Пайғамбарлық көркем мінез тура жолға ғана тән!

Өздерін тура жолдамыз, пайғамбарлық көркем мінезді меңгеріп тақуалығымыз жетіп асты, арлы болдық дегендердің әсіресе дінші жастар мен имамдарға, пірдарларға қарап аяуға да болады. Бұл байғұстар тура жолға пайғамбарымызбен кездесумен батасын алып қана үмметі шапағатына жалғанумен, қуат қоса білумен аяқ басатынын, әрине құранда ашық жазылмағасын, сана түгіл жетесіз пенде түсіне ала ма?
Ал енді онан кейін ақылдың алты сипатын меңгеру ақылы ғана ібілісті жаратылыстық білім тұрғысында жеңіп, саналықпен ар сауытын киюмен енді кісілікті меңгеруде яғни ілім тұрғысында тағы перілігімен кездесіп, күресе білумен, Құдайдың хикметімен, құс ілімімен жалғанумен ғана тура жолда жүрген болып есептеледі. Біріқ ібілістің шайтандығын нәпсіні меңгергенмен де, кісілігін өле-өлгенше, тірі тұрғанда жеңдім толық деудің, өзі қате екенін қайдан білсін санасыздар.
Кісілікті «Білмеймін» деген білімді меңгерумен, «»демесін»» деген ізетілікпен, «» ақиретте есебімнің қалай болады»» өлімнен кейінгі есеп беруден қорқынышпен, бір күдік, рахметінен үмітпен, өз қатарыңнан ағайын тумалардан жапа көрумен, жынды атанумен саналықпен ғана ұстап тұруға болады.
Сана -дегенді ел биліктің жолдауымен, білімді қауымның ой жорумен меңгеруге болады деген ұғымым бар елде қайдағы кісілік, үлкендіктің үлгісі болмақ? Керісінше ібіліске айналып алғандардың, жастарды ақылы толмағандары, ар ұятсыз қыз, қатынды тәкпарлыққа айдап салып, тілін жалдап, амалсыз жұртты дінінен, ақылдың ісінен жирендіруге деген әрекеті болмақ.
Ібілісті толық жеңге алғандар ғана миғражға көтеріледі тура жолды меңгергендер болып саналады. Мұндай әулиелер қазқтан 70 санымен Раббымыздан келген хабармен белгілі болды. Оны 13 ашық, 57 әулие ісі құпия қалған. Имам Ағзам миғражға көтеріліген деген дерек бар ма? Немесе Матруби, Ғазали, Нақшпандилардың…? Шәкәрім атамыз көтерілгеніне ашық белгі қалдырғанын түсіне алдық па? Тура жолдың сипатын халыққа ашық түсіндіруден бас тартудан, діндегі бүліктің туындауына себепші муфтият пен діні ісінің әрекетінен туындап отырған жоқ па екен?

 

Жастарды тәпсір біліп намаз оқысаң болды тура жолдасың деп неге алдап бір-бірімен білім тұрғысында қайшылықта тартыста өмір сүруне жағдайды жасап отырған ел биліктің бұл саясатының артында не тұр? Тура жолдан хабар түгіл, дінін де тазарта алмаған пенделерді дін ісін басқартып, құдайдың ісіне бағынудың орына заңға ел билеушілерге бағындырып қойған ібілістің еркін қалыптастыру емес пе? Қазақтың осындай жан ғылымымен өрілген ата дәстүр дінін, енді жалаңбас еркек пен қатындар, тура жолдың не екенін білмейтін жастарға басқартып қойған ел билеушілер сонда өздерін ібіліс арқылы тәңірге айналдырмақ па?…(Мамыр айы 2017 жыл)

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.