ТЫЛСЫМНАН АЯН. ЕЛ БИЛККЕ ҚАУІПТІҢ ТӨНУІ

(Ата жолындағы құран үніне жалғанған бір қасиеті кісінің алған уахиынан)

Таң ата түсім бе әлде аян болды ма білмеймін, әйтеуір мынандай көрініс орын алды. Жердің астына тепшекпен түсіп бара жатырмын. Байқағаным жердің асты адамның ДНК спиральіне қатты ұқсайды екен. Ал түсіп бара жатқан тепшек кәдімгі рояльдің клавитуралары. Басқан сайын өмірімде естімеген таңғажайып әуендер шығарады және әр клавиатураны басқан сайын жер планетасының пайда болғаннан бері тарихы мен бастан кешкен кезеңі экраннан ап-анық көрсетілуде.

 

Қанша уақыт өткенін білмеймін, бір уақытта жап-жарық, пішіні домалақ алаңға келіп тіреліппін. Артқа қарап тұрған адамның сұлбасын ап-анық көрдім. Ол көп күттірмей бері қарады. Бірақ үстіне жамылған қоңыр түсті киіміне жалғасып кеткен қалпағынан бет-жүзін көру мүмкін емес. Бірақ екеуміздің арамыздағы диалог түйсік арқылы орын алды. Түсінуім бойынша Жер Анамыз екен. Жан-жағы толған неше түрлі гулдер.

 

Ал ең жоғарғы жағында жалғыз үлкен РОЗА гүлі ерекше жарық оттай жарқырап жайнап тұр. Көзім түсіп үлгергені сол еді, бір уақытта тұрған алаңымыздың төбе жағы қақ айрылып төбеден кәдімгі көк аспан көрінді. Сол көк аспаннан ғажайып әйел адамның бейнесі пайда болды. Оның үстіне киген көкшіл ақ көйлегі тамаша екен. Әйел адамның беті жабулы,тек мұрнының жартысы мен ерні ғана көріп тұр. Түйсік арқылы түсінуім бойынша ол Әлем Ана екен.

 

Ол астында дөңгеленіп жиналған мамық матада үйлесімділікпен тамаша отыр. Арт жағында үлкен жарық шеңбері және басында одан кішілеу шеңбер жарқырап тұр. Жан жағында жұлдыз сияқты бейнелер жарық-жұрық етуде.
Аяқ жағы қаңыр таспен әсем дөңгелене қоршалған. Сосын дөңгелене су ағып жатыр. Сол судың ішінде балықтар жүзіп жүр. Байқағаным көк түстес көйлегінде үлкен-үлкен төрт бұрышты өрнектер түскен.
Ал басына жамылған көкшіл матасында төрт-бұрышты өрнектер, ал сол төрт бұрыштың ортасына роза гүлдің суреті сияқты өрнектері бар. Оң қолын көтеріп алған, бірақ алақаны бізге қарап тұр. Сол қолы тізе жағында, бірақ алақаны ашық, төбеге қаратып отыр. Бір уақытта оң қолын-болар болмас тербеп еді кішкене жел тұрып, жан-жақтан ұшып келген жапырақтар оның алдына жиналды.
Бір уақытта жапырақтардың барлығы әйелдердің бейнесіне айналды. Енді сол кездегі болған тамаша құбылысты тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Атмосферада мейрімділік лебі ұрып тұр. Сол көріністі тамашалап тұрғанымда, анау тамаша бейнелер көзден ғайып болды да, алаңның төбесі қайта жабылып қалды. Содан жер бетіне қалай шыққанымыз белгісіз. Жан-жағымыздың барлығы жайқалған қызғалдақтар. Түсінуім бойынша бұл жер, өзіміздің қазақтың жері екен.
Бір уақытта Жер Ана күңіреніп үн қатуда. Түсінгенім ол жердің қара қытайға сатылуына немесе берілуіне наразы сияқты. Ол ОТ АНА, ЖЕЛ АНА және СУ Аналарды шақырып жатыр екен. Бір уақытта жер қозғалғандай болды, тау-тастың дыбысы естілуде. Алтай жақтан бір әйел келді, маған жер ананың айтуы бойынша бұл Ұмай Ана екен. Бір уақытта От Ана үзік-үзік болып адамдардың ішіне кіріп жатыр. Адамдар оттың ыстық лебіне шыдай алмай, жаппай орнынан үдере көтерілді. Түрлері түтігіп кеткен. Бет аласы Ақорда бағыты екен. Бір уақытта қатты жел тұрды, ғимараттардың шатырларын жел көтеріп жан-жақа лақтыруда.

 

Ал ақ орданың анау дөңгелек күмбезін Жел Ана бұйым құрлы көрмей ұшырып жіберді. Сол кезде адамдарда жан-жақтан жиналып ауыздарымен от шашып,ақорданы шұрық-тесік етіп быт-шытын шығарды. Адамдар оттың қызуымен өз-өзіне келе-алмай жан-жағын жаппай қиратуда. Содан бір уақытта шелектеп жаңбыр құйды. Жаңбырдың әсерінен адамдардың оты басылып өз-өздеріне әрең келді. Аққан су тізеден асты. Қираған үйінділер мен кейбір ақордадан қашқан адамдардың денесін, қатты екпінмен су ағызып әкетіп жатыр.
Бір уақытта бір ер кісінің айқайлаған қатты даусы шықты, шал қайда? Табыңдар,- деп жатыр. Адамдар барлық жерді қарап оны еш таба алар емес. Сол кезде бір кісі барлық жерді қарадық, ол жоқ, қашып кетіпті, деп адамдар шулап жатыр. Содан бір уақытта қайдан пайда болғаны белгісіз, бір ер адамның дауысы шықты. Ол креслода, аяғын айқастырып отырып алыпты. Ендігі жерде сендердің басшыларың мен боламын дейді. Үстіне діни киім киіп алған, сақалы кеудесіне дейін түседі. Адамдардың дауысы сап тиылып назары соған ауды. Ол креслода … (Ал енді мұның қалай жорылуын халықтың, ел билеушілердің өзіне қалдырып, ақыры Құдайдың жеңісімен аяқталатына ғана күмән жоқ деп біліңіз)  (шілде айы 2017 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.