ИСЛАМ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ АЛЛАҒА АЯТТАРЫНА ОРТАҚ ҚОСУЫ

   Ең үлкен өтірігі діншілердің, мейлі тарихатшы сопылардың болсын; Пайғамбарымыздан кейін уахи болмайды тоқтады деген. Осындай өтіріктен барлық ислам дініндегі бүліктермен, топтарға бөліну, уахаб, вахаб, сәләф, масһабтар туындаған. Біздің Масһабшы ағайындардыңда пайдаланатын қаруы уахидың енді келмеуі болмақ.. Мұхаммед пайғамбарымыз Алла мен адамзат арасындағы мәңгілік елші екеніне мұсылман тұрғысында куәлік береміз Бұл ХАҚ.

«Мұхаммед сен уахи берушісің» деп пайғамбарымызды уахи беруші мирасын бекіткен аятын кім өзгертпек? Алладан Жәбірейір періштесі арқылы уахиды алуды меңгеріп енді ақиретте жанаттан мұны Алла қайта алып қоса қалай Рахмет болмақ? Сол сияқты Ғиса не үшін көктен түседі? Пайғамбарлардың бәрін адамзатты қызықтыру үшін бе, әлде пайғамбаралық қасиетті меңгеруге үлгі қылған ба?
Ал енді уақи, уахи болып Алланың сөйлесуін тек қана пайғамбармен сөйлескен сонан кейін тоқтады дегенге аятта; «Сонда Алла құлына уахи еткенін көкейіне салды (10) Оның көзінің көргенін көңілі жалғанға шығармады,» (53-11) «Ол өз ойынан сөйлемеді. Сөйлегені көкейіне салған уахи ғана.» (53-4) деген аяттардың ұғымын ақылмен аңғарғанда уахи деген көкейге салу, көзге көрсетіп көңілде бейнелеу үндіестумен де байланысты екен. Ал енді олай болса….ОНДА …..Дінішілердің өтірігін мына аятта; » Алла тағала адам баласымен көкейге салу түрінде немесе бір перденің артынан сөйлеседі. Немесе араларына елшісін түсіреді..» (42-51) аяттың ашық үкіміне неге терістеп Аллаға ОРТАҚ қосады діншілер? Төмендегі мақаланы мұқият қарап шығыңыз қалай Алланың аяттарын ертегі қылып алғандарын.

Назар Кыдырбаев
18 июня ·
Ғалымдар уахи арқылы келетін білімді мойындайды, оқу жəне үйрену арқылы келетін барлық білімнен бағалы, күшті екенін біледі. Уахи — пайғамбарлар ерекшелігі жəне пайғамбарлардың мирасы. Құдай біздің ұлы елшіміз Мұхаммед с.ғ.с пайғамбардың дүниеден өтуімен бұл есіктерді жапқан. Құдайдың ( ислам) алдында бағынушылықтың Ұлы жаршысы пағамбарлардың мөрі еді, жəне жердегі адамдардың ішіндегі ең көркем тілдісі жəне білгірі. Ол с.ғ.с айтқан : Менің Құдайым мені тəрбиеледі жəне тəрбиемді кемелдікке жеткізді.
Жəне Ол с.ғ.с айтты : » Мен араларыңдағы ең білімдісі де, бірақ Алладан ең қорқушысы да менмін»,- деген.
Біздің пайғамбарымыздың білімі , барлық білімнен жоғары тұрады жəне ол Құдайдың рухани жолымен келген, ал Ол болса еш жерде жəне ешқашан оқымаған. Бұл туралы Құдай былай айтты : » Оны мықты күшпен үйретті ( періште) ,( Құран 53:5) .
Білімнің екінші түрі — Құдайдың сездіруі ( ильхам).
Ильхам бұл сондай түсінік, ол кезде индивидуалды адамның рухы ( жаны) білімді , өзінің мүмкіншілік қабылеті , жан тазалығына қарай Руханият əлемінен( əруақ, Нұр Мухаммед) алады. Ильхам — уахидың өзінше бір түрі, себебі уахи — бұл құпия Əмірді анық ашу жəне түсіндіру, ал ильхам болса — сол ақиқатты ұсыну жəне соған нұсқау.
Уахи арқылы алатын білімді, пайғамбарлық ( ильм и набави) деп атайды, ал ильхам арқылы келетін білімді ,- құдайлық ( ладуни) деп атайды. Құдайлық білім дегеніміз , ізденуші жетуші рух пен Жаратушы арасында қандай да бір делдалсыз болады, тек қана жасырын май шамның жарығы жарық берген сияқты , тазарған жəне нұрланған жүрекке, жылтырақ рухқа жарық беріп тұрады.
Былай түсіндіруге болады: Əуелгі Ортақ Рухтың , Алғашқы Ақылмен рухани байланысы Адам ата мен Хауа ана сияқты болады жəне барлық ақиқаттар мен білімдер қамтылған. Ал айтылғандай , Ортақ Жоғарғы ақыл — Ортақ Жоғарғы рухтан жоғары тұрады жəне күштірек болады. Соған ұқсас Жоғарғы Ортақ рух — басқа жаратылыстарға қарағанда жоғарырақ, күштірек жəне кемелдірек болады.
Осылайша, Жоғарғы ақылдың рахметімен уахи келеді, ал Жоғарғы рухтың рахметімен ильхам түседі келеді. Сондықтан уахи — пайғамбарлар қасиеті , ал ильхам əулиелердің қасиеті. Жан рух ақылдың астында түрғандықтан, əулие дəрежесі пайғамбар дəрежесінен төмен тұрады. Тура сол сияқты ильхам — уахиден төмен жəне аяннан күштірек болады.
Пайғамбарлардың білімі мен мистикалық рухани ілімі , адамдардың білімі ішіндегі ең лайықтысы жəне ең кемелі. Бірақ ильхамнан асып түсетін уахи , тек қана пайғамбарларға тиісті. Бұл білім иелері Адам , Мұса, Ибрахим, Мұхаммед с.ғ.с , жəне т.б. пайғамбарлар.
Білу қажет , пайғамбарлық ( нубуват) пен елшілік ( рисалят) бір бірінен айырмашылығы бар. Пайғамбарлық деген қасиетті рухтың Жоғарғы ақылдан сіңірген білімдер мен ақиқаттарды қабылдауы , жəне оны кең көлемде пайдалануы түсініледі. Ал елшілік миссия болса дайындалған рухтарға осы ақиқат пен білімдерді уағыздау, насихаттау мен тарату тұрады .
Толық мүмкін, кейбір рух уахи дəрежесіне жетуі мүмкін, жəйлап ақиқат пен түсінікті Алғашқы Жоғарғы ақылдан алады, бірақ бір себептермен оны тарқатуға мүмкіншілігі болмайды.
Құдайдың құпия білімі ( ильм и ладуни) тек қана əулиелерге тиісті емес, оны пайғамбарлар да пайдаланған. Қызыр , осындай білім иесі болған, ол туралы Құдай қасиетті құранда айтты : оған Өзімізден білім бердік ( Құран 18:64).
Момындардың басшысы Али бин Аби Талиб бұл туралы былай айтты : Мен тіліме ие болып мөрлеп едім, жүрегімде білімнің мың есігі ашылды, ол есіктің əрқайсының ішінде мың есіктен бар еді,- деген.
Егерде маған жастық дайындағанда, оның үстіне отырып, Тора адамдарына Тора бойынша, Евангелие адамдарына Евангелиемен, Құран адамдарына Құранмен сот жүргізіп берер едім,- деген.
Бұл дəрежелер мен баспалдақтар адамның оқуы мен үйретуімен пайда болмайды. Тек қана рухани ілімнің күшімен адам бұл шыңдарға шығып, өзін əшекелейді.
Имам Ғазалидың » Божественное знание » ( Илм — и — ладуни ) кітабы, 14 бет).

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.