Алланы тану, өзіңді тану, яғни ғылымды болу! 

Біз барлық әлемнен тыс баураушы Алланы тани алмаймыз, ол біздің жаратылысымыздан тыс. Сондықтан біздің жаратылысымызбен бірге әлемнің өзіндік сипаты болған Алла тағлалық сипатын ғана тануға тырысумен Алламызды таныған болып саналады. 

Ал әрбір замандық тағдырға, уақыттың кезеңіне қарай Алла тағаланы танығандар даналықпен, артында өшпес сөз қалдыра білумен, ғылымды болып саналады. Сонымен қазақтың ғылымды даналарына жүгінсек;

«Біз Алла тағаланы өзінінің білінгені сипатында ғана білеміз, болмаса түгел білмек мүмкін емес. Заты түгіл, хикметіне ешбір хақім ақыл ерістіре (жеткізе) алмады. Алла тағала-өлшеусіз, біздің ақылымыз -өлшеулі. Өлшеулімен өлшеусізді білуге болмайды. Біз алла тағала «бір» дейміз, «бар» дейміз, ол, «бір» демелікте те -ақылымызға ұғымының бір тиянағы үшін айтылған сөз. Болмаса «бір» демелік те алла тағалаға лайықты келмейді..»(38-сөз)

Олай болса біз Алла тағаламызды тануымыз өзімізге тән сипат белгілі бір замандардағы тағдыр, уақтытпен аруаққа бейнеленіп шектелеген»бірлерін», «бірлік бір қуат жүйесін» яғни «біздері» -Алла достары арқылы берілген хикметі арқылы ғана Алла тағаланың білінгені болып ғылымы мен кереметімен ғылымын танып ақылға қуат қосамыз.

Бірақ бұл хикметін біздер Аланың 99 көркем есімімен байланысты достары арқылы ғана жалғанып алумен болғандықтан мұны иман келтіруге жатқызу керек. Қазақта; «Өліге иман тіріге берекетін бер» деген дұғамыз да осы жағдайды ескертіп тұрғаны сөзсіз. Демек өлілерде иман болмаса бізге де Алла тағаланың білдірмегі яғни аян, уахи болуы мүмкін емес.

Иманың осында жеті сатылы белгілерінен пайғамбарамызға қуат қосумен, шапағатшылығынан елшілік жүйесінін ғана қуат ғылым дерегін алу арқылы ғана біздер толық иманды болып саналып, ал оны көбейтуге замандық қозғалысқа лайық құпия білімін жанымызға да Алла тағаланың өзінен алуымызда міндетті болмақ.

Олай болса, діннің мұндай жібі үзілісіз болып; тарихта бос кезеңдер болмауы да керек. Біріміз Нахшпанди әулиеден, енді біріміз Имам Ағзамнан немесе тарихи бір кезеңдегі әулиелердің ғана Алла тағаланың білдіргенін білім тұрғысында меңгеріп «иман келтірдік», дегенмен бұл толық иман болуы мүмкін емес.

Иманды толық барлық бұтағынан (жеті әлемдік жүйесінен) қуатын келтірмесе, онда Алла тағаламыздан ғылымынан қуат он саулық нұрмен көбейтіп, жанға құпия білімді мирасқа алып, ұрпақтарымызға аманатты жалғамасақ, онда Алла тағаламызды яғни өзімізді танып білген болып табылмайды да.

Енді ақылымызды еркіндікке шығарып ойланып көрсек; масһабшы, тарихатшылардың өзін тануы Алла тағаланың оы заманға лайықты хикметін көрсетіп білдірумен сәйкесті ме? Егер ғылымды ғұламалары болса көрген, білген хикметтер құпия білімдерінен неге хабар бермейді?….(Қаңтар 2018 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.