Зікірде келген тарихтан үзік сырлар-8

Жалпы зікір және оның хикметі туралы дін исламда, әлемде түсінік ұғымы мүлде терістеліп, бұрмаланып алғанды. Ясауи бабамыздан қалған із бойынша «хай, ху» зікірлері Алланың рахметі мен құран арқылы шипаға жалғану болған екен. Әрине ол замандағы пенделердің іш-жемі, өмір салты және, үйлесімділік тағдырларының жер көктен, жаратылыстан алатын қуаттарына жалғанулары қазіргі таңдағымен салыстыруға да келмейді. Сондықтан әр заманға қарай зікірді меңгеру яғни құлшылығымыздың нәтижесін көрудің әдіс-тәсілдері де Құдай тағаладан берілетін жобамен, ісімен ерекшеленіп белгіленіп отырады.

Енді ата жолында зікірдің біздерге көптеген нығметімен белгілі болып іс жүзінде құран аятының; «Сендерге құраннан шипа және рахмет түсіремін» деген үкіміне сай орындалып жатқанын біле жүріңіздер. Сонымен біздердің зікірге жалғануға тұрған шәкірттеріміздің өздеріне бойына жандық жүйесіне алып жатқан шипа жағы әзірге беймәлім құпия болып, елге түсініксіз болғанымен ал раметінен шындықтан хабар келтіруге ғылымның, тарихтың барлық салаларынан да белгілер түсіп, әзірге осы жазбалардағыдай ғана баяндалып жатқан сөздердің қалай өріс алуынан, елге таныстырып отыруды жөн көрдік. Себебі бұл алғашқы өтпелі кезеңдер болып, кейіннен ақпараттық дәреже өсіп бұл деректер жәй ғана үгіт тұрғысында қалары да сөзсіз. Сондықтан оқырман қауым әрбір осындай тылсымнан баяндалып жатқан насихаттардың қалай өрістеп тереңдеп, мүлде жғалып кеткен немесе терістелген тарихтағы кезеңдерден де хабарларға жалғасуын мұқият бақылап отырғаны жөн.

**** ****

Жамбыл атаң жырын салып, ел аралап 90 ға келгенше кəрілігіне қарамастан қанша шатқалдан өтіп, орыс жеріне де барды. Елде билігін жүргізіп, түсінбеген пендеге ақылдылығымен домбырамен күймен жырмен нақтылап түсіндіріп отырған орыс қазақтардың алдында алға шыққан жырымен бейнеленіп, өзге ұлтты да алдынан өткізбеген. Ел аралағанда күйін тыңдамайтын жан болмаған . Тоқсанға келген шағында да ел аралап қаншама еңбегімен алыс шалғай жерлерден қорықпай, саспай жауап беріп отырған. Алдына қарсы келген пенденің бетін сол киелі домбыраның үнімен күмбірлетіп, жыраулатып қайтарып отырған.

Әр кездеЖамбыл атаның ақылдылығы парасаттылығы тілімен дінімен көзге түсіп отырған .Жамбыл ата əр қазаққа үн қалдырған киіз үйден күмбірлеген куйдің үні қашықтан естілгенде, ел жұрт бала- шаға иіріліп қалатын болған. Жамбыл ата елге қадыр қасиеті мол болған 99 жасында өмірден өткен (10 кыркүйек2018 жыл ақшамнан соң)

**** ****

Мұхтар Әуезов əр шығармасында, тектілікті көресетіп, əр сөзін ақылға салып, сабырмен жеткізіп отырған. Артында Абай даналығынан жазып қалдырғаны ескерткіш болып қалды. Абайды бүкіл əлемге танытқан өлеңдері қандай күн туса да, өзінің жайлы мінезімен халықты өзіне баурай білгег тектілігімен яғни бір сөзбен айтқанда жақсылығымен қатесіз мұра қылып қалдырған жазған кітаптары да дәлел бола алады.

Ақан сері тапқыр әрі сөзге шешендігмен көк аспан жайлауда əр күнін өлеңмен тақуалықпен өткізген. Құран, пайғамбар өсиетін жеткізген Яссауии бабадан үлгі алған. Таспа түрінде таң қалдырған, сөз мәйегін айқындап берган қара сөзбен ақ, ақынның белгілі тапсырыспен айтқан өлеңдері бейне таспаға түсірілген. Әр оқушыға жазған өлеңдері баспа түрінде қалып, қазіргі таңда шəкірттері өлеңдерін жалғастырып келеді. Шығанақ Берсиевта диқаншы осы күнге дейін аты елеулі ағаларымыздың айтқан əр сөзі ақынның өлеңдері шығармашылығы ел есінде қазақтың жүрегінде мəңгі сақталып келеді. (11 қыркүйек 2018 жыл таң намазынан соң)

***** ****

11. 12 ғасырларда көлемінде Өзбек жерінде Зеңгі бабамыз өмір сүрген еді. Елге ауқаттылығымен танылып, өсіріп баққан малының молшылығы сонша, жалшы ұстап күн көрген, əйгілі бай әрі мінезде қатты, қатал кісі болған екен. Зеңгі баба қызы Айшаны өзі сияқты беделді, тақуа адамға бергісі келген ойы болған. Бірақ ішкі сезімін қызы Айшаға айта алмайды. Әкелік сезіммен тіке айта алмай мəнерлеп жеткізеді. Оған көнбеген айдай сұлу, көркіне мінезі сай Айша, Қарахандай батырмен сөз тіл табысып, махаббаттың сезімі лаулап жасырын кездесе бастайды. Зеңгі бабамыз қызы Айшаны Қарахандай батырға кездесуге яғни тұрмысқа шығуына қарсы болады.

Айша анамызбен Қарахандай батырдың арасында қыл өтпес сезім пайда болып, ақ махаббат оянып, бір біріне сүйнпеншілік арта түседі . Қарахандай батыр сол кезде соғыста жүрген кезі болатын. Айша анамызбен бір біріне ғашықтығы күннен күнге арта түседі . Зеңгі бабамыз қарсы бола бастайды, бірақ оған тоқтамаған Айша анамыз жолға шығып, ұзақ жол жүріп Қарахандай батырмен кездесуге күтушісін ерітіп шығып кетеді де Талас өзенінің жағасына келіп суға түсіп, судың жағасына камзолын төсеп дем алып, ұзын шашын тарап тынығып жатқанда, ақ тамағынан жылан шағып алады.

Сол мезетте адал күтушісі Бабаджа хатун ана адалдығымен қызмет етіп, Қарахандай батырға елші жіберіп алдыртады да, сол жерден молда шақыртып, ақ некесін екеуінің қидырып, Айша қыз енді бибі болып Қарахандай батырдың жары болып, періште күйінде үзіледі . Жағдай осылай болды. Қарахандай батыр некесін қиған соң, қайта соғысқа аттанады .Қарахан əулие, əрі батыр болған соғысқа шыққанда өте қайсар батырлығымен əулиелігімен елге елеулі болып отырған. Тіке қысқа да нұсқа да сөйлейтін еді.

Бұл оқиға болған қос ғашықтың жерленген жері талас өзенінің бойында, зираты Айша бибі анамыз бен Қарахандай батырдың зираттарының ортасынан таң атып келе жатқанда күн батып бара жатқанда, күн сəлесі түсіп, судан екеуіне нұр беріп тұрады деседі. Зеңгі бабамыз Айша анамызды Қарахандай батырға қосылуға қарсы болып, ақ батасын бермеген деседі, жүрекке əмір жүрмес, ақ махаббаты мəңгілік болды Қарахандай батырдың Айша бибі, деп некелері қиылған соң жары болып өмірден озды. Ендігі жастарға айтарым ақ махаббатты адалдықпен атқарыңдар демекпін (11қыркүйек 2018 жыл ақшамнан соң)

**** *****

Ежелден келе жатқан батырлар жыры мəңгі өшей келеді қазақтың жүрегінен орын алған, Өтемістей батырдың жазған өлеңдері, өшпес даңқы артып келеді елімізде, сақталып келеді. Мұхтар Әуезовтың да шығармалары тоты құс т. б. негізі қазақ жері ежелден даналылығымен қасиеттілігімен көзге түсіп отырған. Бұхар жырау т, б . Шығанақтай ақын, диханшы да елге естелік болып келеді .Даңқы артып келеді. Өтемістей батырдың да қайсарлығы ерлігі батыс өңірінде жауға қарсы шығып жеңіске жеткені де мəлім, өлеңге қосылып айтылып келеді.

Асанқайғының да күйі оны орындап тебірентер шəкірттері де баршылық ұстаздан да асып түскен. Қазақтың қасиетті жерінде мұра болған, Мұхтар Әуезовтың шығармалары том том жазылған, Шұғаның белгісі де жазушыларымыздан естелік жарық көрген. Қасиетті батыр ата бабаларымыздың ізімен жүріп келе жатқан ұпақтарымыз жалғастырып келеді. Шəкəрім атамыздың да əр сөзінің мəн мағынасы терең, зейін қойып тыңдаған жанға айқындап қысқа да нұсқа да болса түсіндіріп кеткен. Қай ақын болмасын, əр сөзі мағыналы тасқа таңба басқандай Мөңке бидей бабамыз қазақ елінің жүз жылдығын болжап, көсем болып өткен.

Мөңке бидің ел аралап жүргізген билігі, мəнерлеп астарлап айтқан жыры, өлең сөздері де бағаланып, тасқа таңба салғандай, ақылдылығымен, ой парасаттылығымен халыққа жеткізіп отырған. Мысалы сиыр малының ішіне біткен төлге бұзаудың да түр сипатын белгілеп баяндап жеткізіп отырғаны да мәлім. Елге даналық сөз билігімен, жырымен айтқан өлеңдерімен және көріпкелдігімен қоса, ата бабамыз қайырма бөркімен, шапан жəне қайырма етігімен де көзге түсіп отырған. Бау кеспелер ел ішінде, ел аралап бірін бірі жеңе алмағанда, бəстесіп сол билерге төрелігін ортаға салатын болған.

Мұндай келген топқа төрелігін айтып, тең бөліп, əрі акындылығымен шешіп беріп отырған ол да болса əр қазаққа мəлім, шағым айтып келген жаудыда ортаға салып отырған əрине бұл ертеректе болған тарихтан тәлімдер еді. (12 таң 2018 жыл таң намазынан соң)

**** ****

Қобыланды батыр жырымен ерекшелігімен көзге түскен əр сөзі терең мағыналы. Жыршы жырауларымыз тарихтағы болған уақиғаларды алдына келген пендеге өлеңмен жырмен жеткізіп отырған. Қаншама халықты елді аузына қаратқан сол батыр бабамыздың əр айтқан сөзі мəнерлі, қағидалы саптап қойған балтаның жүзіндей өлеңімен жауап беретін болған. Бұқар жырау да осындай жырымен көзге түсіп отырған еді. Бұрынғы өткен заманда болса да, батырлардың өлеңі жыры өсиеті өшпей даңқы артып келеді қасиетті қазақ жерінде. Батырларымыз аттың құлағында ойнап, күйімен, жырымен, батырлығыме,н қайсарлығымен, шешендік тілімен, ұстанған дінімен көзге түсіп отырған.

Көкше төрінде де Асанқайғы атамыздың да батасын берген шəкірттері көбейіп келеді. Әр ақынның талабы жыры естелік болып, Абай атамыздың да жазған өлеңдері ғылымға білімге байланысты тəлім тəрбиеге байланысты əр қазақтың жүрегінен орын алып келеді. Абай атамыз сөздің дəмін келтіріп, өлең шумақтарын қалдырып кеткен, сөздерінің мағынасы көркем даналығымен сөзімен ақ көрсете білген өнегелі өнерлі қылып жеткізе білген. (12 таң 2018 жыл ақшам намазынан соң)

***** ****

Батырлар жыры кез келген жұртқа тəлімденіп, бейнеленіп келеді. Жазушы ағартушы көптеген ақындарымыз келешегін болжап, өткен кезі келген өлеңмен, жырымен асықпай, саспай жауап беріп отырған. Кешегі өткен заманда бірін біріне ақылдылығымен, ақындылығымен, батырлығымен жауға шықса да найзамен жекпе жекке бəстесіп отырған. Төлебидей бабамыз да алыстан ат шаптырып келгенде, ортаға төрелігін салып, тепе тең бөліп, халықта ризалығын білдіріп отырған. Көре көре көсем боларсың, дегендей ел жұрт шеше алмаған істерін, сол билерге жүгініп, шештіріп отырған.

Сонымен қатар дүниеге нəресте келгенде де, билерді шақыртып, азан шақыртып құлағына, ат шаптырып батасын алып, ат қойдырып отырған. Ата дәстүрі салт болып кеңінен тараған елеулі елде, даналылығымен, ақылдылығымен, көркем сөз мəнерімен батырларымыз ел ішінде ақын билеріміз де көзге түсіп отырған. Қазіргі таңда батырларымыз ақындарымыз билеріміз жүріп өткен жерінен əр қазақ əр қазаққа мұра болған белгілерін қойып құран оқылып отырса ғана аты өлмейді өшпейді. Аманат қалған даналарың өлеңдері мұра болып келеді, өмірден өтсе де айқындалып құндылғы арта берсін. Ақын, жыршы, жарау, билерді қалдырған өлеңдері мұрасы қазақ даласын жаңғырып, үнге үн қостырып олардың ұрпақтары шəкірттері жетіле берсін. (13 қыркүйек 2018 жыл таң намазынан кейін.)

**** *****

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.