II-ЕЛ БИЛЕУШІЛЕРІ НЕНІ БІЛУЛЕРІ КЕРЕК?

Қазақ сыншыл болса екен, деп Абай атамыз арманын айтып кеткен екен. Абай атамыздың қазақтың сыншылдығын насихат сөзімен, өлеңдермен сандық тұрғыда белгімен ойшылдық, бір естілік жол табарлық  тұрғысында болуын ескертіп өтіпті. Ал ендігі сыншылдығымыз мал табарлық жағдаймен ел билеуді, дүние тіршілігін меңгеруді сынамайтын қазақ азымыз ғана болар. Ал рухани тұрғыда сын айту үшін Абай философиясын жетік меңгерумен, жандық ғылымды түсіндірумен әзірге мұндай сын айтып жүргендер өте аз кездеседі.

 

Адамзатқа барлық несібені Құдайдың жарықтан, сөзден жаратып көктен түсіріп, жерден өндіріп беретінін мойындасақ және барлық тіршілікте біздің пайдаланатын тағамнан бастап, дүние нәрселерінң бәрі егер ақылмен, даналықпен белгілі бір шекті сақтайтын тазалығымен болмаса онда не болар еді. Ақылға бағынбай әлем белгілі жартылыстың тәртібін сақтай аламйды. Ал ақыл, тәртіп бар нәрседе сөздің де болмауы мүмкін емес. Демек жаратылыстың бәрі Аллаға сәжде жасайтын (үйретілген берліген сөзін айтып, үн шығарып) болып, яғни қуаттық тұрғыда басқарылып, әрбір жаратылыс иесі өзіне берілген жоба арқылы ғана жер бетінде тірі болып көбейе алады, адамзатқа ризық несебі болады.

 

Олай болса діні болып, адамзат үшін барлық жартысытық нәрселердің тіршілігінің сырын, яғни дінін меңгерумен әр нәрсенің ішкі сырын түсінумен, оның қаншалықты пайда, не зиянын дінін, білімін анықтап ақылымызды жетілдіріп отырамыз. Бұл қасиетті ақылдылық даналықты меңгеруді жол табарлық деп атап, ал жараталыс нәрселерінің қуаттық шамасы мен оны өңдеп, түрлендіріп басқара білуді мал табарлық, деп атаған жөн болар. Сондықтанда елді бағушылардың мал табарлық білім арқылы кісілікті қуат, қайраттылықты меңгеріп барап қана адамдықа жол іздеуінен, тек қана бағусыз дертке, ақылдың азуына ұшырайтынын Абай атамыз бірінші сөзінде ашық ескертіпті.

 

Мұндай бағаусыз дертке ұшырауға, жастардың және ақыл есі кемдердің құштар болуында ескерткен екен. Шында қазіргі таңда жастарымыздан  бастап, әйелдер қауымы да  ел билеудің саясатына араласып, сынап және бұл ой пікрлердің ер азаматтармен үлкендермен бір ауызды болып жатқанынан нені аңғаруға болады? Үлкен еркектерден жастармен, қыз қатындармен бірдей ойланып, пікірлер ұқсастығы, қазақта тектілікті жоғалғандығы және жете, саналық ақылдың тәлім-тәрбиесі болмай, үлкендер қауымының ақсақалдықтың дәрежесі де болмай, жол табарлық қасиеттен мүлде ажырағандық екені хақ.

 

Енді мұны дінді меңгермей масһабтық жолда болмағандықтан десек, ел басшымызбен  ел билеушілердің арасында бес парызын орындап жүргендер де жеткілікті, бірақ мұнан қоғамның дұрыс жолға түсіп, әлеуметтік тұрғыда өркендей алмағанына қияметтің ашық белгілерін куә қылуға болады. Енде мұндай рухани дертіміздің себебін Абай атамыздың ойшылдығымен тәпіштеп көрсек. Абай атамыз ел басқарушы төрелік текті тұлғалықты меңгерудің сырын; 1. Ел бағу.;2 Мал қуатын бағу; 3.Ғылым бағу; 4.Сопылық қылып дін бағу; 5. Бала бағу (ұлттың тәрбиесін, бабалар аманттарын, діл білімін меңгеру, психология-жан ғылымы); 6.Сөз бағу шопандықты меңгеру, деп жанның алты рухани қуатпен көбейіп өнуін исламның бірлігін ашып беріпті.
Абай атамыз сөзді бағуды, рухани ұлтшылыдықты, терңнен толғап ойлануды меңгермей қалған қасиеттерді меңгеру мүмкін емес екенін, ашық ескертіп өтіпті. Демек Абай атамыздың философиялық даналығын меңгеру сөз бағушылық қасиет болып, жете, сана, деген ақылдың негіздеріне жалғанудың алғы шарты болмақ. Ұлттық тұрғыда ана тілін сөз атауларының ойын жете, саналық ақылдық қуаттық жүйемен ұғына алмағанда, онда сөз бағушылық, ұлтшылдық қасиетімізде болмайды. Қазақта; «Жетесізге жеті айтып, санасызға санды айтып түсіне алмас» дегенді. Сөз бағушылық қасиеттсіз ата-бабаларымыздан қалған мақал, нақылдар мен аманаттарын түсінбесек, онда оның меңгеру құлшылығын әрекеттерінде дұрыс орындай алмаймыз.

 

Енді мұның да негізінен 3 амалы әрекеті болып сөз бағушылық өнерімізді қуаттандырып арттырумен төртеудің түгелдігі болмақ.  Сонымен сөз бағуымен ұғымдылық арқылы ұлтық мәдениетімізді  меңгерумен яғни  бала бағушылық қасиетті меңгеру арқылы ұлтжандылықты меңгеруге яғни сопылық тұрғыда дініміздің  дұрыс бағытын түсініп, дін-жанымызды бағуды меңгеру шартты болмақ.  Бұл үшеуін ұлттық нанымыздың негізін қалап, құранда 111 сандық белгімен де ерекешеленбек. Сонымен бірге; «Өлі риза болмай тірі байымас. Өліге иман тіріге беркетін бер» деп тілеумен, ақиретке қуат қосудың жолын меңгеріп, артық хайырмен, жанымызды сақтауды, көбейтудің амалын ата дәстүрімен сопылық тұрғыдағы ата салт-дәстүрімізді жетік меңгеруміз керек.

 

Әр заманың білімі, замандық өзгерісі мен сөз ғылымының жетілуі де болып біздің сөз бағу қасиетіміз дәстүрімізді жетілдіруге тозғанын тастап, ескісін жаңғыртуға, жаңадан заманға сай құлшылық сипаттарын жетілдіруге ақылдық қуаты да жету мүмкін емес. Тәуелсіздік алып, европаға бейімделіп білім –өнерді даматумен көпшілік білімді қауымның, Абай-Шәкәрімдерміздің еңбегін меңгеруден бас тартып, оған ақылымызды бойлата алмағанымызда осыдай заманға сай нәсілдік қарсылықтардан, ғылымдық қуатың әлсіздігенен пайда болған еді. Сонымен білім-өнерді меңгеріп ұлттық діл білімнің үш құндылық қасиетін меңгеруден бас тартып, оның орынына өзге елдердің ғылымы жетілмеген орта топтық дін салтын, және арсыздық бала бағу өнерін алып, білім-өнер мал табарлық жолмен ел бағудың дертіне ұшырауға жаппай бағыт алдық.

 

Ел басымыздың саясатында дінсіздікке жоғардан төмен ғана әуелі кісілікті қалыптастырып, кісілік арқылы жол табарлық қасиетті ғылымды болуды меңгерудің жобасымен қанша жылдар бойы пайдаланып келгенмен, шынында мұнан ғылымды бола алмай, тек қана рухани азғындыққа, рухани өліммен терең ұйқыға түсуге ғана себеп болғаны хақ. Оған енді ел басымыздың рухани жаңғыру, деген жолдауы да өзінің бұл әрекетін, ғылымсыз елді бақандығын, мойындағанына дәлел болмақ. Рухани тірі, ғылымнан мектебі болған, сөз ұғымын түсіне алатын, ояу елге, қалай тәрбие беру керек, санасын қалай меңгерту керек, деген және бала бағудың сырын, ата дәстүрін, дін салтын 25 жылдан кейін қайта үйретудің қажет болар ма еді? Мұндай елге  рухани жаңғырудың керегі болмайтыны ақымақтар ғана түсіне алмайды.

 

Сонымен халықты ғылымсыз надандыққа түсіп, азған елдердің қатарына қосылып, мәңгілік тозақтық елге айналғанын, мал табарлық жолда жүріп алып, мұны кеш байқағанын, ел басымыз ашық мойындағанымен, бірақ ел билеудің саясатын аяқ астынан бұзып қайта салу да «реформалау» да мүмкін емес.  Сондықтан «өгіз өлмесін, арба сынбасын» деген саясатты ұстануға да, жолдаудың арасына жалғандықты қосуға да тура келгені де анық байқалып тұр. Үш тілмен ғылымды меңгеру дегеніміз де, сөз бағушылық қасиетті үш түрлі оймен, үш ғылымды негізге жалғанумен меңгеруге болады, деген ібілістің теріс ойынмен перілікпен байланысты ой жорушылықтан пайда болғаны да сөзсіз.

 

Абай даналығын сөз жүзінде мойындап, іс жүзінде қарсы болған шешімдер шығарғаны, әрине рухани өлілерге ғана түсініксіз. Екінші жағынан діл біліміне, Құдайға да ашық қарсылық болып, бұған мосұнып келіскендері, құдайдың лағанетне, жазасына  арандатудың ғана әрекеті пайда болмақ.  Жастарды мал табудың жолын меңгеріп, ел басқаруға қызықтырумен, сөз бағумен дін жанын бағуды меңгермей, саналы болмақта ешқандай  ғылымға да жаратылыстың жүйесіне де келмейтіні хақ. Сонымен бірге сөз бағудың құндылығын сақтау үшін, латын әлипбине дауысты бейнелеп, оның үнін тарихын, Алла жібін кесіп, керилицада тастап қойудың өзінде, қазақ ұлтының болашағына, топас мәңгүт ұрпақтарды қалыптастырып, ғылымсыз елге айналдырудың ғана ібілістік жобасы тұрғаны да жасырын емес.

 

Енді, өзін-өзі танудың, ата дәстүрін, ұлттық тәрбиені, дінді сопылық тұрғыда түсініп жанын өсіріе білуді былай қойғңанда, ең маңызды адамдықтың негізі болған сөз бағуды меңгермей ақ, ел билікке атақ дәрежеге мансаптылыққа жетуге болатын еліміздің саясатымен өмір сүрген білімді қоғамда ғылымды болудың да маңызы жоғалуы да қалыпты жағдай.  Мұндай елді сөз бағудың мектебі ғылымен негізделмегендіктен философия мектебінің өз қызметінде атқара алмай, онан пайда болатын психолгиялық білімнің тәжірибесініңде мүлде жоғалуымен әлемнінің кез келген ұнаған рухани білімдерін жинап, қазіргі таңдағы қияметтік мезгілге тап болуымыз да жаратылыстың заңдылығы болмақ.

 

Сондықтан ақпаратық жүйенің барлық саласында кісілікті дәрежесі ғана маңызды болып,жындылық қуаттарды, түрлі білімдерге негізделген топтарды артырумен, адамдық туралы мүлде ұмытылған елге айналып алдық. Ар-ұяттылық оны заңмен бақылау, деген ата заңымызда да қарастырылмағандықтан, жете, саналық ақылды меңгерудің жолы жабық.    Есті аталудың жолына түскендердің қоғамда орны болмай, жынды аталып көпшіліктің қудалануына да ұшырауға, ел биліктің заңы саясаты мүделі екені де жалған емес. Бірақ мұндай саясатпен және ұлттың тариханда адамдықтың жоғарғы дәрежесі ділдік қуаты қалыптасқан, сөз бағуды кез келген пендесінің міндетті меңгеруіне ұлттың әдебі, тәлім тәрбиесі болған, дін салтының өзі сопылық тұрғыда қалыптасып, бекіген Алланың тағдырын, берілген кітабын (лағфуз-мағфуздық, хатте), аруақтық ғылымдық шындық жүйесін жоғалтып өзгерту мүмкін емес.

 

Олай болса,  елдің көктен түсетін несібесі он саулығы мен ғылым шындығы аруақтары болып, қалайда рухани соғыстың болуымен, арсыз тұрғыдардың азапталып жоғалуымен соңында ел басқарушы, білімді қауымныңда ашық азапқа түсіп, тарихта зұлымдықтарымен ғана белгі қалуыда Құдайдың тағдырынан болмақ. Мұндай қияметік мезгілде ел биелушілер, өздерінің қолдаушысысы мен қол жаулық, шоқпарларына айналып алған білімді қауымның жетсіз, ғылымсыз заң шықса мақұлдап орындауға даяр тұратын арсыздықтарын пайдаланып, ұзақ уақытқа бұл дәрежелерін сақтап, екі жүзділікпен бейімделу саясатын ұстануы да сөзсіз.

 

Бірақ уақытты, Алланың тағдырын мұндай әрекетпен басқарып ықпал етуге ібілістің ұрпағы түгіл жындар әлеміне де берілмегендіктен, мұның соңы өздерін-өздері масқарлаумен ғана әшкере болмақ. Себебі адамзат жер бетінің бар білімін жаттап, меңгергенмен рухани ояу жаны жетіліп кетуі мүмкін емес, Құдайдың үздіксіз түсіп жатқан нұры арқылы амалсыздан есін жиып өздерінің жамандықтарын көріп түзелу жолына түсе бастайды.  Ал енді есін жинап, ұқысынан оянып түзелудің жолына түскендерді;  ілімді, дана, ғалым, ғұлама немесе соңына ерсең жанатақа кіргізуге уәде беретін тақуа, сопы аталған және елдің қамын дүние ісінде әділдік арқылы бақытты қылудың жолын ұсынатын ел билеуші саясаткерлер ібілістің ұрпағы болып жол табудың жолынан бұрмалаушылар да көбейе бермек.

 

Енді бұған ауру, сырқау рухани дерттенгендерді емдеп жазуға тұратын жалған емші, көріпкелдерді, өзін тани алмай жүріп жұртқа қасиетін меңгеруді үйретендерді қосаңыз, қазақ елінің алдында үлкен сынақтар мен мұнан шығудың дұрыс жолын ұстануға ел билеудің саясатын адамдықтан төменен жоғарыға қарай, көпшікпен азшылықты басқару білудің кісілік жүйесін қалыптастырудың, ортақ ғылымға бағынышты болуды меңгерудің жолын, ғылым арқылы ғана ел бағып, өнер –білімді меңгеруді, жан сақтап, көбейтуді ата дәсүтүрімен Құдайдың шындық хабарын түсіне білетін ел басшыларын таңдаудың да сыны тұрғаны хақ. (жалғасы бар. Шілде айы 2017 жыл)

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.