Қазақтың болашақтағы рухани жаңғыру жолы туралы

Қазақтың бүгінгі есті, халыққа жөн сілтейді деген қауымның арасында Құдайдан қорқатындарын кездестіру мүмкін емес. Құдайдан қорқудың сипатын қандай болу керек деп, іздесеңіз екі жүзділік тұрғында масһабшы діншілерден көруге болады. Олар құранға Алладан түскен, деп сенеді, шариғатты бұзбауға тырысады, бірақ өздерінің ақылынан тыс құран аяттарының ғылымын, ұғымын түсінбейді және оны бар, деп те ешқашан мойындамайды. Раббымыздың жаратылыспен табиғатпен көрсетіп, түсіріп жатқан белгілерін жартылай ғана мойындайды да, оны меңгеруге, адамзаттың құдайшылдық құлшылығы дұғасы арқылы басқаруға болады, деген ақылдарына симайды.

 

Бұл өздерінің Құдаймен арадағы (сипаттық, жанның иненің көзінен өтуі) көпірін жалғау білмегендіктен, аян, уахиларын жол-жобасын алмағандықтан, деп түсіну керек. Ал ел басқарушылар, шығармашылық өкілдерінің имандымын, ұлтшылмын деп, халықтың қамын ойлаған болғанмен де, өздерінің тағдырында көріп, тазарта алмай жетелік ақылды да меңгере алмай жүргендерін, яғни құдайсыз білімге ғана мастанған жындылар екенін тану, аңғару үшін өзің жетелі болуың керек. Бұған дәлелді үлкендердің ойшылдығымен жастардың арасындағы пәтуада айырмашылық қайшылықтың мүлде болмауынан аңғаруға болады.

 

Абай-Шәкірім, Мәсшүр Жүсіп, Әл-Фараби аталарымызды жастардың түсініп, олардың рухани өмірмен, жалғыздығымен өмір сүруі мүмкін емес. Себебі ақылдың қарсылығы қашанда жасқа үлкендікке байланысты пісіп жетіледі. Үлкендіктің ой бақшасы мен қанша білімді ғұлма болған жастың ой бақшасымен Құдай бірдей қылуы мүмкін емес. Пайғамбарлық жас, мүшел, деген рухани өлім сатысы кедергі бөгеттер бар. Ал ұлтық саналық діл біліммен жалғана алған үлкендердің жастармен арадағы білімен, ілімен болсын қайшылықсыз көзқарас болуы да мүмкін емес. Мұны жаның иненің көзінен өткізумен 3 кезеңмен жалғанатын ортасын, кітабын тауып жалғанып меңгерумен байланысты ата дәстүрімен ар білімімен ғана нәтижесін береді.

 

Сондықтан да қырыққа келгенше жастардың рухани қуатты меңгеру жұмсаушы болуы, әйелзатының мастыққа тән қылығы болуы да жаратылыстың заңдылығы. Ал жетелікті толтыруға ердің жасы елуді де еңсеру керек. Сонан кейін ғана саналыққа жалғанып, көктен хабар алатын ұжданды өсірумен өзің ғана рухани жетілгенімен тұрмай, 10 кісілік қуатты бөліп, жалғанумен ғана туыстық жібпті, жеті аталық тағдар тегін меңгеру болып саналады. Бұл рухани кемелдік бүтіндікті меңгергендер ұлтына қуат қосып Құдайдың сүйікті құлы болып, әлемге қуат қосу жолына түсе алады.

 

Ал мұндай үлкендері жоқ елде, жастардың үлкендермен тең дәрежеде ғұлама, әулилелікті білімділікпен, біліктілікпен бағалау үрдісі қалыптасады. Әлемдік түнек күштерінің жүйесімен басқарылуға тұрады. Ұлттың өзіндік сара жолы жоғалады. Сондықтан да білімге негізделген жалғандықтың қақпанынан шығара алмайтын жолдауларды даналық, деп қабылдап, сол жолда өліспей, беріспейтін жынды топтардың үстемдікке жетуіне мүмкіндік ашылады. Бірақ Құдай тарапынан бұндай жағдайға үнемі ескерту беріліп, халықтың азапқа, шығындарға батуы арта береді. Елдің жаппай дүниенің қайғысына батып, малға айналып, мәңгүтенуі де заңды құбылысқа саналады.

 

Енді  бұл қияметтік арпалыстан, Құдайдың өзінен хабар алатын, ұлттың сара жолына шақырушы тақуалық, әулиелік қасиетті меңгеруге қазақта барлық салада жолы, заң тұрғысында, салттық әдеб тұрғысында, жалпы халықтың көзқарасы тұрғысында, дін тұрғысында да жабық…Бұл қасіреттің жауабын Құдай өзі беріп азапқа салып, жол сілтеп жатқанымен, онан шығар жол таба алмай сенделіп жүргендер күн санап артып келеді.

 

Себебі әрбір пенденің тағдырымен, тіршілік әдетімен жүктелген күнәдан ақталмай мүмкін емес. Ал ақталудың сырын білетін дін масһабты, ғалымдарды, өздерін ғұлама атағандарды былай қойғанда, сопылықта ізденіп жүрген тарихатшыларда жоқ. Бұл жуық арада рухани тұрғыдағы эволюциялық өзгерісті талап етеді, болмаса халық арасындағы қақтығысқа, ел билікті төңкеруге деген жындылардың ықыласын ғана артумен нәтижесін береді…(жалғасы бар. Мамыр 2017 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.