III-Құдайшылдық негіздері мен құдайға теңдес қылмау туралы

«…Ұят кімде болса иман сонда,-деген. Енді бұл сөзден білінді; ұят өзі иманың бір мүшесі екен. Ондай болса білмек керек, ұят өзі қандай нәрсе? Бір ұят бар-надандықтың ұяты…Не шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болса да, надандықтан бойын керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмас нәрседен ұялған мұндай ұят шын ұялу емес-ақымақтық, жамандық…» (Абай 36-сөз) Ұят деген қуаттың жағдайын Адам ата, Хау анамыздың түсінігінен хикеметті оқиғадан басталады. Жаннатық метафизикалық жаратылыста; атамыз бен анамыз бой өрісі- кебенек киіміне қара түсті қуатты алып, онан барлық әуретті жерлері ,зейнет орындары ашық бейнеленіп кеткені болды.

Бұндай жалаңаштықтың ұят екенін және оны шайтанның үнемі азғырып, адам баласын қалайда тәнін әуретті жерлерін ашуға қызықтыратын да, жер бетіне түсірілген барлық діндермен насихаталып, сонда да болса ұяттылықты меңгеру үшін адамзаттың талай замандардан, уақиғалардан қайғы-қасіреттерден үлгі алумен өткені де хақ. Себебі ұяттылық қуаттың да біліммен байланысты қарсылықтарын да үнемі меңгеріп отырумен діннің де өркениеті қалыптасады. Олай болса, пайғамбарымыздың кезіндегі немесе кейінгі масһабтық дәуірдегі ұяттылық қуаттың бүгінгі замандағы қарсылықтарды арсыздықтарды жеңуге қауқарсыз да болмақ. Ұяттылық ақылдың негізгі ірге тасы қуаты болып, оған рұқтық қуатты меңгеру тәсілін, үнемі білімін де жітілідіріп отыру шарты болмақ.

Сонымен ұяттылықты адамнан ұялу, құдайдан ұялу деп екіге бөліп қарастыру керек. Адамнан ұялуды бірінші түрі адамдылықты түсіну сақтау мен, екінші жағдайда адамдалыққа емес, жалпы ортаға, қоғамға, белгілі тобыңа ұқсау, олар не істесе соны істеп, бірдей түсінікте болумен оны орындамаудан ұялу яғни шайтандық, жындылық деп бөлуге болады. Адамдық ұятты діл білімімен, ата-бабаларымыздың меңгерген діні мен ғылымымен байланысты; «…Біреуі сондай ұят, шариғатқа теріс, я ақылға, я абиырлы бойға теріс, я адамшылыққа кесел қылық, қатеден яки нәпсіге еріп ғапылдықтан өз бойынан шыққандығынан болады. Мұндай ұят қылық қылғаныңды бөтен кісі білмесе де, өз ақылың, өз ынсабың өзіңді сөккен соң, іштен ұят келіп, өзің жаза тартырады. Кірерге жер таба алмай, кісі бетіне қарай алмай, бір түрлі қысымға түсесің…»(36-сөз)

Енді мұндай ұятылықты меңгеруді тек масһаб, муфтиятық дін топтарына ғана лайықты деп, ел билігіміз діннен бөлек зайырлы деген ішкі ой қуаты жұртқа белгісіз ұғымды қалыптастырып үлгіргені сонша, мұны ерекше керемет саясат, әділетілікті сақтайтын дін тұрғысында қабылдайтын болдық. Мұндай жағдайдың себебі діл білімінсіз, тіл біліммен ғана ғылымды болмақтың, әлемдік үлгіні алумен байланысты деп білген жөн. Себебі аятта; «Шынайы меңгеруші Алла әр нәрседен жоғары. Мұхаммед саған етілген уахи бітіуден бұрын Құранды оқуаға асықпа да; «Раббым, білімді артыр!»,-де» (20-114)

Пайғамбарымыздың өзіне Құранды оқумен, түсірумен байланысты оның білімі, түсінігі яғни ақылға берілетін рухани күш, білімді Раббымыздың ғылымынан алу керегін ашық ескертіпті. Олай болса, Құран ең жоғарғы рұқтық тіл білімі болып, барлық ғылымының атасы болып табылғанмен, оны тікелей түсіну мүмкін емес, әр заманға қарай Раббылық білімді арттырып отыруға кітаптарына жалғану тиісті болмақ. Пайғамбарымыздың да ұяттылығының жоғарғы дәрежеде болуы да арап тілінің сөз ғылымын жетілдірумен, астарлы сөздердің ой үнін меңгеруге, Раббылық білімге жалғанудан, деп түсіну керек. Демек қандайда бір жаратылыстың танымын, білімін меңгеруде әрбір ұлттың ана тілімен діл білімін жетілдіріп отыруға ол үшін де әрбір адам баласы өзін-өзі тану білімін, ұятылықтың сапасын қуатын білімде жетілдіруді меңгеру керек.

Мұндай білімді ұяттылықтың қуатын артырумен байланысты, ақиреттің құпия сырынан хабар алумен, әрбір адамзаттың дүние тіршілігіндегі білімді меңгерумен, тіршілік әрекетінің соңының жауабы, қандай пайда зияны ақ пен қараның арасын ажыратумен байланысты деп білу керек. Мұны заманға қарай шындықтың ғылымын меңгеру деп атаған жөн. Егер шындық ғылымына ділге қуат, ақылға нұр болмаса, түрлі керметтілікке айналған білімді заманда, ұяттылық қуатымыз адамдықтың ділдік сипаттан асып жасырын тұрған жамандықты, жанның азғындыға түсіретін қарсылықтарды ұғынуға табуға да шамасы келмейді. Бұл жағдайда аятта; «Рас бұрын Адамға үкім берген едік. Алайда, ол ұмытты. Оны төзімді таппадық.» (20-115) деген жаратушымыздың ескертуінің астарында Адам атамызды Хау анамыздың азғырып, ұятсыздыққа мәжбүрлеуі де құдайдың жобасы, тіршілікке беретін үкімдерін, тиымдарын ұмыту деген барлық адамзаттың сынағы болып қайталанып отруы заңдылық болмақ.

Сонымен ұятсыздыққа мәжбүрлеу, әйелдер қауымынан басталып, әйелзаттарының білімді, дінді меңгеріп қандай істерде де ерккетердерден тең болуға, ақыл айтып жол көрсетуге тұруларымен, Адам болуды ұмытуға мәжбүрлмек. Адамдық жан, елдігіміз әлсірегенде, еркектердің үнемі мұндай ібілістің құрған қақпанына түсіп, жаннатық жарығынан, ақыл киімі кебенегінен айрылып, тозаққа әйелдермен бірге тусуге мәжбүрленуі де қарсылықтың шарты. Әйелдердің ұятсыздыққа түсіп қуатын жоғалтқанда еркектердің ерікті түрде Адамдықты жанды сақтайтын ұятылықтың қуаты жоғалып, мұндай жағдайда; «…Осы күнде менің көрген кісілерім ұялмақ түгіл, қызармайда да. «Ол істен мен ұятты болдым дедім ғой, енді нең бар?»-дейді. Я болмаса «Жә, жә, оған мен –ақ ұятты болайын, сен өзіңде сүйтпепе едің?»-дейді. Немес «Пәленше де, түгенше де де тірі жүр, пәлен қылған, түген қылған, менікі оның қасында несі сөз, пәлендей, түгендей мәнісі бар емес пе еді?» деп, ұялтамын десең, жап-жай отырып дауын сабап отырады…» (36-сөз)

Қазіргі таңдағы қазақтың білімді қауыммен, жалпы бұқара халықтың «гендірік теңдік» деген саясаттың арқасында ұят, деген қасиетінің жоғалуына да ел биілігіміздің сайқалдық саясат ұстануыда себепші болғаны хақ. Мұндай жағдайда ақылды, білімді деген әйелдеріміздің; «Ниетің ақ болса болды емес пе? Жүрегім таза. Қатынша дауласып менде нең бар. Әйелдің жанын түсіне білмейсіңдер. Заманға сай болғаның несі жаман..» деген сөздерді шайтандық әдетке алса, ала етекбасты болған еркектердің; «Бір Алла өзі біледі де, ниетім дұрыс, сенің шаруаң болмасын…Сенде сүйткен екенсің ғой…» деген сияқты сөздерін өз басым жиі естимін.

Енді ел басымыздың; «Нұрлы жол, нұрлы отан, нұрлы жер, мәңгілік ел, жүз қадам, үл тілмен ғылымды болу..» деген сияқты жолдау, жобалардың негізі Раббылық білімге жалғанып, қазақтың үш байлығын меңгерумен байланысты, бірақ ойының түсінігі теріс болғасын, оның әрекетіде теріске айналып алғаны хақ. Жалпы мұндай атау сөздердің ұғымын, ой қуатын меңгеру үшінде жете саналық ақыл керек. Ал оны меңгеруге де бес сезімнің үнін ұяттылық қуатқа айналдыру құлшылығын меңгеріп, зайырлыққа жету шарт. Сонымен ел билігіміздің қазіргі таңда зайырлы дін ұстанамыз, дегендері құдайшылдықты меңгергенбіз, барлығымызда ішкі қуат зайырлық толық, сондықтан масһаб, басқа дін салаларының бәрінен де жоғары тұрған әділдікке жеткен елміз деген ұғымыды білдіреді.

Бірақ бұл жағдайдың елге ақыл айтуға лайықпыз деген; тақ, дәрежесі барлардың өздерін өздері масқаралау, жындылық екенін де түсіну үшінде ұяттың іштен ғана шықанының қуатық шамасы жетепейді, оған онан да жоғарғы дәрежелі ақыл қуаты керек. Мұны Абай атамыз; «…Біреуі-ондай қылық өзіңнен шықпай-ақ, бір бөтен адамнан шықанын көргенде, сен ұялып кетесің. Мұның себебі сол ұят істі қылған адамды ескіргендіктен болады. «Япырым-ай, мына байғұсқа не болады, енді мұның өзі не болады» дегендей, бір нәрсеге іштен рақым секілді болып келіп, өзіңды қысып, қызартып кетеді…» (36-сөз) Сонымен мұндай ұяттылықтың нышаны жетелі ақылдың пайда болауымен байланысты белгісі болып, саналық ақылмен толық құдайшылдық, құдайдан ұяла білу болып қалыптасады.

Енді қазіргі таңдағы түрлі партия құрып, желтоқсаншыл, жаңөзеншіл елдің рұқын намысын ойлағыштардың немесе маабшыл, тарихатшыл, ақиқатшыл болып, құдайға төте жол тауып алдық, дегендердің бәрін сырттай ғана жетелік ақылмен қарасаңыз, олар үшін қазақтың мұндай надандыққа түскеніне де қызаруыңыз міндетті болмақ. Ал шашын жайған көтін, төс, қолын ашқан қатын қыздардан жиркену де, осындай ұятыңыздың толымыдылығынан деп біліңіз. Егер ондай жиркеніш болмай, қызыңыз, әйеліңізде, жақындарыңызда мұны әдетке айналдырса, онда бес сезімге ақылыңыз байланған көп наданың бірі болғаныңыз. Ұяттың белгілі ешқандай иіс сусыз жұпарлық исі болады. Жас баланының өзі тағдырдан ұятымен өмірге келіп, нәрестенің исі төменгі дәрежесі болса, ал жоғарғы дәрежесін аңғару үшінде өзіңнің бес сезімің таза, алты жаның араз болмай, дәм сезу қуатының таза, толымдылығымен жанның әрекетімен байланысты болады.

Енді қазақтың ұғымында ұяттың армен бірге аталуында да жандық құпия сыр ғылымы бар. Бірақ мұны ата жолында аз ғана мағлұмат бергенмен оны оқып, түсініп арланатын ел басшылары да жоқ бүгінгі таңда. Неге десеңіз, ұяттылығы жетілмей қалып, иіс сезімдері қараланып, сондықтан өздері ұятсыз қатындардың қолынан тамақ ішіп, қойнына жатқасын «исі қазақ» болмай, нәсілі жоғалып, және жандары жоқ тек, жынның исі ғана шығатын кім білмек? Сондықтан мұндай пенделер әйел, еркегі де бас киімен, жаулықтан өлетіндей қорқыныш болып, ондай жасғандарды жек көреді. Қалайда мұқатып тежеуге күреседі. Ал бұларды сыртай сынап айтқанмен де сөз түсінбейді, себебі ел басының өзінде ұятын сақтайтын ар сауыты жетілмей қалған. Ары бар болса ғана сөз ұғымын түсініп, ата –бабалар аманатына қиянат жасағанды ешқашанда қаламайды.

Жақында біздің бір шәкіртіміз зікірдің кезінде жандық халмен, ақиртке сапар шегу аянында; бір патшаның еліне барып, олардың тұрғындарының бәрі жартылый жалаңаш, тек алды артына кеудесіне ғана шүберек жапсырып алған екен. Сонан патшаға, «Бұл қалай патша екенсің, онда мұндай ұятсыздықты неге тимайсың» дегенде, ол патша күліп тұрып; «Сендердің қауымдарыңда біздің қауымға қосылуға келе жатқан жоқ па?» деген жауап беріпті. Бұл біздің ел басшыларымызға ақирттен жіберген сәлемдеме сияқты болды шынында. Қазақ елін мәңгілік ел қыламын деп, қазақтың тарихында да болмаған сондай жоғалған қауымға, тозақтықтарға қосуға жан таласып жүргенін неге мойындамасқа? Сондықтанда; «Қазақта бұрын мұндай болмаған!» дегенді де жиі естиміз ел биліктен. Шынында аманатқа қиянат қылған, ар ұятылықты сақтауға тиым салған хандар болмаған қазақ тарихында.

Ал ата бабалар жолына, дәстүріне ұстанған әдет-ғұрпына қиянат болған жерде иман жоқ. Иманың жартысы ұят болса, онда ол жартымыз әйелдерміз екені хақ. Олай болса ұятсыздықты ашық қолдайтын қандайда бір имансыз пенденің мүлде арсыз болып алғанына да күмәніңіз болмасын. Имандарының жетілмей қалғанына дәлелді «ел биліктің кісілік, зайырлық сипаттары» деген жазбамен баяндап жатырмыз. Ал мұның жандық тұрғыдағы иісі қазақтық тектілікті меңгеру, құдайшыл болудың құлшылығын «Аққу, сұңқар және ата жолы..» деген жазбадан танысыуға болады. ..(жалғасы бар. Желтоқсан 2016 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.