Зікірде келген тарихтан үзік сырлар-3

Көзбен көру мүмкін.Топ атты кісі ерттеулі ер тұрманынмен аттарды айдап келеді. Кермек саз иісі мүңкіп мұрынды жарады. Ышқына шауып, қанша жерден алыс шапқыншы келген екен. Оқта текте, бір атыс, дүркін дүркін шайқас мүмкіндік қиын кезең болатын. Кеш түсе саябырсып отырыс болатын кез. Күз түскенмен, мыз анда санда жағамыз жай болатын, себебі қанша шабуыл жасасада алдырмайтын едік. Қайсыбірін айтайын, жоққа шығарма, бұндай жауыздықты сендерге жазбасын.

Қиын жағдай еді. Әп сəтте бетбұрыс өзгеріп, көрінер көзге ұмтылыс болып тұрады. Қайда қашанға созылар шабыс кезеңі созылады ол бұлыңғыр, көзге шегі жоқ шайқас атыс аяқ астынан басталды .Онда жас бала шаға да көзге ілеспей кетеді .Қайғы мұң тартқан елге əп сəтте болған тыныштықпен еркіндік бола қойған жоқ .Жұмыла қазақ жері тайқы кер тұлға өмір салтын бастан өткеріп жатты. Әскерлердегі де дағдарыс кезеңі болып, қанша шапқыншылық басына келген жұрт қақырап қалған. Босаға қисайып, шаңырақтар ортаға түсіп, елді жайпа өткен кез болатын.

Сонда елд імекен жұрт қиналған кез, омыраудан ажырамаған бала шаға үні азан-қазан айқай, ойбаймен тасталқан қиын сәттер еді. Әп сəтте жиылып, сөзге демеу болған көрген кісі, қос көзім куә, ат шаптырым майдан жері, атыс болған оқиға ізімен айтып отырғаным рас. Сондықтан ұғып ал, ертеңгі қазақ білген жөн .Ата баба тұрмыс салт дəстүр қиын кезеңде елге тұлға болар ұрпақ туса, елдің тыныштығы болмақ. Әлі сан дəуір өтпек елімінің басынан. Өмірге келген ұрпақ, кез келген ата ананың жалғасы болып, азбай өмір салтын ұстанса екен. Аруақтардан қамқор болар, келер жастан міндеті, ата ана борышын амантын ұстанып ақтасын. Сондықтан тайқымай қазақ жері байтақ елі мекен еткен, ата баба дəстүр салтымен ғана ұлтқа қалған мекен тұрағы болар. Жарқын өмір сүре білген келешек ұрпақ жалғасын табар, үміт ұрпақтардан. Ағайын азбасын, ел жұрт тиыш өмір сүрсін деген ниетпен Нұртаза.

(24тамыз2018жыл таң намазынан кейін.)

**** *****

Бөкейхан көп көзге түспей, қанша атты əскерді жинап, қанжыға толысар деген кез болатын. Орыс қазақ әскерлері арасында көре көзге жанжал шығып, арты атыс, тебіс, бекініс жоқ, өртенген ауылдар мен кез келген тұс тұстан қақтығысып жатқан, орыс қазақ болып қан майдан жүріп жатты. Жау əскерлері қайта қол жинап келген кез болатын, қандай ұрыс шапқыншылық кезең ел жұрттың басынан өтіп жатты. Елді мекендерде айлық жерге толасыз шұбырып көшіп жүрді. Әрбірінде жүзге тола шал шауқан кемпір.

Өзекті өртеген қиын сəтте, бала түгілі ер жеткен қыз жоқтың қасы. Қазір майдан шебі таусылар, таусылмас өзен жағалап көлге көн қошымызды тыныстатып жүрген кез болатын. Ондай сəтте жаяу əскерлері де бұлтармай, ағаш бұтаның кез келген жерінде тығылып алып, қанша жастар абайсызда оптат болған, аңдамай бастан кемшілік өткенді. Су жағалаған, қандай мұң кез болатын. Шыдамы таусылғанда кез келген аймақта қан төгіске шыққан жұрт, халық аштыққа ұшырап, қаншама қазақ жұрты қырылды.

Оған куə қара жер, ұшқан құс, батқан күн, аспанды жапқан бұлт куə. Енді самсап келе жау əскерін көріп, қашуға құстай ұшқан жалғыз шапқандар. Бір мезетте ойда жоқта текке тұрмайтын іске бола қора қопсы мен малынан безгендер де жеткілікті. Әр жерден күйген иіс алған алқап, өлекселерден шықан иіске, шіріген етке қонған қоңыз. Қас қағым сəтте өңірден бұлт жауып нөсер құйып төгілген кез болатын. Бұндай қиын кезеңде ата баба құрметтеуге, өмірінен қалған деректер ой салар əр адамға деген ұғым болды

Ауыс түйіс тамақ аз болатын кез, аштықта тойып тамаз жей алмай күн кешкен жағдай болса да, ар-намыс деген ұмытылған жоқ. Қазақ жігіттері тайсалмай шабыста берілген жоқ, өйткені намысты қолдан бермеу қанымызда бар ел едік. Ешкімнің қазасы қиын ұмытылмайтын, ақирттен жазылған дəптер естелігінен болды деп түсініңдер. Жабырқау мінезді кейінгі ұрпаққа жеткізумен, тұлға боларлықтай ескеріледі, деп жүрген кез болатын. Шындық пен ғана жалған дүние жамандықтан тазарады ( .23 тамыз 2018жыл ақшамнан кейін.)

***** *****

Ат шаптырым жерден келе жатқан сарбаз жақындап қалды.Ендігі өмірде қаншама орыс қазақ əскер тасталқандалды, өйткені сарбаз болатын жол жөнекей ауылдардан өз еркімен қатарға қосылғанеді. Бұл кезде жұрт егіншілік азаппен қоса, өгіз сүйреген ат арбамен қанша жерден ексе де оның беркетін қашырып жинауға да, саябырламай тоқтамай тұрған соғысқа, кез келген мезгіл еді. Ел мұндай қыспаққа ұшырағанда боздақтар қаз бұлттай атқа қонып, оңаша жерде өз ара ойнап күліпте алады. Қанша баяу ұшса да, қазға қанат бітіп алысқа алмай жетеді. Сол сияқты кез келген жүзден шыққан боздақ жастары ат табылмаса жаяулап қақтығыстар шиеленісе түскен жерге жиналатын кез болатын.

Ондай кезеңде қазақ жерінде шайқас майдан шебін таба алмау қиын еді. Әп сəтте ана баладан жесір қамқор болар панасынан айрылап, жұрт шапқыншылыққа ұшырап жатқан мұндай кезеңді ойға алмау қиын. Ия шынында өте ауыр кезең болатын. Сондықтан қазақ жері күн түн шайқасумен, қас қағым сəтте ақ талай ауылдарды жаулар кенеттен жайпап кете барды өлім жітім көп болды . Мұндай төтеннен келетін жаударға араша түсе алмай, қасқырдай жайпап кететін, кез келген жұртта тосқауыл болмай, шапқыншылық белең алып кете барды. Көрші өзге елдерде де тұрмыс жағдайлары қиын кезең болатын. Олардан да жәрдем болмады.

Мұнда басты мəселе жауды тойтару қиынға соқты, атыс шабыс əр жерден көрер көзге қиын сəтте болжап айта алмайсың .Сондықтан қай шайқас қай мезгіл келеңсіз екенін ұмытпайтындай болған жайттар көп болды. Өмір сүру қиын кезең жоққа шыгарма 60 күндей төңкеріс болатын кезең еді, ендігі өмір тапжылмай алға ұмтылу, жан жақтан жаулап жатқанда өлім жітім көп болды. Қазақ жастары еңбек еткенмен де тікеден тік тұрудың жағдайында атысатын майдан шебінде бекініс жоқтың қасы еді. Осындай атыс шабыс кезең болсад,а шапқыншылар да тайсалмады. Өйткені оларда да заң қатал, бас шаш ал десе тұрарлық .

Жігіттер қол жинай келген кез еді . Елге жау шапқанда қазақ орыс араласып біріккен кезде төңкеріс шебі көрінбей қалатын еді. Қанша күн соғысқан айларға жалғасқан, қазақ елі үшін қанша қиын кезең болған оқиға ізімен баяндалды. Сол кезең ұмытылмай есте сақталып қалды. (23 тамыз 2018 жыл таң намазынан кейін.)

***** ******

Қаспен көздің арасындай мезгілде зеңбіректен от атып, алқапты өрт шалған, шабыс, атыс, қаншама айлар өтіп, күндерін еске салсаң дағдарыс кезеңі болатын. Көтібар Бəсен ұлы бастаған шайқаста батыр тұлғасы естелік болардай жөні бар еді. Қандай кезеңдер өткен өмірінде жалпы қазақтың .Бекініс майдан шебі, жау кенеттен тап берді. Қаншама қасірет көзге ілінбей кете барды. Сонда қайғы мұң ажал қысқанда да тақыр кедей жол жоралғысын тастаған емес.

Ел тағдыры батырлардың қолында болып, шектен тыс қалдырып қоймай, беріспей алға ұмтылып, қазақтың еркін даласында ұрыс соғыс кезең жүріп жатты. Қаза тапқан қазақ жастары, аза тұтқан елді мекен, жоңғарларға қарсы халыктың жаппай көтеріліс кезеңі еді. Қан майданда ажал құшқандарды аза тұтқан жесірлер мен ер жеткен қыз бала, боз бала өмір қыл үстінде тұрған кезе. Бұл ұрыста əйел, бала шаға түгелдей майдан шегінде қалған еді. Шапқыншы əскер жаяу əскер ел ауылдарды басып жатты. Қрсы болса атты, сонда да мойымаған ел. Қандай арпалыс кезең, қазақ жұрты аза тұтқан кез, өлім жітім көбейіп, елге де аштық келген сəт.

Ел қорғаған бауырын жан жаққа бағыттап, енді келместей атқа қондырып шығарып салып жатты. Қазақ еліне терңдей еніп, өрби шапқан ұрыста тапжылмай шабысқа түскен кезі еді. Кү батып қараңығғылық түскен бұлыңғыр сəттерде, көзге көрінбей арпалысты тоқтатпаған кезең. Шеті жоқ ұрыс, қазақ жері майдан шебін таба қоймайтын кезең. Қазақ ұлтына өзге əскерлер қарсы самсап тұрған кезде, бұлтармай жауға шапқан, қарсы тұста бір мезет көлеңкедей шапқан, тайды мінген, таяқ ұстаған жас бала жаудың алдын жайпап өтті.

Бұл көрініс ертегі сияқты, білген жұрт қаншама егіл тегіл жылап, жастар анасын жер қойнына тапсырып кектенген, жаудың бетін қайтаруға еңбегі де сіңген от жылдары еді. Көнбеске амал нешік, сондай жас, күші қайтқан кəрі аза тұтқан кез бұл болатын. Кешегі ұрыс өте қиын кезең, ат шаппай қалса, тез үйірден жылқы алдырып, майданды тастамай соғысып, қаншама біртұтас ел қырылған кез, майдан шегі таусылмас кез болатын. (22тамыз2018жыл ақшам намазынан кейін.)

**** *****

Толықтырып ой сананы, үлгі қылар халыққа, басшы менен қосшы бірігіп тілек көбейсін. Ел жұрт мекендеген қиын кезеңнен арылып, тақуалықты ұстану керек. Мəн бер əр сөзге көлеңке болып қалмасын. Ұғын, ұғымды бұзбай абайлап сөйле, сөз төркінін білгенге құлаққа жағымды нəрсе бедел. Міндетті түрде жеткіз елге. Ой, сана арманы биік тұлға болатын келешек жастар дағдарыс кезеңдері ұмыт болмай, осы күнге жетер. Абзалы іс шара, іс қимыл-əрекетпен. Кейін түсіне бастап, үнді ұғынып сөзін жаз. Оңды істерді байқап көру міндет деп біл. Елдің абыройы, халықтың көзі, шешен тілі, уақытты да сол. Артқа жол жоқ, ғибаратын ғана алыңдар, соны ұғын, абай бол . Қасқыр тілІ мезетпен шықпас. Абайла əрдайым тазалық ұстау міндетті керек. Тек бір қызық кезеңді ғана еске сақтайсын, достық абырой жеміс береді .

Әркім сөз жүзінде тұлға санап, алуан жастар түрлі адасушылық көп орын алған. Тілмен əркім сөз деректерін бейнелгенмен, шығынсыз, қиын істе шаруашылықпен жұмыс етіп, еңбек қылмай тапқырлық табыс жоқ. Сондықтан қашан еңбекпен тер төгіп қана ойлануға мүмкіндік болган кезде ғана шыншыл адам ұғынар. Тіршілікте бірлікке шақырып есеп беру кездері туындайды. Мүмкін жалған өмір талабы осындай болды. Әрдайым əрқайсың қазақ жерінде, кез келген орында, мүмкіндігінше шабыт беріп, дұрыс сөз сөйленуі керек.

Артыңнан ерген көлеңке қашан теріс мінезінен тазарып, айқын сөзден қуаттанып ақиртегімомындар сапына қосылсын. Ешқашан қанша алыс жерден келсе де бірде бір қыз арсыздықтан қысым көрмесін. Ол неліктен асап жеп отырған азығынан ажарауы керек. Тұрмыс салт қанша қиын кезеңдерде сақталғанды. Мұндай жағдайда ғана кейінен елге тұлға болар, жер көктің арасын жалғандырар, біздер қылған дəстүрмен өз мекен жайын ыстық көрер. Біздер өткен кезеңдері ұмытпай жоққа шығармай, еске алыңдар, сондықтан сол бір кез сендерге бүгінгі айқын өмірдің сыналған бастауы болды. (22тамыз2018жыл таң намазынан кейін.)

**** ****

Көп кешікпей салт атты əскер келе жатқан жиыла қалыпты ойда жоқта бұлақ түбінен су ішіп, мəре сəре болып қалдық қой. Майдан соғыс кезі, бұл бір ұмытылмас кезең болатын. Ондай кезде бұтаға тығылып күн көру мақсат еді, əйтпесе атып тастайды. Келесі күн елге қайтар шақ келді. Қайғылы қан жұтқан қанша қиналған жұрт, көз ілеспейді, ашаршылық кезі еді ғой. Бұл кезде тақыр кедейлеген жұрт, шапқыншы арпалыс кезеңнен мезі болған ел жұрт мазасы қашқан, əбден үрікті. Үрікпегенде қайтсін, ондай күндер сендерге басқа бермесін.

Ашта жалаңашта болып көрдік, бірге жүрген соң бір үйдің баласындай болып кеттік. Арасында ойнап күліп те аламыз, өзімізді өзіміз көңіл бөліп аяламасақ, кім көңіл бөлсін. 1941 жылдың аяғы1942жылдың басы еді, қаңтар айы болаты,н тоңғандыда ұмытып кетеміз, əйтеуір бір мызғып аламыз арасында. Кенеттен «аттан жау» дегенде дір ете қалатын соғыс басталып кетті. Ұшы қиыры жоқ от жалын, кез келген бұта жанып жатыр. Қай мезгіл екенін аңғаруда мүмкін емес, таң атып күн батып жатқанын да ұмытып қаламыз, қайтсек жауды жеңбекпіз деген мақсат қана басқа ойда кірмейді.

Жер төле де жасап қойғанбыз тығылып алып, неміс фашист келсе атып түсірмек ойымыз бар. Жан тəтті, оқтан əбден үркіп қалдық, наурыз, сəуір айлары ау деймін, жауда қиын. Соғыс болды деген жерге тайсалмай қайтай келеміз, алғы шепте сен тұр мен атайын дегендер жүрді. Алдыңғы жақтан қараңдап соғыс көзін көргендер бой көтерсе болды, бізде өре түрегелеміз аттана аттандап, ел, əке, шеше бауыр, қарындасты да ұмытып кеттік.

Ойымызда бір ауыздан жауды жеңбей қоймаймыз, деген елге жеңіспен ораламыз, деген ой арман бар еді. Жүрегімізде қанша қасыңда жүрген бір кісідей болып кеткен көзіңше оққа ұшыратқан жолдасыңның жауыздардан кегін алу, ыза да қоймады. Өлексеге қонға қарға құсқа жем болмасын, деп əр жерге көму де қиынға соқты. Ішің қыз қыз қайнайды қанша бір естелік бұл да болсын, деп айтып отырмын, қаншама қайтпас жастар болды, оққа ұшты ғой, несін айтайын қайсібірін тауысайын, əлі күнге дейін көз алдымда ғой. Бұл парақ жарыққа шықсын деген ниетпен айтып отырмын, ертеңгі елге етелік мұрағат болып қалсын.Ұмытылмас көрер көзге қиын қыстау кезең болды ғой. (29тамыз2018жыл тан намазынан кейінгі зікірден) (жалғасы бар)

***** *****

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.