V-Құдайшылдық негіздері мен құдайға теңдес қылмау туралы

Қазақтың ата заңы ежелден құдайшылдыққа негізделіп, осыншама жерді біздерге дейін сақтап келуімен, ұлттымыздың тектілік жүйесін де сақтай білгенің арқасында біздердей ұрпақтардың олардың рұқының жемісі екенін де естен шығармаған жөн. Олай болса құдайшылдығымыздың үлгісін; «Рас, бұрынығы ата-бабаларымыз бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайлығы, тазалығы төмен болған. Бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен.Ендігі жұрт ата-бабаларымыздың мінді ісін бір-бірлеп тастап келеміз, әлгі екі ғана тәуір ісін біржолата жоғалтып алдық…сол аталарымыздың екі ғана тәуір мінезін жоғалтай тұрсақ, біз де, ел қатарына кірер едік…» (Абай 39-сөз)

Ал мұндай мінезімізді сақтауға да бүгінгі таңдаған дініміз, ел билеудің саясаты, халықтың ұстанған салтын ата заңымызбен сәйкесті ұлт жобамыз бар ма? Әриен мүлде жоқ десек қате емес. Себебі ұлттық мінезміз ата заңымызды қорғайтын ел билеушілеріміздің құдайшылдығы; ««Қой асығын қолыңа ал, қолыңа жақса сақа қой», «Бас басыңа би болсаң, манар тауға сыймассың, басалқаңыз бар болса, жанға отқа күймесің» (38-сөз) Сонымен ел билеушілердің қасиетілігі; «Басалқалық» бөрікті, болумен, төрелік ел билеушілік пірлік яғни жол табарлық қасиет болмақ. Ал қазіргі ел билік саясатындағы діннен бөлек зайырлық деген сөз жүзінде ғана бар, іс жүзінде дінсіз құдайдың араласуынсыз, нұрынан ілімсіз адам баласы зайырлы, арлы болуы мүмкін емес.

Себебі ел билік халықтың қалауы,таңдаулылары, ұлтың рухани жоғарғы жетістігінен үлгі болып саналады. Олай болса, ұлттық қасиетілігіміз; «Екінші мінез-намысқорлық екен. Ат аталып аруақ шақырылған жерде ағайынға өкпе, аразсыздықа қарамайды екен, жанын салысады екен. «Өзіне ар тұтқан жаттан зар тұтады», деп «Аз арсыздықты қуған көп пайдасын кетірер» деп, «Алтау араз болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» десіп, «Жол қуған қазынаға жолығар, дау қуған пәлеге жолығар» десіп, Кәнеки осы екі мінез қайда бар? Бұларда арлылық, намыстылық, табандылықтан келеді. Бұлардан айрылдық. Ендігілердің достығы-пейіл емес, алдау, дұшпандығы-кейіс емес, не күндестік, не тыныш отыра алмағандық.» ( 39-сөз)

Ал енді ұлтымыздың арлылық тұтыну бұйымдарына жат нәрселерді, әдеттерді, салттарды зар тұтуға (қарсылық қылу, жиркенішпен қабылдау) ата заңымыз бар ма? Немесе ата-баба, әулие-әмилердің аруағы аталып, құдайшылдыққа шақырған істерге жанымызды салып, көшінің қисайған жүгін түзетуге білімді, дінші, ел билеуші, ғалым аталып ат салыстық па? Әлде заманға лайық болу деп мұнан қандай зяин болсын деп аз ғана арсыздықты елемей жанымызға, рұқымызға алатын мол пайдамызды ескерусіз қалдырған жоқ па екенбіз? Ғалым, теолог, философ, имам, хазірет, аталып төртеудің қалай түгелденіп алты жанның араздаспай ұждан болып қалыптасуына заманға қарай жетілдірілген құлшылық білімізді қалыптастыра алдық па?

Масһабты тура жол, деп жол қуғанмен, құдай патшалығына еніп, Алланың шексіз рахметімен, шипасына, пайғамбар шапағатына жалғанып, халықты ұйытып, исламның бірлігін әлемге үлгі қылған ел бола алдық па? Ондай жол қуған арамыздан шыққан дарынды дін ғалымдары имамдарымыз болса, жастарымыз азып, өзге дін топтарына сеніп, бүлік шығарар ма еді? Жол табарлық дініміз болса, онда оның қазынасы да болып, қазақ елі алтын ғасырда неге өмір сүрмейді? Сонымен Абай атамыздың өсиеті бойынша; ел билеушілердің халықтың арасынан яғни жол табарлық қасиетілікпен, ғылымды болып, ақылдың жетелік, саналық сапасын меңгеру арқылы құдайшылдық дәстүрін ұстанудан, арлылық, намыстылық, табандылық атты үш қасиетілік жүйесін меңгерумен байланысты «басқалық», басшылық орындарға сайлануы керек екен.

1.Арымыздың сақталуын меңгеруден; денсаулық байлығы; 2. Намыстылықтан- Ақ жаулық байлығы; 3. Табандылықтан- Он саулықты меңгеру құлшылығында болуымыз керек. Ар сақтауымызбен, сабырлылық, намыстылық төзімділік, табандылық арқылы, яғни төртеумізді түгелдей арқылы ғана иманды меңгере аламыз. Енді бірінші мінез егелері екінші мінездің қыр сырын толық меңгерген және біліммен жүйелеп заңдар, жарғылар шығарып, ұлттық жоба болып, ұрпақтан-ұрпақтарға берілетін аманаттар жүйесі ата дәстүрі, ұлттың қазынасы үш байлығы болып қалыптасуына рухани жетекшілері болып және құдайшылдықтың үлгісі тақуалықтары да болулары керек. Бірақ бұл қауымның шығатын ортасы, яғни халықтың рухани дәрежесінің мектебін қалыптастырушы болған; дін ғалымдары, философ, ғалым, ақын, жазушы шығармашылық өкілдері мен білімді зиялы аталған қауымдарда үш адамдық қасиетілікті толық меңгерген құдайшылдық болмаса, ел билеушілерде қалай болуы керек?

Ал енді мұндай қасиетіліктері толық болған, яғни құдайдың құпия ғылымы арқылы ісін біледі деген дін ғалымдарының өзі аян, уахи алып құдайдан жол-жобасын алып, тағдырларын тазартқан және ғайыптан шындықты келтіріп жүргенін қазақ жұртында дін масһаб, өзге топтарында көрген білген бар ма? Мен өз басым талай жылдыр бой зерттеп жүріп көре алған жоқпын, ал онда қалған қауымда, соңна ерген жамағаттарында қалай болмақшы? Құдайдың заманға қарай түсіретін хабарын, Раббылық білімді меңгермеген елде құдайшылдық болып, ар, намысты, табанды ел аталуыда мүмкін емес. Мұндай жағдайда намыстылықтың армен емес, жалған дүние қызығымен, мал табарлық жолға түсіп алып, өз ара бітспес дау мен жанжалда өмір сүретін елге айналып алуы да заңдылық.

Осындай дау қуып өзге елдің барлық арсыз әдеттермен дүние табарлық істерін, заңдарын сол қалпында көшіріп алып, ел билеушілермен халық арада бітпейтін дауға ұласып, мұның арты пәлеге айналып жатқанын әзірге ел басшы, дін басшыларымыз аңғаруға ақылдары жетпей жатқандары да хақ. Ақылы әлсіздіктен ақымақтық, ал ақымақтықтан надандық әрекеттер туады да құдайшылдық жоғалады мүлдем. Надан адам құдайшылдыққа апаратын барлық әрекеттерден қорқады. Яғни құдайшыл болуға қоқынышты сырттан салып, іштен сезімнің үніне айналып, ақылды жоғалтуға апаратын қара түнек күштерінің, шайтаннан болған жындардың ықпалында өмір сүреді.

Мұндай пенделерді ақиқатқа жете алмаған, бірақ жасандылықпен негізделген рухани дәрежелерімен ақымақ, деп айту да қиын. Себебі барлық заманға сай білімнен, дүние істерін меңгеруден хабардар және философ, теолог, хазірет, ғалым, жазушы, ақын, дінші т,б өмірдің барлық саларында кезедеседі. Және белгілі бір салада меңгерген білімдерін ақыл қылып, кітап арқалап жүрген есектер деп атаған Раббымыз. Олардың надандықтарын не болса содан қорқа беретіне қарап ажыратуға болады. Мысалы: өздерін ұнатпайтындардан қорқып, бөлек-бөлек топтарға партияларға бөлініп және тіпті өздерін тым қатты жақсы көретіндерден де қорқып секемденіп жүреді.

Енді мұндай қорқыныштарды санап көрсек; Ажалдан, өмір сүруден, аурудан, кәріліктен, сүйгенінің тастап кетуінен, біреулердің жамандауынан, қауымына әдемі көрінбеуден, түрмеге түсуден, кедей болып қалудан, азық-түліктің жетпей қалуынан, біреулер өздерін ренжітуінен, тонап кетуі мүмкін деп қорқады. Құдайсыз пендеде қанағат,шүкір деген болмайды. Сондықтан қолындағы ақшасының, байлығының таусылуынан және өз қолдарында жоқ нәрселерден қорқады, тіптен құдайдың өзі көктен түсіріп, жерден өндіріп беріп жатқан қазынасын өзге ұлттардың пайдалануынан немесе өз еліндегі байлардың ішіп, жеп шет елге асырып жұмасуынан, жер қазынасы таусылып қалады, құдай мұны қайта өндіріп бере алмайды деп те қорқады.

Адамдық қасиетілікті, үлкендікті меңгеруден жігітікпен, жастықпен қоштасып ата дәстүірне сай жалғыздықтан, немесе ондай әркетерге қарсы басқа адамдар тобынан, басқа адамдардың мазақтап күлгенінен, кемсіткенінен, қабылдамағанынан қорқады. Жолы болмай қалудан қорқады, тіпті кейде жолының сәтті болып кетуінен де, көз тиеді деп қорқады. Және өзінің белгілі бір топтарға бөлініп алып, келесі бір топтың білімдерінің басқа біреулердің өздерінен үстем болғанынан қорқады да қалайда ондай білімнің таралуына кедергі жасап, заңға жүгініп өз топтастарын, жақтастарын көбейтумен айналысып кетеді.

Ең бастысы құдайсыздар, құдайшылдардан яғни ешнәрседен қорықпайтын азаматтардан да қорқады. Және дінсіздікке түсіп алғандар, діннің қандайда бір түрінен де қорқады, апиын деп атайды. Сондықтан да партияға жиналып алып, дінсіз билік құрып, өздерін зайырлы ел болдық деп бірін-бірін алдайды, марапатайды. Осындай надандықтардың әрекетіне түскендіктен мұндай елдің билеушілері қандайда бір елдің, халықтың арасында сүйіспеншіліктің жоғалуына соқтыратын сүйкімсіз әрекеттер мен заңдарды шығаруға әуес болады. Жоғарыдағы үш түрлі адамдық қасиеттің жоғалуынан ар, ұят деген ұғымдардың мүлде қуаты мәні жоғалып енді сау ақылдың да жасамайтын істерін, әркеттерін заманаға лайық болу, рухани еркіндік, теңдік, деп дәріптеуден де арланбайтын болады.

Шынында бұл қияметің мезгіліне сай, ібілістің жетістігі болып, өз ұрпақтарын барлық ел басқарудың діннің саласында енгізе алумен байланысты, қазақ қоғамында жаппай үреймен өмір сүріп жатқанмызды білеміз бе? Ертеңгі күнін үрейсіз ойлайтын адам баласын қазіргі қоғамда өте аз кездестіресіз. Дәулетті мансаптылардың жинаған дүние байлығына сеніп, болашақтарын бақытты сезінулері де сыртай қарағанда болмаса, ал олардың ішкі дүниесіне үнемі арпалыс, үрей қорқынышпен өмір сүріп жатқандарын да есті пендесі аңғаруы да қиын емес. Бұған дәлел бүгінгі таңлағы ел билеуші, дәулетті аталғандардың өз халықынан да үрейленіп, ел ішінен бүлікші түбі шығады деп, іздеп жаппай тізімдеп, сырттай бақылап отыруға шешім қабылдағандары да ашық дәлел бола алады. Демек өздерінің рухани жетекші, тәрбиеші елге «басалқы» бола алмайтындарын да жақсы түсінеді.

Ал дінші масһабшы аталған қауымдықтардың әулие-әмиелер түгіл, өз ата-анасының басына зияраттап құран оқудан қорқады. Олардың үрейлерін алатын «серік қосу, шерік қосу, шоқыну» деген сияқты ғылымдық ұғымын, ішкі сырын өздері де толық түсінбейтін сөздері бар. Өзінің нәслінің шыққан тегін, жанның жібін жалғап тұратын ата дәстүрін жек көрушіліктен махаббаттың жетіспеушілігі пайда болады. Мұндай махаббаттың жүйесі қазіргі таңда ел басымыздың өзіне жетіспейді, сондықтан да ата дәстүрін кейбір саларын ашық жек көреді. Осының әрекетінен ата жолып соттап, қудалуға жол беріп, ақ жаулық байлығын мүлде жойып жіберуге, бастың қадырын жоғалтып, жүректерге қара түнек жындардың енуіне жағдай жасап, елдің жаппай арсыздануына жол бергенін былай тұрсын, заңмен өзі бақылап, қарамағындағылардың да жазатайым дінді түсініп, тақуалық қылып, құдайшыл болуып кетуінен үрейленіп, сондықтан бұл әдепті бұзбауын үнемі ескетіп отырады.

Сондықтан тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде, кеңестік дәуірде де аз да бола сақталған ұлттық құндылықтардың негіздерін мүлде жойып жіберумен, орынына адамшылықтан жаттанған елдердің заңмен ғана шектеліп, өз ара бір ұлттың өзі түсінуіне шек қойылып, қандайда бір жете, саналықты меңгерудің мүмкіндігі мүлде заңмен шегін белгілеп атап өте алмайтындай қорған тұрғызған. Осындай ұлттық екі күнімізді ұрлап алып, ақылдың негізделуі нәтижесінде ағайындардың дүние үшін қырық пышақ болып таласып, бірі-бірі жек көреумен, ашу-ыза, кекшілдікпен бір жамандыққа түсек болды, дереу оны ел билеушілерден, байлардан болмаса, өз ағайын жақындардан көруді әдетке айналдырып алдық. Махаббатымыз ғашықтық, асықтық, нәпсілік сипат алып ойын, той, думан қызықтан сәл ажырасақ болды, арты жанжалға ұласатындықтан, енді бұл қызықтан құр қалудың өзі үрейге айналды.

Сондықтан ел билеушілердің саясаты да халықтың ойын сауықтан қолы босап, ақыл іздеп кетуден қоқады. Олай болса, елді жынданып, шектен тыс әсерленуден мастық дертіне ұшырап, өзін шамалы уақытқа болса да бақытты сезініп, ақылын сезімге беріп жоғалтуға жәрдем беретін әртістер, әншілер халықтың табынатын «тұлғалары, жұлдызы» болып саналуы мұндай елде заңдылық деп түсіну керек. Қазіргі таңдағы ақпараттық жүйеміздің бәрі әнмен, думанмен, күлкімен немесе керемет болашақта бізді күтіп тұрған бір ертегілермен, жобалармен дін үгіттерімен өзімізді алдауды «ұлттық арман» деп атайтын болдық. Діншілерміз, жоғарғы дәрежелі ғалымдармыздың өзі жанының жағдайын білмейтін, оған рухани әлемнен азық алып көбейтіп, әлем түгіл бір-бірімізге қуат беру дегенді мүлде білмейміз.

Сондықтан мұндай құдайшылдықты жазып көрсетіп жүрген біздерге үрейленіп қарайды да, ел биліктің соттап, қудалуға шығарған заңын алдымызға тартып, оны құдайшыл, «секталық топқа» аталар жолына түсіп кетуден сақтайтын өздерінің сүйенген құтқарушы «тәңіріндей» көреді. Сонан болар аталар меңгерген тақуалықты, әулиелікті меңгеріп олардың рухани жүйесіне жандық халына кірмей ақ, алыстан долбарлап ұлтшыл, аруақшыл болып, намысты аталғандардың өзі үш байлықты меңгеруден өлердей қорқады. Құдайдан аян, уахи алу деген ұғымды мүлде елемеуге, жұртқа да меңгертпеуге масһабшы дінші ғалымдардың өзі жанталасып қарсыласады, себебі ақиқаттың жария болып, халықтың өздерін жасандылықа байлап, алдап жүргенін біліп қояды, деп іштей үрейленіп, қорқады.

Олай болса жер мен көктен біздің 41 періштелік және жындық, жандық жүйелерімізге, ақиреттік тіршіліктен келетін азықтың шектелуінен тағдырларымыз ажырап, екі арлықтағы қара түнек күштермен ғана жалғанудан, дүние тіршілігімен байланысты бітпейтін үрейдің соңына түсіп алып, ақ жаулық қуатымен, ана сүтімен, жар төсегі етегімен келетін махаббаттың, саналық қуаттың, қанның тазалығымен әрбіріміздің жүрегімізде тұрған құдайдың нұрын, иманның дәнін көбейтіп өсірмек түгіл, жоғалтып алдық. Сондықтан жынды, масқа айналмаған адамдығын ар намысын, табандылығын, құдайшылығын сақтағандарымыз, яғни құдайдан шын қорқатындарымыз аз ғана. Оның дәлелі мұндай пенделердің бәрі өзін-өзі тануды мүлде тастап қойып, белгілі ортаға, қауымдық білімге негізделген рөлдерді сомдап, қалайда жақсы орындаумен ғана жақсы аталады.

Адамдықтың, жалғыздық ерекешелік қасиеттердің жоғалуымен, махаббаттың жоғалуына соқтырып; Бейбітшілік пен Мейірім, Қуаныш пен Шаттық, Нысап пен Қанағат, Береке мен Сенім деген ұлттық жол-жабамыз, арманмыз, байлық қазынамызды да жоғалтып алған елге айналдық. Сонымен бүгінгі таңда қазақ елінде өз ара сүйіспеншілік жоғалып, шын қуанудың, шын жүрекпен адамдық қатынасты жоғардағы баяндаған екі мінезіміздің өсіп өнуіне қарсылық білдіретін шайтанның жамағатына, ел билеушілеріміз ібілістің ұрпағына айналып алғаны да хақиқат. Ал енді құдайшылдыққа қайта оралу үшін қияметтің сын сағатының ашық үкімі жазасы да басталып, неше түрлі қиын сынақтардан өтумен құдайдан ғана қорқа білуді қайтадан үйренуге тура келеді. (жалғасы бар Қаңтар 2017 жыл) http://atazholy.kz/

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.