Рухани өлімсіз рухани жаңғыру болмайды!

Абай атамыздың ; «Жасымда ғылым бар деп ескермедім, пайдасын көре тұра тексермедім, Жас келген соң түспеді уысыма….» деген насихатын зейін қойып зерделеп түсінген қазақ аз ау шамасы. Ғылымды болу, оқумен біліммен шектелмейтіні, ақылдың бес қызметшісін меңгеруге қол өнерімен, еңбектің әрекеті болуын Абай атамыз өзінің басынан өткен қателігімен байдың баласы болып өскендігінен қол өнері мен еңбекке көп мән бермегенін ашық баяндағанын біліңдер жастар.

 

Ел басшылары үш тілмен ғылымды боламыз, дегенмен тәндегі жерлік қара қуаттарын спортпен ойын-ойнап тазартып бітуі мүмкін емес. Сонымен бірге тағдырмен келетін қарғыстар жүктердің де ерекешелгі болатын оны білммен емес сынақтарды тұрмыстағы қиындықтарды жеңе білумен байланысты болатын білген де жөн. Қала тұрғындарының мұндай тағдырды меңгеру де өте қиын шаруа.
Сондықтан жасынан қол еңбегін меңгермей, қазіргі таңда жастарымыз білімнің, діннің соңына түсіп жеңіл тұрмысты ғана ойлайтын болды. Шығармашылықта таланты болғандар сайттың бетінде ақыл айтудан қолдары тимейтін болды. Сонда жастарымыз қай уақытта білектегі қара қуатты жағып, ет ауытып арам терді төгіп жалғандыққа қарсы тұратын ақылдың бес қызметшісін өсімек? Кеңес үкіметінде бұған түрлі амалдар мен еңбекке баулудың мүкіндігі бар еді.
Жасыннан ауыр жұмыс істемей шығармашылықпен айналысқан үлкендердің жоғарғы лауазымды қызметтерге тұрып алып, атақ дәреженің түрлі сипатын меңгергенмен, ақын, жазушы, философ болғандарымен; зерделі, зейінділіктері әлсіз тәндеріндегі қара қуаттарын жұмсамағандар. Осындай мектептен шыққан ел билеушілері енді елді рухани жаңғыртпақ? Бірақ енді үлкендердің өзі рухани жаңғырумен жетеліктеріне жалғанбаса, қазақтың жастарын ғылымды қылып рухани өркендеу жолына түсіреміз дегенде ақымақтық қана. Жеңіл тұрмысқа, мемлекетің қызметіне тұрып бойы үйренгендерді ауыр еңбекке жасатып қара қуаттарын жағады дегенде мүмкін емес.
Ал ел басымыздың өзі еңбекпен жетіліп, білек қуатын жұмсауға мүкіндік болып, жадылық, жаттық қасиеттерін жақсы жетілдіре білгендіктен ғана зейінді болғанымен кейінен басты жалаңаштап, европа салтын ұстанудан, гендірлік теңдікті қолдап құдайға ашық қарсылық білдіруден зерделіктен ажырап қалғасын жетесіне де толық жалғана алмай жүрген хақ. Сондықтан зердесіздерге жатқа табынғандарға, яғни қасқырға қойды баққызып жүрегенін білуге ақылдың саналығы жетпей жүргенін білер емес. Бірақ өгізді өлтірмей арбаны сындырмайтын мұндай рухани дағдарыстан шығар жол бар.
Мұндай рухани жағдай бұрынғы замандарда Ғиса пайғамбарымыздың өмір сүрген дәуірінде болғаны хақ. Халық білімнің ғана соңына түсіп бай кедейге бөлініп алып жеңіл тұрмыспен өмір сүретіндер, елді басқаруға, дін басында тұрып алып азғандықтан да рухани өлімнен өтудің үкімі түскен. Рухани өлімнен қазақты жаппай өткізбей алдымен ел басқарушылары білімді қоғам арамдарынан тазармай, ғылымды өздері меңгеру жолын білмей, рухани елді жаңғыртпақ құр ертегі ғана.  Ол үшінде ата жолын меңгеруді зертеумен халыққа түсіндірумен, құрбандық шалып, әулие-әмилерге керуен жолына шығып, рухани өлімінен өтумен арамнан тазаруды қолға алу керек.

 

Ал енді мұны ел билеушілері, діншілер, шығармашылық өкілдері, білімді қауым бастап ата жолына шығып, жетелерін іздеп, саналықты, ғылымды болуды өздері меңгеріп халыққа үлгі көрсетпесе, онда ел басымыздың жолдауы ертегіге ғана айналады. Соңында қияметтің азабын арттырумен, ел шаруашылығын күйзеліске ұшыратып, тоқырауға түсіп, қарыздарға белшеден батумен, бұқара халықты ашындырумен ғана аяқталады…(Мамыр айы 2017 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.