Жындылықпен малдық, мастық сипатымыз!

Рухани білімде бүгінгі таңдағы имандылықта орыс халқы қазақтан әлде қайда биік тұр. Ал жанды сақтау, көбейтудің білімінде қазақ халқының ата дәстүрі әлемнен озық тұр. Енді рухани білімі жоғары ұлт қорқақ болмайды, қандай белгісіз істі де, амалдарымен болашағын білуге меңгеруге тырысады. Құдайдың хабарына белгісіне құлақ аса біледі.

Қазақ ұлтының білімді қауымы рухани төмендігін ақылы жетпеген нәрсеге амал қылудан қорқып, ескі даналыққа өткенің жақсысына жүгінумен, болашағына қадам басу түгіл керісінше өзінде барды қысқаруға сезімдік ақылға қарай кесіп пішіумен айналысады.

Мұндай жағдайға дәледі жүздеп келтіруге болады. Мысалы орыстарда бір пендеге екі ат қоймайды. Ұқсас Сергей атын қойғанмен «Сергей Сергейович» деген сияқты немесе «кличка» деп жындылық өнерімен, малдық қуаттылықпен байланысты Сергей-Лахматый, Босый, Астананинский т,б деген жанама атармен атайды.

Ал қазақта мұндай жындылықтың түрін әкесін, атасын итке, жынға айналдырып алып Қазбек Иса, Айгүл Қоқай, Марат Сарыбай деп оның екінші атының немен байланысты екенін Құдай ғана біледі. Иса, Қоқай, Сарыбай деген алқаш, ұры, залымдарда өмірден өткен. Ал мұны қазақша тек десек, онда қазақ дәстүрінде мұндай көргенсіздік ешқашанда болмаған. «Мұхаммед» деп ат қойыпта пайғамбарлық қасиетке жалғану мүмкін емес. Мұхаммедтің үмметі болып саналып қана жалғана аламыз.

 

Тек, тектілік- ақылмен іс, әрекет амалдардың, қасиеттің бірлігінен тұрады. Әзірге екі атпен аталып қасиет көзі ашылып, құс тіліне жалғанған пенде жоқ. Керісінше маңдайлары сорланып, жүрегі мөрленіп жатқандар жеткілікті. Себебі осындай аттас қара түнек күштері жындарға айналғандарға жалғануға өзі сұранып тұрғаны да хақ.

Алла тағаламыздың әлемге түсірген барлық оқиғасы елдер арасында айналып тұратын белгілі бір рухани алмасумен діннің жібі болып саналады. Ал енді ібілістің жобасы үнемі әрбір әрекетті дүние тіршілігінде оңайға айнадырумен болмақ.

Әрине Атаңды Ов, Ева- жалғауларымен бастың, басбармақтың Адамдықтың негізі қылып, әкенің ұлы, қызы болып өз атыңмен үш түрлі текті белгілеп, төртінші жасырын текті меңгерудің рухани кітабын жойудың әрекетімен айналысқандар түбінде мұның қасіретін тартады. Бірақ оны түсінуге де ұзақ жылдан замандар өтуі керек.

 

Сонымен енді ібілістің оңай жобасы дүние тіршілігінің қамына ділді байлап, оны қысқартумен айналысу, яғни латын таңбасын ел билігі тарапынан күштеп таңып, қаншама қазынаның ақшасын желге шашқандай, және оны атқарушы жындылардыңда білімді қауымының өзі болып жатқанына да қандай өкінішті, болашақта мазаққа ғана айналатынын әзірге аңғаруға мұндай мастардың ақылы жете қоймас.

Құдайдың хикметімен хақиқаты да осындай әрекеттерді шынға шығарып, дәлелін ашық көрсетумен байланысты болмақ. Мұның негізі де қарапайым Ғылым деген қуаттың адамзаттың жанын, адамдығын сақтауға ақылын өсіруге, тегін жетілдіруге байланысты екенін түсінумен ғана айқындалмақ. Әзірге ғылымды білім-өнеріне айналдырып алып, мастықтың азабын тартып жатқанымызды аңғарудан қалғанбыз. Енді жеке-жеке осындай іс басындағылардың от басының күйреп, бастарының қайғы-қасіртке ұшырауымен ғана тәубеге келіп, есін жиғызатын мезгілдің жақын қалғанына ғана шүкірлік қыламыз. (Қаңтар айы 2018 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.