ҒЫЛЫМСЫЗ ЕЛГЕ ҚҰДАЙДЫҢ ЛАҒНЕТІ ЖАУМАҚ!

Ғылым бар жерде адам баласының жындылық, хайуандығы, екі естілігі де болмайды. Ғылымды адам баласы ар-ұятты, ынсапты, ұжданды болумен еркешеленеді. ғылымға жалғану жеті өріс санылықты толуымен, ұждан арқылы көктегі жұлдыздармен жалғанумен байланысты және болашақты дөп басып болжап, замандық қуаттарды да бағындырып уақытты да басқар алады. 

Ғылымды меңгеру үшін әлемнің өнер білімнен яғни рұқтық тұрғыдағы алты негізді тіл білімінен де хабардар болып қана қоймай ана тілін сөздің құдыретін, ата-бабадан қалған аманаттарды нақылдарды ұғынып амалға алумен де нәтижелі болмақ. Сонда ғана ғылымды әр адам баласының діл білімі жандық жүйесі иман қуаты арқылы ғана меңгеріп, жалғанатын құпия білімінен аруақтар арқылы құранның жеті үнінен кітабына жалғанумен Алланың хикметтінен үлес алу болмақ.

Қазақта ғылымсыз адам баласы ел басқарып, дінде әулие болып саналмағанды. Жаратылыстың заңдылығмен өмір сүру жүесіне ғылымнан ажыраған әлемдік білім-өнерін ғылымдылық деп атудан қазақ елі де қара түнектің ықпалына түсіп азғындап ұлттың қадір, қасиетін жоғалтуына мал табарлық жолды алып, жол табарлық қасиетті жоқ пенделердің ел билігіне келуі себеп болғаны сөзсіз.

Ел басының жеке өзі де тағдырымен берілген қасиетін теріске алып ғылымдық жүйеден ажырап қалғандықтан да, бүкіл қазақ елін дүниелік шаруашылықта аз ууаықтта жетістікреге жеткізе алғанмен ал рухани тұрғыда, әлеуметілігін арсыздыққа хайуандыққа байлауға мәжбүрлеу саясатын ұстанды. Мұның себебі ана тілін қадірлеу, құрметтеуді, сөздің салмағын, қадірін сақтауды меңгере алмағандықтан, тобырлық ақылға негізделуден пайда болды.

Ел басының соңына ерген ел билеушілеріміз, әлемнің білімді жұртына еліктеумен, мал табарлық өнер-білімді ғылым, деп түсінуден ойдың мастығына түсіп, бүкіл білімді қауымның, қоғамның көш басшыларының рухани жазылуы қиын дертке ұшырағанын мойындағысы жоқ. Себебі бүкіл қоғамдағы ақылшылардың бәрі ғылымды меңгеруден бас тартып, шатақ иманды даналық, деп түсініп кәпірлік салтты әдеб деп жеткен атақ дәреже тақтарын мансаптарын қорғаумен айналысып кетті.

Бұған ондаған жыл бойы, ата жолын аруақтарының көрсетіп, білдірумен дәлелдер келтіріп Құдайдың хабарын жеткізгенмен, ертегідей қабылдап, бүгінгі таңда шілде айында қар жауғызғанмен де мастықтан айғып, есін жияр ел басқарушылары да әлі шыға қоймас. Демек енді үлкен жұтпен аласапыранмен ажалмен ғана Құдай өзінің хақиқатын дәлдеуді күту ғана қалды.

Осыдан үш жыл бұрын аруақтардан; «Ел басын жоғалтып алмаңдар, ескертіңдер сынаңдар» деген хабар келген. Сол уақттан бері біздің сындарымыз, жан айқайымыз жартастан шыққан жаңғырық қана болып, енді амал жоқ мызғымыстай болған жартастардың да құлайтын мезгілі туды.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.