НҰРЛАНДЫРУДЫҢ ҚАЙШЫЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Үлкендік жасқа жетіп саналық деңгейге көтерілмеген еркек етекбастылықтан, яғни әйелдіқ, сезімдік қисындаумен, тұрмыста әйелдердің ықпалынан босанып шыға алмайды. Себебі алты ауыз-алты жаны жетілмесе анаға, әйеліне тәуелділіктен босана алмайды. Олай болса қоғамдық ортадағы бес жалғанға негізделген перілік жүйемен басқарылуда болады.
Оған қандайда жынды қуатты еркектіңде қарсы тұруға ешқандай шарасы болмайды, іштей сезімдік ақылдың қорқынышы үстем болады. Ал енді үлкен жасқа келіп дүние байлықтың соңына түсіп жалығуды меңгере алмаған ел басшымыздың да осы жүйеден ажырай алмауынан бүкіл мемлекетіміздің саясаты да перілік жүйенің ықпалында тұрғаны хақ. Сондықтан қазақтың екі күнін тартып алып, оған қарсы астыртын саясатты жүргізіп отырғанын бүкіл қоғам еріксіз түрде қолдаймыз.
Мысалға орамалға тиым салуды, бас киім кимеуді, гендірлік арсыздықты іштей кейде қарсы болсақта іс жүзінде осылай дұрыс деп қабылдаймыз. Ел басымыздың рухани жаңғырудың жобасында қалайда жан ғылымының ақылдың қазақтың дәстүріне сай құндылығын бұрмалап, заманға қарай бейімдеуін даналық дегенменде, оның астарында ібілістің әрекеті, тері ойы, перілік жүйеге негізделу ғана тұрғанын аңғаратын есті жоқ.
Сондықтанда тезірек латын харпіне көшсек, ағылшын тілін меңгіріп алсақ мүмкін шынында да керемет болатын шығармыз, деп өзімізді өзміз сендіреміз. Бұған Құдай қарсы деген ақылымызбен қабылданбайды да. Себебі мұны жеткізген пендеге қарағанда, ел басымыз Астананы салғанда қателескен жоқ қой. Бірақ бұл істердің елдің тағдырымен, Құдайдың қалауымен болды дегенді жете, санасыз қысқа ақылымыз қабылдай алмайды. Оны Құдайдан сұрауға мүмкіндігі бар пайғамбарлық жастан асқандарда тектік иманы шатаққа айналып, дінші жастардан да төмен білімі Алласын тануда.
Сондықтанда мұндай жете, санасыздардың елді рухани жаңғыртып бізді саналы қылады, деп те сенеміз. Ал, қайда бара жатырмыз, деп ойланғанмен де, шешім жоқ, себебі мұнан таза ақылдың қуаты Құдайдан болмаса, үректен орын алмаса, түсіне аламайтынымызды да ұғына алмаймыз. Мұны ақылдың негізделуі, қияметтік мезгілдің пайда болуы немесе шеңберлену дейді философияда. Рамазан айының соңғы он күндігімен 9 шеңбер төселіп Алланың үкімі нұры елге тарап, енді елбасымыздың жалған нұры ма әлде құдай нұры үстем болма, мұны әркім өзі аңғара алатын күн туды. Ел басымыз Құдайды тыңдамайтынын, ешкімге сенбейтінін ашық ескертіп үлгірді де. (Маусым айы 2017 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.