XI-ЗІКІРДЕ  КЕЛГЕН ХАБАРЛАР

      Мейлі қандай дін амалдарымен, дін тобы болсын Құдайдан заманға қарай түсіріліп тұратын шындықтан хабар келтірумен байланысты маңдай көздің ашылу амалдарының жүйесі болу керек. Егер әлемнің бәрі іздеп тұрақты маңдай көзінің ашылуына яғни ұждандылықты меңгерудің хикметін Алланы еске алумен байланысты екенін білсе ата жолындағы қазіргі жасалып жатқан амалдар әлем алдында үлгі болар еді.

 

Бірақ оны өз еліміздің білімді ғылымды деген және дін ғұламаларының өзі қажет деп санамайтын елде қияметің азабының артуына ғана апарып соқтырып жатқан жәйі бар. Сондай күн санап келіп жатқан арамыздағы аз ғана маңдай көзі ашылған қасиеттілердің келтірген деректерінен жаряилауды жалғасытар береміз;

 

  1. Рақым бар жерде тәуба да бар.
  2. Еш кетпес еңбегің, жасалған амал сүннеттермен тазалану жүруде.
  3. Башқұртстанда дүр сілкіндірер жәйттардан жүректе мөрлері бар пенделерді қайта қозғар ата-баба әруағы, бас көтерер бас көтерер әруақтары бар, құлақ түре жүрер пенде бар.
  4. Еркіндікті сүйген пенделердің аяқ алысыда таяздана жетер.
  5. Сунақ ата басына түнерсіңдер, берері молынан амалменен шешілер. Көкке жалғану жәйттің де құдыретінің кілт сабағын ұстатар.
  6. Шарықтап жатқан «Ата жол» Ақберен баба қолдауы түсуде. Ағарып өтер тылсым дүние тазаруда, ақталған әруақтар риза. Қаншама әруақтар да ақталуға кезегін күтуде. 7.Ақтамберді баба басындақұдірет күш- қуаты көтерер. Ақиқатты ақтар жер ұйығының кілтін ұстатар.
  7. Келмембет ата (сарғасқа руы) ұрпақтарын жетелеуде.
  8. Сыр-өңірі дүрсіліне бас көтерер пенделер болар. Қасиетті пенделердің басы қата бір жағына қараса кешегі қете өмірі, екінші жағына қараса дел сал бола ауырсына, жанталаса ата жол бастайтын пенделер болар. Сол кезде әр біріне ақпараттық уағызбен демеу керек.
  9. Жер ұйық тілекші ата-баба әруақтар қолдауы, тілектің жақсысыда жаманыда қабыл болып, талайлы жер түрлене өзгерістер түрлене түс берер, жәндіктердің көлеміде өзгерер, ата-бабалардың берер бойға белгілері де ерекшелене сезілер.
  10. Тау тас оңтүстікке жақындап, климат өзгеріп, таулы аймақты апаты талайды жұтар,халық дабырап, өздігінен Алласын аузына ала топтар молайар.
  11. Жемтігін сұрап, етегін толтыра сұранысы мол пенде келер, бір жалт ете жоқ болар.
  12. Тәубашыл пенденің ымырасы болар, жетекке көнер.
  13. Жерің қозғалып, көгің нөсермен, найзағай шайқасып, жерді дауылмен, әр бір пенде жүрегіне қадар. Бір Алладан келетін садақтың жүрекке қадағынан қорқыңдар, тәубаға келеріңдер, мен- менді баса біліңдер.

15.Азғана өмірде мен озықпын,- деген пенделердің де жүрегі қараятынын ескертуде.

  1. Жоғары үкімет басындағылар өз ара тартысуда.
  2. Тамақтан ұстап қыспаққа түсушілер көбеюде.
  3. Бастары сау, бірақ сынақтан шыға алмайтын пенделер көбейді.

 

19.Аруақтардан:  иттей ырылдасқан елді көрдім , есін жияр деп үміт отын тастадым.

  1. Каспий теңізінің ортасында өрт болады Бекет ата бүркіт болып қанатының ұшымен от тастайды.

21.Қазақ пен қытайдың ортасында қақтығыс болады.

22.Қытаймен Қазақстанның шекарасында жер сілкінеді. Шығын болады.

23.Ақмола Сарыарқа төңірегінде ол төңірекке бұрын шықпаған шөп шығады құнарлығы сонша, малдар тойғанын білмей күпті болады.

  1. Быйыл Қазақ елінде үшемдер көбейеді

25.Малды қолдан жаю Алланың алдында парыз, қамауда  ұстаған малдың сүті құнарсыз болады

26.Үркер төмен түседі

  1. Патшалық заманының әруақтарының қасиет көздері ашылуда (зергерлік, ұсталық, т.б) 28. Қасиетті ұстай алмай талайлы қыспаққа түсер. Таңдауды жасар Алла Тағала құдіретімен келер. Жасөспірімдерден бастап жоғарғы орындарда отырғандар болуы мүмкін.
  2. Жоңғар ата–баба әруағы кешегі қан төккен, бүлік жасаған қазақ жерлерін қайта–қайта аластауда.
  3. Тәубаға келе алмағандарға Алладан келер үкім бар. Төңкеріле түсер төрт табағы.
  4. Базарбай жырау Сарыарқа төрін домбырамен шерте тазалану құдіретіне бет алдыртуда.
  5. Сарыарқа төрінен түрлене шығар бұл–бұл аққу болар.
  6. Жағасы жайлауда жүргендер жинақталар.
  7. Екі шелек суға барып, төрт шелек сумен қайтар пенделер болар.
  8. Жомарттық танытқан пенделердің алдынан шығар жарық нұр бар, ұрпаққа бастар ақ жол бар.
  9. Тамсана бұл–бұл үніне шаттанар, нұрлана тазалана, бейнелене келер жалғас табар.
  10. Қарғалардың қауырсыны сынып, жер бетінде сыпыра тазарар күн туар.
  11. Шегіртке қаптаған елді мекендер тұрғындары біріге тиын–тебендеп жинаса да, ірі қара құрбандығын шалса, ұрпақтарына да зиян келместен шыбын шіркейлер жоқ болар Алла құдіретімен.
  12. Шертер бар жерде үн де шығар шарықтап. Саңқылдың бәрі үн емес.
  13. Ес дегенге еселене жүре берме, амалдың да тосқауылы мен тосар биіктік шарпу шыңымен тәрбие–тәлімімен жетекке ала, қолдау болар тылсым дүниесінің дүкенімен қызмет жасай білгенде түсінерсіңдер.
  14. Дөңбекши келер пендеңде көкірек ашуы сылынса, таңырқана отырып қалар кез келер, сол кезде жаңа дүние есігін ашқандай қайта тәрбиеге алсаңдар, сол пендеден шығар шың бар.
  15. Әрбір әулие–әмбие шартарапты шарлаған, кешегі жеті орданы сайлаған, әрбір әулие атымен ендігі жерде аты бар да заты жоқ дегендей қызметі жоқ тоқтаған орда, шаңырағы төңкеріле, қиналысы бастарынан асуда, етекті толтыра мен менді басқан пенде көп. Сабырлысы санаулы, қайта түзелуде шаршауға соқтырып та талайды. Жіктеле де келеді.
  16. Шет елдерден келген оралмандарда қыспаққа түсе бастады, тері ауруы өршуі, ауа райының жайсыздығы деуде. Шет ел тамағының іш құрылысын бұза жетіп, бойлары іріп шіруде.
  17. Таңдай көмей үндерін ашар ерекше үн зікірімен жалғанар.
  18. Сал атты да жалбырап жүріп тіктелер.
  19. Саусақ санар пенделерменде жетінші айға да жетерсіңдер.

(Мамыр айы 2018 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.