ІШТАРЛЫҚТЫҢ САЛДАРЫ 

Іштарлықсыз қазір қазақта әйелде, еркекте жоққа тән. Ел биліктің орамалға тыйым салуы, ата дәстүрін ұстаудан қорқуы іштеріне мұндай ақпарттың сыймай, енсе жарылып кетердей қорқыныш пайда болумен байланысты. Ел басымыздың да дүниенің соңына түсіп, мал табарлықпен айналысып кетуінен, санасы уланып, іші тарылып кетіп, ішітар қауымының айдауына көніп, үш тілмен ғылымды болу, латын таңбасымен үнді қысқартумен ана тілін қорғау, деген іштегі қарсылықтармен байланысты.

Сынықтан басқаның бәрі жұғады, дегендей негізі бұл дерт-санасыздық болып жазушы, ақын, тілші, дінші қауымынан тарап, білімді қауымның бәрін тегінен санасын улағаны да хақ. Іштарлық европа салтымен бірге келген қазаққа. Орыстың » Везде хорошо где нас нету» дегені іштарлық аурудың ұрығы да болмақ. Европалық арсыздық салтпен, аманатқа қиянат жасауға яғни бастың жалаңбас ұстау арқылы ішке Алланың нұрын енгізбеуге және бірте-бірте хайуандық деңгейге дейін түсіп, осындай елдермен біртектілікті сақтауға күрестің басында ел басшылары тұрағы да сөзсіз.

Масһаб дін ғалымдары, тарихат сопылары болсын бәрбір бұл дерттен аман емес. Масһабшыларға құранның өзіне ұнаған аятынан басқасын сыйдырмайтыны, өздерінің білгенінен артық нәрсені қабылдамайтыны, Құдайдың хабарын мүлде естігісі келмейтіндері де, іштері тар, мұндай қуатты шындық сөз ішке енсе, қорқыныш пайда бола бастайды. Сондықтан Абай-Шәкәрім сияқты даналар насихатын, ғибаратын олардан жоғары тұрған тарихатшылар да ішіне толық алуға қорқады. Алғылары келгенмен сыймайды.

Ал философ, теолог дегендердің іші толған қаралық, қалай ақтан аятты бойға алмақ? Алланың нұрын хикметін ішке сіңіре білу үшін, әуелі бойды тазартып, және таза ұстай білу керек. Бірақ енді қазақтың барлық жұртқа жол сілтеуші басшылары аяқ астынан басқа бөрік, денеге шапан, аяққа мәсі кигенмен ішке еніп алған ағзаларға ақылдың ошақтарына қоныстанып алған жын қуаты өзінен өзі тастап шыға ма?

Шықпайды да, және сырттан жанға Алланың хикметін алдырмайды да. Сонда не істеу керек десеңіз, онда амал жоқ ата жолына ордаларға келіп іштегі қаралықтан қалай тазару жолын меңгеру керек болады. Мұнсыз ел басының өзі уланған санасын қайта тауып, рухани жаңғыра да алмайды. Бірақ сол ордалардағы қызмет қылатын аққу, сұңқар дегендердің өздері де іштарлықтан жазыла алмай жүр. Іштарлық түгіл онан төмен, қызғаныш, көреалмастықпен де ауырып қалағандары басым көпшілігі.

Бұл ел билеуші білімді, дінші іштарлаға да әзірге тиімді болып тұрғаны да хақ. Онда енді не істеу керек?- деген де сауалға жауапты Құдайдан ғана сұрап ала аламыз. Сондықтан рухани жаңғыртушылар кеңселік тұрғыда құлаш-құлаш қағаздарын жазып, күнде жиналыс ашып, елді, билерін алдап, көзбояушылықпен айналысуын жалғастыруға да жол ашық. Ішітар ел басымыз мұны әзірге түсініп аңғаруға шамасы да жоқ…

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.