Туған жерін жауға бермеу қазақтың намысының үлгісі еді    

 

      Қазіргі таңда елбиліктің ең үлкен қателігі жердіпайдаланудашет елдердің тәжрибесін енгізбек болған әрекеттерінен туындап жатқаны да сөзсіз.  Бұл жағдайды дін тұрғысында, қазақтың рұқын оятуға деген құдайдан түскен сын деп білген жөн.  Қазақтың өлген рұқының оянуына екі нәрсенің басты қозғаушы күш болатыны да хақ. «Жер дауы мен жесір дауы» деп аталған атадан кейінгі ұрпаққа мирас аманат болып келе жатқан, жетелі ақылға түрткі болатын бұл рухани жүйеміз болмақ.

  

   Осы екі мәселенің де енді бой көтере бастағаны қазақ халқының оянуына түрткі болып, аманаттарын іздеген жанның тірілу әрекетінен болып жатқанына да қуану керек есті пенделерге. Алматыда әмбебап дүкендерінде және жақында Астанда хан шатырында шет елдің азғыруына түскен жастардың, көпшілік алдында жалаңаштанғандарға және 91 тобы деген әншілерге де қарсылық білдірген аз ғана қазақтың өкілдері болды. Мұны құптағандар үнсіз келіскендерде заманға лайық болу деп қарсы болғандарда көп болғаны сөзсіз. Демек аз болса да халық ішінен ар ұят дегенді түсінуге шақырған ақ жандылар мен қара түнеккүштердің, шерік қосушылардың қарсылығынан аз да болса қозғалыс басталды.

 

    Сонымен бірге қытай еліне қыз берудіңде дауы сайт бетерінде қызу талқыланып, қарсылық білдірушілердің саны артып келеді. Және тоқал алудың мәселесінде де құптаушы нәзік жандылардың артып келе жатқаны да қазақ дәстүріне деген ынтаның, ата-аналармыздың тарихына, жадына деген құрметтің  пайда болумен байланысты екені де сөзсіз. Әрине бұл әзірге қазақтың рухани оянуына рухани нәр алатын тамырына қайта оралуға өте әлсіз әсер болғанымен жоқтан жақсы. Ең маңызды осы тамырымыздың өсіп нәр алатын жер мәселесі екіні де хақ. Сонымен жер дауының мәселесі жесір дауымен қосылуға талпыныс басталып, іштей тынып, қайнап бір күні алапат күшпен бұрық етіп сыртқа шығып, ел билікті де тас талқан қылатын қазақтың аруақтануына жол ашатын жағдай екенін әзір ел билеушілер түсіне алмай жүрегені де сөзсіз.

 

    Бұрынғы замандарда да осындай қазақ жерін қалайда меншіктеуге тырысқан көрші мемлектерден шабуылдар болғаны да және қалайда жерін ұрпақтарға бүлдіртпей арамдатпай қалдыру мақсатында, жесір дауын екінші орынға қойып «Қатын жолда, баба белде» деп талай нәубетерді ата-аналарымыз бастан кешкені де тарихтан мағлұм жағдай. Ал орыс империясынан мұндай саясатты құпия жүйелі түрде атқарылып,  бірақ сонда болса аштан өлсекте, қатын бала өзге елдің салтына еріп жаттанып кетсе де өз жерімізді қорғаймыз деген ниетпен қаншама текті қазақ бабалармыз өз ара бірігіп әрекет ете білгені де бүгінгі таңдағы жеріміздің көлемі қазақ ұлтының барлық жерде қонысын сақтауымен де дәлел бола алады.

 

   Ал көптеген қазақтың  тұрғындары  дүниесін және жан ұясын, дінін сақтауды жесір дауын ғана сақтап, жерін қорғауды маңызды деп ойламағандар өз отандарын тастап кеткендері де сөзсіз. Жаулармыздың мақсаты жерді меншікке айналдырып өз ұлтын қоныстандырып  иемдену болып,  елдің арасына астыртын жүргізілген үркіту, қорқыту, қонысын тастап қашуға азғырумен шетел асып туған жерін қорғауға жігерлері жетпегені де қазір мойындауда қиын. Қазақтың ұғымында жер дауының мәселесі қандай рухани құндылықтан жоғары деп білген жөн. Жерде нәсіліміздің ұрықтары сақталса, табиғатта сөзіміз, қазақтың исі сақталатын, қазына байлық екенін ата-аналарымыз ежелден жер қасиетін әлемде ең жоғарғы саналы түрде түсіне де білген. Топырағына тартып тулу деген қасиетілікті де жақсы түсіне білетін әлемде қазақ елі ғана десек артық болмас.

 

    Жеріміздің топырағы таза тау –тасымыз табиғатымыз шөбіміз құнарын, өз маңызын қазақтың исін жоғалтпаса, бұл ұрпақтарымызға да таусылмайтын несібе деп білген жөн. Ел билеушілердің шет елдің тұрақты нәсілдерін сақтамайтын өзге елге ауысып отыратын, рухани жанға қызығы, әулиелері жоқ,  сондықтанда жерге кім ие болуы маңызды емес, дүние байлық өндірсе болды, деген елдердің саясатын ұстануы да қазақтың рухани құндылығын жоғалтуға деген жауларды ібілстің ұрпақтары арқылы атқарлып жатқаның көрнісі болмақ. Жердің ойпатарындағы жер есігі мен көкке сатыны жоғалтуға деген ашық күрестің масһабшы, исламдық топтардың өз қазағымыздың қолымен атқарылып жатқаны да, болашақ өзге нәсілдердің жаулап алуына жол ашу екенін әзірге түсіне алмаймыз.

 

   Сондықтан қиямет қайымға соңғы тіршілікке дейін адамзаттың несібесін жерге беріп, әулие-әмилер арқылы жаның, тектің жібін көкке жалғап қойған жаратушымыз. Ал мұндай тектілік көркем сөз ағашы аз елдердің нәсілдері де жүз жыл сайын ауысып, ұлттық сипаты өзгеріп отыруы керек. Олай болса; Жер дауы, жесір дауы  қазақтың ар намысының көрінетін айнасы болуында да, ұрпақ тазалығының тектіліктің, халықтың екі дүние несібесінің, байлығының  негізі жатқаны хақ. Бұл екі даудың бірін-бірі толықтырып тұрғанда ғана қазақ дәстүрінің ақ бұлағы көрніс береді. Жерді ойлап әйелдер тәрбиесін ұмытқанмен түбінде ұлттың нәсілінің өзге елдерге қарай ауысып, болашақтың отансыз жерсіз қалудың қаупі де арта береді. Ал, ендігі қазақтың уайымы намысы құдайдың өзі көктен түсіріп жерден өндірген заттық тұрғыдағы ғана байлығын қорғаумен шектеліп, мұны енді құдай артығымен бере алатына сенімсіздік құдайсыздыққа шақыру ғана.

 

  Шынында қазақтың рухани байлығын ешкім тартып алған жоқ, онан әлі өнетін талай қазына байлықтың көзі де ашылмай жатқаны хақ. Ал оны өндіретін, жан беретін, әлемдік жүйеге қуат қосып, көк қазынасынан сый алатын рухани қазынамызды дін дәстүрімізді өзіміз тастап, дүниенің қызығымен европа, азиядан келген арсыздыққа бой алдырып алданып жүргенімізді де білген жөн. Қазақтың рухани қазынасы көкте және жердің терең қабаттарында. Ал оған жалғанатын елшісі әркімінің МЕН атты жан-жарында. Осындай ұлттың қамын жеп жүргендерге сырттай ішіне үңіліп көрсең, алты жаны түгіл аманат жанында өсіріп жетілдіре алмағандар.

 

     Мұнан қалай бабалардан қалған мұрағаттарды дүниемен араластырмай арамсыз, тақуалықпен меңгеріп, Құдайдың беретін орасан зор байлығының көзін қалай аша аламыз? Әрине құран арқылы киелі ойпатарымызды таза ұстап, халықты жаппай рухани оянуға, күнә жүктерін түсіріп ақталуға шақырып, мұндай топтардың ішінен құдайлық дарынды меңгеретін ұжданды ұлт өкілдерін тәрбиелеу арқылы ғана мүмкін болмақ. Бірақ  менің бұл пікірлерімді түсінетінде аз ғана, қалғанын бұл не сандырық, деген сауалды ғана тудырады…Абай атамыздың зар мұңын оның рухани өміріне жолына жалғанбай кім түсінбек?…(Қаңтар 2017 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.