ЕГЕМЕНБІЗ, ТӘУЕЛСІЗБІЗ ДЕГЕН СӨЗ ҒАНА

Қазақтың ата жолымен дәстүрімен әулие бабаларымыздың қалдырған мұраларымен және тылсымнан көрсетіп жатқан құпия білімдерімен салыстырғанда, өзін оған лайық, деп танитын бірде-бір қазақ ұрпағы дінші сопы да жоқ. Ата жолында тақуалықта іздену жолында жүрген біздер де лайық емеспіз әйтеуір ұқсауға тырсудамыз. Олай болса өмірдегі қандайда бір қозғалысты, жүйені, дін топтарын «Энштейн» ғұламаның салыстырмалы теориясымен бағалаған да дұрыс.

 

Салыстырмалы түрде Құбанәлі ишаның жасап жатқан істері оны тергеп сынап жүргендерден әлде қайда адамдығы артық. Сол сияқты Ясауи тобын басқарған Исматулла, Саятардың адамдығы қазіргі дін ғалымдары, министрі мен масһабшылардың бәрінен де адамдықтары артық болғасын көралмасатықпен соталғанды. Ата жолы біздерді де итше талғанмен, енді құйрықтарын бұтына тығып қайта келуге не себеп болды ел билікке? Ал енді мұның түсінігі; шариғатын да толықтыра алмай жүргендер және қатындардың ақ жаулық қуатын жоғалтып алғандар, еркектердің бөріктік басына сауыты да қалыптаспағандар, діншілердің маңдай көзі сорланып қалғандар, ашылмағандар яғни иманнан жұрдай жынды- шайтандылар;  Дінде Алласын тану жолына түсіп, оны жетілдірмек болып, талап қылғандарды сынап жүргендері ғылымсыз хайуандығын әшкерелеуі ғана.

 

Сол сияқты тарихатшылардан әлде қайта төмен орта топтық масһабты немесе басқаларын да сынап айыптау үшін де сол өмірге еніп, ол шеңберден келесі шеңберге өте білу керек. Қораның сыртында тұрып айғайлап сөйлесетіндер мұнафық, деген Алла тағала. Мұндай екі жүзділерді қоғамның бар саласында ел билікте, ақпараттық жүйеде сот, тергеу, айыптау, құқық қорғау мекемелері мен орындарында ақылдары заңмен негізделіп қалғандардан аңғару оңай.

 

Ел билік қандай заң шығарса болған; Оны «Тәңір қылып»  алып шоқынумен, ар-ұяттыңды, елдігіңді, дәстүріңді, құдайшылдығыңды таптап, бір сөз үшінде заңмен жазалап, немесе білімділердің жабылып шибөрідей талаудан қымсынбайды да. Қазақ ұлтының елдігі жоқ, олай болса тәуелсіз ұлт болуы да мүмкін емес, қазақ деген аты бар, заты жоқ ұлттығының құр сүлдесі қалғанын дін саласында, еркектерге тән ұлтшылдық саясатында арсыз қатындардың ақыл айтып жүргенінен артық ешқандай дәлелдің керегі жоқ. Бұған тоқтамасаңыз жын мен жан және саналық ақыл туралы білімді ел басшымыздың өзі білмейді, онда қалғандарымыздан не сұрау? Егмендік саясаты жоқ  елді, ұлттық саясаты жоқ әлемге тәуелді рухани бодандықтағы тұрғындарын қалай жаңғырту болмақ? (Қазан 2017 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.