Зікірде келген тарихтан үзік сырлар-12

Жаз мұқияттап, күннен күнге арсызданып əке шешені қарттар үйіне жетектеп апарып тастап, жаңа туған шарананы балалар үйіне апарып тастап жатқандар аз емес.Əке шеше қадірі бала қадірі қайда кетіп барады? Қыздарымыз шетелге кетіп шетелдіктерге тұрмысқа шығып, туған жерін, елін туған ата анасын, өлкесін тастап, жер асып, су асып сол шетелдіктердің біздің қазақ бозбалаларынан қай жері артық?Туған елдей ел болмас , туған жердей жер болмас. Балалар үйінен де мұхит асып ел асып кетіп жатқан бейкүнə сəбилеріміз қаншама? Сол бейкүнə сəбилердің де шетел асып жатқанын өздері де білмейді ғой.

Ата ана борышы жоғары тұрады. Жастарымыз жыртық киініп, шолақ етек, жалаң аяқ, жалаң бас. Ал ақыл айтар елу, алпыс, жетпіске келгендердің өздері де жалаң аяқ , жалаң ба,с шалбармен тырнақтары аюдай, еркек шора, ашыған қамыр секілді, той тойлап жүрген сауна ресторандарда. Ал енді осыдан ұрпаққа қандай үлгі береміз, осы енді ана деген ұғымға жата ма? Еркегі қайсы əйелі қайсы ажыратып білмессің. Ал енді осыдан келіндер қандай үлгі алады? Əйелдердің аузынан сөз шықса билік айт. Орамал деген əйел адамның сəні, жарасымды сыйлы болады. Қазіргі таңда əйел затын сөйлетіп қарасаң құранды да ер адам оқу керек, намаз да ер адамға тиесілі. Ораза да еркекке керек, ал əйелдеріміз сонда жүз грамдамдап тартып қойып жүре береді, бұл болған оқиға.

Көпке топырақ шашудан аулақпыз бірақта қоғамда осындай жағдайлар белең алып барады. Алпыс жетпістегі апаларымыз да он бестегі қыз болғысы келеді. Ойланайық жас келгенде ашық шашық жүру жараспас, тəубеге келейік, оңды солды көрген қазақпыз ғой, бұндай түрімізбен қандай өнеге көрсетеміз, оянайық, көзімізді ашайық, жан жағымызға қарайық, өзге ұлттың бізден несі артық қыздарымызды шетелге жібермейік періште бейкүнə сəбилерімізді бауырымызға басайық. Етек жеңімізді ұзартып, орамал тартып, мəсі киіп, білезік тағып, құран намаз ораза тұтып, имандылыққа бет бұрайық, əр қазақтың жүрегіне иман берсін. (10 қазан 2018 жылақшам намазынан кейін.)

***** *****

Тек текті тексіз. Əкесіз туылған бала нағашы атауы тегі нағашысына жазылады, əкесі бар ма жоқ па, белгісіз, шешесі бар, нағашы атасына тегі жазылып, руын нағашы атасын айтып жатады. Оң жақта отырып туып отырған қыздарымыз да аз емес, қазақ жұрты бұрын арланатын, қазіргі таңда құлақтары үйренген. 2006 жылдары қаншама қыздар оң жақ босағада отырып туып қалды, сол жылдары балабақшада ылғи нағашы əжелерін «мама», деп тұрған сəбилер болған бұрынғы уақытта сирек кездесетін еді. Қазіргі таңда күннен күнге көбеюде, жасы келіп қалған қыздар бала кере,к жасымыз кетіп барады, деп туып алғандар, «өзім үшін туып алдым, бала керек қой», деп қарап тұрады əдемілеп міз бақпастан.

Сол некесіз туылған бала ертең өскенде; əкем қайда, əкем кім, руым кім, неге нағашыларымның тегінде тұрмын, десе анасы қалай жауап береді? Руын білмей өскен бала білмей қарындасын алып қоюына кім кепіл? Кейбір шаңырақтарда қыздар бір емес, екі баладан да туып отырғандар да бар, ол шындық! Кейінгі кезде қыздарымыз жігіттің үйінде де жүре береді, арасында əке шешесіне барып келіп. Оны көріп отырған екі жақтың анасы былай тұрсын, əкелерінің бетіне қалай қарайды екен? Амалсыздан той болады сосын. Бұрынғы уақытта келіндер төркіндеріне екіқабат кезде жоламаған, бала емізетін уақытта да бармаған. Қазіргі таңда қарны қазандай келіндер төркіндеп жатады əкелерінің көзінше бала емізеді.

Алдыңа келіп қарнын сипап тұрады, арланбай қыз бен күйеу төркіндеп жатады омырауын ашып əкесінің алдында бала емізеді. Күннен күнге ар ұяттан жұрдай болып барамыз, заманына қарай дейді, олай емес, адамына қарай əр шаңырақтың өзінің тəрбиесіне қарай адамадық сақталады. Қазіргі тәрбие; жастарымыздың киетіні жыртық шалбар, жинси, екі қабат əйелдер көшеде көйлексіз, колготки гамаж бен жүреді. Приджи сияқты шаштары алба жұлба. Тəрбие тал бесіктен, дейді бəрі өзімізден бұрын əжелеріміз екіқабат болғанда, кең көйлек ки балаға көз тимесін, дейтін төркінге көп келме, ұят болады, бір шайыңды ішкесін қайт үйіңе, қонба, үйге еліңе қайт, деп тұратын. Қазір ондай əжелер жоқтың қасы, тəрбие тал бесіктен, дейді. Шаңырақта тəрбиені жақсы беріп қадағалап отырса, ондай болмас, деп ойлаймын тəрбиеге келейік, етек жеңімізді ұзартайық, орамал тартайық, жалаң аяқ жүрмейік, дəстүрімізді берік ұстайық, білмегенге көрсетейік, айтайық. Осы айтқандарым кім кімге де сабақ болар, деп ойлаймын. (12 қазан 2018 жыл ақшам намазынан кейін) .

***** *****

Айша бибі анамыз сан ғасырлар бұрын өмірден өтсе де аққу сұңқарларды сынақпен тəрбиелеуде БІР қағидаға келу керек. Әрбір аққу мен сұңқарды төбеден қарап, əр істеген жұмысын қарап бақылап тұр. Аққу сұңқарларымыз абайлап əр басқан қадамды байқап басып, əр сөзіне жүріс тұрысына мұқият болуы тиіс. Киген киімі, сөйлеген сөзі, өзіне сай болу керек. Ат шабан шұбырынды демекші елімізде қаншама аққу сұңқарларымыз əлі жетілмей бұғып жатқандары аз емес. Ақ ұлдың алдынан өткен аққу сұңқарларымыз киелі, Ақ ұл арқылы Құдайдың үкімімен аманатқа жалғанғандар. Аманатқа қиянат қылмай, жалқаулықтан арылып, ояну керек жан жағын жетелеу керек.

Ата жолын ұмытып кеткен аққу сұңқарлырымыз да аз емес. Арыстан бабқа түне Яссауиден тіле, деген екен аққу сұңқарларымыз қасиеттерін бағалай білу керек. Дүниеге, бүгінгі өмір тіршілігіне мас болып жүре бермей, бес алыптың аруағы жетелеп жатқанда, күмəн салмау керек. Етек жеңдерін ұзартып, бастарын мойындарын жауып ата дәстүрімен бекіген қағидаға келу керек жəне адасып жүрген пенделерге келер ұрпаққа халыққа үлгі болу керек. Тақалаққа жеткен тазалықтың белгісі болып; аққулардан əдемі көркемдік иіс шығып тұру керек, мінезі де жұмсақ асау ат құсамай. Бұрынғы уақытта Ақ ұлдың бұл істі атақару мезігілінде мүлде басқаша еді. Өз ар мейрім татулық, мосұнушылықта болған еді.

Ал қазіргі таңда аққу сұңқарларымыз ібілістің торына түсіп, мақтанға мас болып, əбден мəңгүрттегіп алған, жетекке алу деген өте қиынға соғып тұр .Сұңқарларымыз да төбесінен тақиясын тастамаған дұрыс. Қазіргі таңда құран оқытып садақа берген жерлерде ер адамдарымыз құран білмей, əйел адамдарымыз іштей оқып жатады, бұл өте ұят нəрсе. Ата жолы қазақ жеріне келген бақыт, бағы екенін түсіне білген адамға. Ал аққу сұңқарлардың артында аманат тұр. Халықты жетекке алу, көңіл көзін ашу, ата баба басын көтеру т.б. істерді Құдайдан келген хабарларға сәйкес атқару да тектілікке жатады.

Қасиетсіз қазақ жоқ, əр қазағым қасиетті, аманат жүгін ақтайық, бабалар айтқандай; «тіліңе салдым калима , иман салдым көкейге , құран салдым ауызға, толық болсын дəретің» деп. Ер азаматтардың соңына ере білген жөн аққу қасиетті аталғандарға. Байтал шауып бəйге алмас, етек жеңің кең болсын, деп ойланайық! Ал қазіргі таңдағы қасиетпен аманат алған көпшілік аққулардың бастары орамал болғанмен, бұттары шалбар көшеде көрсең. Тілімізді түзейік , өзімізді түзейік, тақуалық керек, ішкі жəне сыртқы пішінімізді түзейік есімізді жинайық. (13қазан 2018 жыл таң намазынан кейінгі.)

****** ******

Көпшілікке аян аянмен жүріп тұру, тақуалыққа ену, əркімнің қолынан келе бермейді. Тақуалықты меңгеретін де, төзімді, түсінігі мол, адам арам астан тазара білумен, сырт пішін бүтіндеу, ақылға келумен ғана иманның байлығымен, тақуалықты тазалықты меңгере білген адам бақытты. Ал тазалығы иманы, ар тазалығы; ас ішу, киім әдебі т.б. да көңіл пейіл тазалығына тәуелді. Енді жүректе иман қуаты жарығы болса ғана барлығына қол жеткізуге болады. Қазіргі таңда иманы əлсіздер көбейіп тұр, яғни жалаң бас, жалаң аяқ, ашық шашық жүру, дəрет дегенді түсінбеу, ер адамша киінген қыз келіншектеріміз, шалбар киген орта жастан асқан əйелдердің шаштарын қырқып; екі сөзінің бірі орысша күрмеліп, тағдырына өкпелеген адамдар.

Және жіпсіз байланып, бағы ашылмай оң жақта үйден шықпай отырып қалған қыздарымыз, қасиетті жұманы ұмытып, жеті шелпекті ұмытқан əйелдеріміз, əлі де ар тазалығына жете алмай жүрген үлкендеріміз басым көпшлікті құрайды. Және құран сөзін талдап білмейтін еркектеріміз, ар намысын сатқан қыздарымыз, көкек аналарымыз ұлттың қасіретіне айналды. Қазіргі таңда ата баба аруақтарымыз аянменен ескертіп, жол көрсетіп отырады. Оны түсінетін пенде де бар түсінбей жоққа шығаратын пенде де бар . Негізі ақылмен, ой санамен түсіністікпен қараған дұрыс болар, бүгінгі таңда шайқалып тұрған отбасылар баршылық, бұндайда иман сабырлық қажет етеді.

Бақыт деген адамның өз қолында, аяқ қолына қызметке тұрған жеті мүшесі сау адамға. Мұндай адамдар күңіреніп, өмірге өкпелі болып жатады, ал денсаулығы шектеулі адамдар болса, өмірге деген құлшыныс артып тұр, мүгедек екеніне қарамастан .Əйел адамның тұрмысқа шыққаны бақыт, ер адамның əйел алғаны бақыт, олардың бала сүйуі ол да бақыт. Əркім өз жұбын тауып, бір шаңырақ астында өмір сүрген дұрыс болар, деп ойлаймын. Сонда да оң жақта отырып қалған кəрі қыздарымыз неге азаймай отыр ойланайық ағайындар! (15 қазан 2018 жыл ақшам намазынан кейін.)

**** *****

Бақыт, бақытты болу кейбір жандар көңілге қаяу салады. Мен бақытсызбын,-деген сияқты, бақыт деген неден туады? Өмірге келіп, жарық дүниенің есігін ашқанның өзі бақыт! Жеті мүшенің саулығы, ниет қылу, Аллаға бет бұру, жүрекке иманды іздеп келтіру, қолға түскен азғана несібені қанғат, деп шүкірлік қылумен алға жылжу керек. Қалайда амал қылу керек, əрекет жасау керек, барға қанағат, жоққа сабыр, тəубе, шүкіршілік керек əрдайым. Ашуға булықпай, шүкіршілік ету керек, адам өзін өзі жақсылыққа қарай жетелеу керек.

Дастархан басында отырудың өзі бақыт, адам өзіне қандай да бір қиын кезең болса да жақсы ұстай білу керек, төзімді болу керек, сабырлық, ақылдылық керек. Бұрынғы уақытта ата аналарымызда, бауырларымызда ашу ыза деген болмаған да еді. Ерлі зайыпты бала өсіру, ол да бақыт уақытысында отырып қалмай қыздарымыз тұрмысқа шығу керек. Тең теңімен ,тезек қабымен деп, уақытсында бала сүю ол да бақыт! Жалғыздық бір Аллаға ғана жарасқан дейді, бақытын Құдайдан сұрау керек жесірлер болса да. (16 қазан 2018 жыл ақшамнан соң.)

**** ****

One thought on “Зікірде келген тарихтан үзік сырлар-12

  1. Аллаға шүкір,ата бабамыздың рухы алдында бас иеміз. Тәубә қылып,біліп білмей істеген күнә қателіктерімізді кешіре гөр деп,барымызға қанағат деп шүкіршілік қыламыз.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.