріне келуін немесе азаптың қарсы алдарына келуін тосулары» (18-55)

Олай болса, қазақ еліне тура жетекшілікке Ақ ұл арқылы мөр ашумен аққу, сұңқарлар арқылы әулиелер батасымен жетеленумен көзі ашық, көкірегі ояу ер азаматтардан көптеген елшілерді дайындауға құдайдан үкім түскімен, жаппай ел биліктен, дінші, білімді қауымдардан қарсылық болып, бұл істі меңгеруді көбіне қатындар мен ақылы толмаған жастардың қара түнектің күштердің ықпалына түсіп кетуіне де себеп болды.

Сондықтанда ата жолының қудалануына, қазақ ұлтына тән мінез көреалмастықтың, шайтаның азғыруына түскендердің бұрынғы замандағы азапттардың қайталап қарсы алдымызға келуіне, ұжданымыздың антын мүлде жоғалуына соқтырдық. Сонымен тура жетекшілікке Алланың мөріне, оны алған аққу, сұңқарлар арқылы, антымызды яғни Мұса пайғамбарымыздың ақиреттен берген уахи бойынаша; «(1)Өмір сүру, (2) еру, (3)серт және (4)ақиретке салауат» арқылы ғылымға жалғанатын текті, қасиетті ер азаматтардан қазақта елшілікті меңгеруді тастап қойдық. Мұның себебін аятта; «Негізінде елшілерді қуандыру, қорқыту үшін ғана жібердік. Кәпірлер, бос нәрселер арқылы шындықты төмендетуге жағаласады. Әрі апаттарымызды және ескерткен нәрселерімізді тәлкекке алады.» (18-56)

Алайда ата жолына келген шындықты жүрек құлағы арқылы, жер ана рұқымен жалғанып, әулие-әмилердің батасын жеткізетін аққу, сұңқарлардың дәстүрмен бекіген шариғатты тастап қойуымен, ата дәстүрін төмендетуге ғана қызымет қылып, ал мұны дін муфтиятпен, білімді қауымдар тарапынан сынап, тәрбилеп жөнге салудың орынына, тәлкекке алғандарды құдайдың жазасына, азабына ұшырағандығынан ғана аңғарамыз алдағы уақыттарда. Әрине мұндай жағдайда біздердің дін муфтиятымыздың, ғалым, теолог аталған ғұлмалардың тек тәпсірілік білімді ақылдан жоғары қойып, масһабты тура жол, яғни Алла тағаланың өзі, сегіз сипатты жаннатық негіз бен және Раббылық-Құдайлық сипатынан, деп халықты бұйытуына да ел биліктер тапынан заң тұрғысында жол берілгені хақ. Еліміздің рухани көшін ақылы толмаған жастардың қолына беріп, дінді кез келген арап тілін меңгерген тілмаштардың, жетесі, санасын меңгермеген білімділердің қолына бергесін, әрине пайғамбарамыздың да көркем мінезінің жандық, рұқтық тұрғыдағы қасиетін емес, дүниелік сипатын алып, исламның бірлігін бөлшектеуге оңай болуы да сөзсіз.

Сондықтан бұл қасиетіліктің қазақ ұлтының ділдік білім арқылы жанға иман қуатын алып меңгерудің жолын баяндап насихаттап өткен Абай-Шәкәрімдей ғұламалардың еңбегін де сыртын алып ішіне, ой үніне ене алған текті қазақ жоққа тән. 627. Хадистен; Абу Хурайра, ол былай деді: Бірде Алланың елшісінен, адам үшін Жәннәтқа кіруге ең көп жәрдем беретін не болатындығы жайлы сұрағанда, ол: «Алла алдындағы қорқыныш пен көркем мінез», — деді, ал одан адамды Отқа көбінше не итермелейтіндігі жайлы сұрағанда, ол: «Ауыз бен жыныс мүшелері», — деді. Ал енді ауыздың жағдайын Ғиса пайғамбарамыз; «Сендер ауыздан енгенен (тамақтан) қорықпаңдар, ол тәнді ғана бүлдіреді, ауыздан шықаннан (сөзден) сақтаныңдар, ол жанға қауіп төндіреді» деп ескертіпті.

Олай болса жыныстық мінезді кез келген пендесіне үйретіп тәрбилеуге болады, ал сөз мінезін үйрету ең қиын шаруа. Себебі бұл қасиетілік ұлттық ділді толық меңгерумен, ақылдың толымдылығымен, саналық қуатты меңгерумен, қазақта жалпы ар білімі деп атаған. Діл білімі жанды жетілдірумен байланысты болса, ал жанның қуатына қарай ғана тіл білімін рұқ қуаттық жүйесін ақылдың тазалығына, ғылымына жалғанумен меңгеруге болады. Бірақ ол үшінде тәніміздегі ет-малымызды тазартуға өнермен, адал еңбек ете білу, от басылық жағдай, ұрпақ тәрбилеуде маңызды болып, осындай жағдайлардан өмірді сүре білумен, даналар ғибраттарына ере аламыз. Және құдайшылық арқылы жек басымызға тағырымызға аманат жүктерді, сертімізді алуымызбен оны орындауда парыз болмақ. Сонда ғана; «Өлі риза болмай тірі байымас» деп, «Өліге иман, тіріге беректін бер» деп қазақ дәстүрімен салауат айту құлшылығы арқылы ғылымға жалғануға есік ашылуы керек.

Біздің қазіргі таңдағы діншілеріміз, ғалымдарымыз арам тағамнан сақтануды меңгеріп, өмір сүру салтын жұртқа үйреткендерімен, бірақ ғибараттарға еру құлшылығын тек Ханафи Ағзам үлгісін алып, ал ата дәстүрлік салауатылықты серік қосу атап, және көркем сөйлеуді, сөздің ойын сақтауды, бөтен сөзбен ділін былғамауды өздері де білмейді. Мұндай жағдайда көркем сөз өнері жоқ жерде, ақылдың да өркениеті заманға қарай қалыптасуы да мүкін емес, ақыл жоқ жерде ардық сақталуы жоқ, онда арсыз білімнің соңына түсіп, құдайшылдық жоғалып, көркем мінез туралы да әңгіме қозғауда надандық болуы шарт.

Мысалға бүгінгі күнгі масһабшылардың сөз өнерінің сипатын; «Фиқһ мәселесінде салафи ғұламалары…ақида мәселесінде ханбалилерден….ақидада әһлу сүннә жамағаты ұстанған тафуид пен тәуәил жолын ұстанған. …тауфид келтіреміз…Имам Ахмадтан «истәуә» жайлы.. олардың муташаббиһ аяттар мен..хадистерді зиһри мағынасына қарай..түсіну аһлу сүнна ақидасына қайшы келеді…» (Мұқан Исахан Ислам газеті 30.09. 2016 жыл) Бұл қазақтың сөз өнерін жоғалтуға, сөз ұғымдарының ойы ұрлатып ақылдың негізделуіне, сана түгіл аз ғана жетесі бар қазақтың тапқан иманын ұрлап, ақылын қазыққа байлауға арналған ібілістің мылжыңдық, өзге ұлттың сөзіне құмарлық негіздегі сөз өнері екені хақ. Және дін ғалымдарының қазақ тіліне деген терорлық ашық әрекеттің де ел билеушілер тарапынан қолдау беріліп, қияметтің азабын ғана туындатып жатқаны хақиқат. Құдайдан қорқатын ана тіліне деген сүйіспеншілігі бар пенде бұлай сөйлеп, жанды өлтіруге арналған азғындықты дәріптемейді.

631. Хабар бойынша, Жәбір, ол Алланың елшісінің былай деп айтқанын жеткізді: Расында, сендерден маған ең сүйкімді және Ахіретте маған ең жақын болатындарың ол көркем мінезділерің, ал маған ең жағымсыздарың және Ахіретте менен алыстатылатындарың ол әр-бір мылжың /сарсаруна/, мақтаншақ /муташаддикуна/ және сөзқұмарлар /мутафайхикуна/. Яғни, бір жағынан өтірік, өсек осы сияқтя т.б. ауызбен жасайтын күнәләр жайлы болса, екінші жағынан ойнас жасау сияқты жыныс мүшелерімен жасайтын күнә туралы айтылып жатыр. Ал «сөз құмарлар» кімдер?», — деп сұрады. Сонда ол: «(Бұлар) өр-көкіректер», — деп жауап берді. Қазақ дін ғалымдарының және ел билешілермен ақпартық жүйе басқаруышларның, ақын, дазуышылармыздың да бүгінгі таңда сынды қабылдамайтын өр-көкірек, тәкпарлар болып, өздерінен артық данышпан жоқ деп, осындай мылжыңдардан құралған түрлі заң шығарушылар, партиялық ұйымдар және дінде«ғұламалар кеңесі» мүшелері болып аталатынан да білуге болады.

Қазақ елінде жыл сайын ай сайын пайдасыз жинадардың басында ел билеушілердің шаруашылықпен, ел басқару саясатындағы заң шығарумен және діншілердің «дәстүрлі» атаған әлемді жинап алып, өздерін сынатуға, қателігін түзетуге емес, керісінше мақтануға ғана арналатынан осындай тәкпарлыққа негізделгені делел бола алады. Қазақ елінде ел басшысын сынайтын, жол сілтейтін ешқандай құрлым жоқ болса, жеке-жеке сын айтылғандарды қудалап соттап, түрмеге жабатын да хақ. Сол сияқты муфтиятты сынауда мүмкін емес, сынағанмен ешқандай мән бермеудің өзінде ұлттық мінездің ділдің жоғалғанына дәлел бола алады. Мұндай елде ар білімінің, ғылымының көрнісі болуы да мүмкін емес, және мәңгілік ел аталуы да надандық.

«Дін дегеніміз – ол адалдық көрінісі», — деген пайғамбарымыз. Біртұтас адалдықтың жүйесінен Ар қалыптасады. Өз ұлтына ата-баба аманатына, сертіне ана тілі діліне, тарихы мен аруақтық жүйесін меңгеруге адал болмай, арлы, көркем мінезді болуы да, қазақ ұлтының діншісіне де, кез келген пендесіне де мүмкін емес. Көркем сөйлеу білу, діл мінезі болып, құранмен, Пайғамбардың сүнетерімен жалпы дінің қағидаларымен ойдың үнін бұзбай сөйлеу керек. Пайғамбарымыздың арап тілінен басқа тілді және ешқандай білімді меңгермей ақ ғылымды, данышпандық дәрежесіне жетуі де біздердің ақылымызға сын екені хақ. Ал біздер үшін тіл білімнен, адамзаттың меңгерген әлемдік тұрғыдағы іргелі білімдерден қабілетімізге қарай хабардар болмасақ та, ақылымыз жеткілікті дәрежеде қуаттанбайды. Ал мұндай білімдерді міндетті түрде теріс оймен үндері, рұқ жан қуатарына қарсы әсері болып, оны дінімізбен, діл біліммен тазартуда міндетті болмақ. Және біздің ділдік біліміз сөз өнеріміз құранмен жеті үнімен сәйкесті болу үшінде, өзге ұлттың әулие-әмбилеріне, немесе арап тілін алып кез келген пенденің көркем сөз өнерін шығармашылығын ой жүйесін бұзбай қалыптастыруы да мүмкін емес.

Мұны қалыптастыратында шығармашылық тұрғысындағы сөз ғылымының ұлттық жүйесі болып, пайғамбарлық қасиеттерді толық меңгерген және белгілі бір елшілік қасиеттермен байланысты болуы шарт. Сонымен қазақ үшін; «… Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол-ақының білімсіз бишарасы. Айтушы мен тыңдаушы көбі надан. Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы. Әуелі аят, хадис-сөздің басы, Қосарланып бәйіт мысал келді арасы. Қисынымен қызықты болмаса сөз, Неге айтсын пайғамбар мен оны Алласы. ..Сөз түзелді, сен де түзел…Ынсап, ұят, ар, намыс, сабыр, талап-Бұларды керек қылмас ешкім қалап. Терең ой, терең ғылым іздемейді, Өтірік пен өсекті жүндей сабап.» деп өткен Абай атамыз сөз ғылымының үлгісі, ұлттық көркем мінезінің 8-сипатты жүйесі болуын ескертіпті. Абай атамыздың біздерге санмен бекітіп берген ғибраттары, насихаты құран, сүнетпен үндесіп тұрғандықтан, жалпы ұлттық мінезіміздің дәстүріміздің үлгісі болуы да хақ…(жалғасы бар. Қыркүйек 2016 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.