Зікірде келген тарихтан үзік сырлар-17

Сабырлық, ақылдылық, батылдық, қайсарлық, естілік, аруақ үні, сабақты ине сəтімен, тең теңімен, ақ пен қара қатар жүреді əр нəрсенің қарсылығы болады. 1986 Жылдары шөлмек деген əр шаңыраққа жазбамен бере бастады. 1986 жылы қанды қырғын болды. 1987 жылдар 1996 жылдар аралықтары іспірт сатып, əйелдер жағы ашытып сатып, біреу байып, біреу жылап, əр шаңырақта арпалыс, шайқалыс, ажырасу дегендер көп болды. Күйзелістен қаншама отбасы ажырасып тынды, бала алдырып тастау деген əр шаңырақта көп болды. Жазықсыз сəбилер көздері ботадай боздап, ата əжелерінде қалды. Аштық болды десе де болады, өйткені жұмысшы жалақысын алмай, оның орнына азғантай күріш, гречка, сұйықмай сынды т.б. лар беріліп, бір тілім нанға да зар болған отбасылар болды.

Зейнетке шыққандар да қиыншылыққа түсті, ішімдік сатқандар темір жол саласындағылар болмаса, қара халық аш отырды деседе болады. Еңбек өтемін алушы зейнеткерлер карточкаларын тамақ алу үшін дүкеншінің қолына да беріп қойды. Сол қиындыққа төзе алмай, ер азаматтар ішімдікке түсіп кетті. Бірақ ол кезде балабақшада, мектептерде бала тығыз болды. Мектептерде баланың көптігінен орын болмады, бір отбасында неше бала оқыса да, əр баланы əр мектепке беруге тура келді. Тіптен орын болмай қалды. Бір тілім нанға зар болған отбасылар болды, киерге киім тапшы, отынсыз тоңып шашырап отырды. Дүкендерге барсаң зейнет ақы алуышылардың картішкілері 25 , 30 штук қаптап тұрды.

Жалпы халықта қарызға тамақ алып отырды, кейбіреулер бөтелке жинап қоқыстан тапсырып, күн көрді. Мектептерде де ақша жинағанда балалар тауып бере алмай, қандай отбасы болмасын, сол шөлмекпен дос болып, аш жалаңаш отырды. Беттері қалың əйелдер іспірт сатып, əр нəрсені айырбастап алып отырған. Ол, ол ма, əркімнің шаңырағын бұзды, тіптен ақшамды бер, деп тиісіп кететін де болган. Мектепке де алмай, əкесінен жұмысынан пайда көрген алған күндер де өткен. Сол қиыншылық, сол таршылық кезеңдер өтті.

Енді міне шүкір, Ата жолы келгеннен бастап, Алланың нұры түсіп, халық түзеле бастады. Осы күнге жеткенге ге де шүкірлік етеміз. Әрбір шаңыраққа табыс көзі кіргенде садақа беріп тұру керек, жеті атаға жалғану керек, ақыл керек, тақуалық керек, иман керек, сабырлық керек. Сол қиыншылық кезде бір тілім нанға да зар болған отбасылар болғанын, балалар аштықтан жылап сабаққа кеткен күндер болғанын да естен шығармаған абазал. (18 желтоқсан 2018 жыл таң намазынан кейінгі.)

**** ****

Жаз, халыққа уағыз таспа үн керек, дерек керек, ақыл керек. Халық оқуға тиісті адамның əр нəрсені көруі, білуі тиісті. Бақ шабама, бап шабама дегендей; Ата жолы келді қазақ еліне Құдайдан сыйы болып. Ақұлдың кезінде қаншама халық түсті ата жолына, нұр келді, керуен жүрді, арақ заводтар азайды, халық кемелге келе бастады. Халық толық дəрет дегенді үйренді, намаз, ораза үйренді. Халықтың жүрегіне иман кіре бастады, ауыру сырқаулар азайды, аталардың басына зияраттаушылар көбейді. Әр шаңырақ ішімдік ішуден азайды, мешіттерге барып садақа берушілер де көбеюде болды, əр шаңыраққа мейірім шуақ келді, несібе келді, татулық, ауызбіршілік болды.

Мұнан ағайындар арасында жақсылық келді, бейбітшіліктің нұры ұялады, халыққа иман кірді, құран үйреніп, жаттай бастады үлкендеріміз де. Ал жастар жағы бірін біріне тəлім тəрбие көрсете бастады, үлкендер жағы да қуанып жастардың тура жолға түскендерін аузына алып, əңгімелеп қуанышты күйде болды. 2003 арасымен 2010 аралықтарда жастар жағы ішімдіктен арылып, аталар жолына түсіп, арақ шараптан ел түзеле бастады, береке кірді. Ел уайым қайғыдан арылып, халық батаға жүгіретін болды.

Қысқаша айтқанда халықтың жүрегіне иман кірді, дүкен сөрелерде арақ шараптар өтпей қалды, көптеген жеке заводтар жабылды, шарап шығаратын мекемелерде азайды. Халық керуендетіп, аруақтардың басына түнеп, үйлерде жеті шелпек пісіріліп, əр шаңырақтан мешіттерге барып садақа салып ауыз біршілік ұялады елге. Халық лек- легімен Арыстанбабаға ағылды, Құл қож Ахмет Ясауидің басында тілек тілеп, әулие-әмилерге тағзым жасап, құрбандық арнап халық шұбырып кетті. Бес алыптың басында да, Айшабибі анамыздың Қарахандай атамыздың басында да, халық қаптап кетті. Тіптен шаңырақ көтергелі жатқан жастарымыздың да сол жерден өтіп жатты Ата жолы елге берекесімен келді . ( 19 желтоқсан 2018 жыл ақшам намазынан кейін)

**** ****

Құрбандық шалса, қиындықтан арылтады, жамандықтан сылады, садақаңды сау кезіңде бер, деп жатады. Өлі жібімей, тірі байымас, деп айтып жатады. Аруақтарды еске алғанан, құдайдан жауап келіп; дұрыс бағыт бағдар беріп, аян беріп, жол сілтеп отырады. Көбісі түсінбей жатады, құдайы шайын беріп тұрған да абзал, жеті шелпек пісіріліп, құран оқылып тұрғаны да дұрыс. Кейбір шаңырақтарда құран иісі шықпағандар да кездеседі, ата бабаны еске алып, зияраттап тұрған да дұрыс, жылдан жылға ораза ұстау да көбеюде. Алдымен адамға иман керек, жүректе иман болса бəрі дұрыс болады, өмірге деген талпыныс, құштарлық, сабырлық, тəрбие болады.

Аллаға да бет бұрады, ауыз біршілік те болады, халықта көбіне иманы əлсіз, иман жетіспей жатады. Құран білмек түгілі, калима білмейтіндер де бар. Сырты қазақ, іші орыс болып кеткендер де бар. Бұларды қара орыс десекте болады. Орыстанғандарда ұят деген әлсіз, оңай тіршілікке әуестік артады, сондықтан да бүгінгі таңда əйел адамдар шалбар киеді, жеңіл əрі жылы дейді ал оларға ұят болады деп айту мүмкін емес. Қырықтан, қырық бестен асқан əйелдер, жетпіс жасқа жеткендер де сол əлі шалбармен жүреді, көйлек киюді қиынсынады.

Ал асқазаны ауыратын, қан қысымы бар əйел адамдарға ораза тұт асқазан демалсын десең, ыршып түседі. Халықтың көбісі аруақтардың қыспағынан медицинаға барып, дəрігер таба алмай, əбігерге түсіп жатады. Ауыруының ем шипасын таба алмай жүргендер де бар арамызда, қасиетті бағалай білген жөн, əйел адамдар етегін жауып, жеңін жауып, мойнын жауып, дəретпен жүрген дұрыс болар. Дəретімен жасаған тамақ, ас дəмді күміс білезікпен таза болады. Аяқта міндетті түрде мəсі болғаны дұрыс, сонда аяқтың исі бойға араласып, басқа көтерілмейді. Ер адамдар да тақия кию керек, шағын ауылдарда құран оқитын адам таба алмайсың. Ал зияраттауға барсаң да, немесе құдайы тамақ, шеке берілген үйлерде де құран оқығитын үлкенді табу қиын шаруа.

Туған туыс, өз ара қатанастағы жоралар өз ара бас қосқанда құран оқудан көрі шөлмекке жақынырақ келеді. Әсіресе əйел жақтары əрнəрсені сылтау қылып ішу, және шеке беріп құран оқытқасын міндеттен құтылдық, деп соңынан шөлмекпенен жуып жатады. Бір ортақ шаруа қылса да, шаршағанымызды басайық деп шөлмекпен жақын болады. Ал ораза ұстау деген шағын ауылдарда мүлде жоқ, деуге де болады. Енді нəресте дүниеге келсе қырқынан шыққанша шөлмекпен жуа беретін ауылдар да бар.

Сенбі, жексенбі күндер мирам болады шөлмекпен, былайғы мейрамдарды алып қойғанда, ер адамдар да əйел адамдар да дастархан басынада стқан ұстап жарысып отырады. Тіптен ет салып жиналып, шалы кемпірлер де карта ойнайтын ауылдар да бар. Дастархан жасап шөлмекпен, кемпір адамдарға карта ойнау, шөлмек ішу тіптен үйлесімсіз, ал сол үлкені, кішісі құранмен иманмен ісі жоқ сонда не болып бара жатырмыз? Сондай карта ойнап тамақ асып шөлмек ішетін ауыл қарттарының жүрегіне жастарының жүрегіне иман берсін демекпіз . (20 желтоқсан 2018 жыл ақшам намазынан кейін.)

**** ****

Жүрек жарды тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар! Ақылдылық, байсалдылықпен қайғысыз қарасу ішсең де семіресің. Тең теңімен, тезек қабымен, əр нəрсенің пары жұбы бар. Ақыл шешімін табады, сабыр түбі сары алтын, əр сөздің мағынасы бар, терең ой салады. Және жаартылыстағы əр нəрсенің қарама қарсылығы болады. Ата жолының қадір қасиеті мықты , тақуалыққа шақырады, қағидамен жүріп отыру керек. Тəрбиелік мəні бар, қазіргі заманда бойдақ дүрген жігіттер, қыздар сөйлесе қалсақ; « жолым ашылмай жүр, дұрыс адам болса, шаңырақ көтергім келеді», дейді. Отыз беске келгенше үйленбеген жігіттер де жеткілікті, екі рет үйленіп, əр əйелде бала кеткен ер азаматтар да бар.

Егер дұрыс адам болса, ажарлы болса, иманды болса, шаңырақ көтеретін дейді. Ата жолына кел, тақуалық ұстан, дəріс аласың тəрбиелік мəні бар, жолдарың ашылады, шаңырақ көтеруге септігі тиеді, сөздерің дұрысталып саналарың ашылады, десек оларға; тек тез үйлене салу қажет, басы бос, бойдақ, жесір, отырып қалған қыздарымыз көптеп саналады. Жесірлеріміз бала , бала деп отырып қалғанмын, енді дұрыс еркек бар ма, деп соғады. Ондайда Құдайдан сұрау керек, əкесіз бала өсіру оңай емес, əке тəрбиесін де көріп өсу керек, отыздың үстіндегі қыз келіншектер соңдарында бір баладан, екі баладан жесірлер де бар.

Үйде отырып туып алғандары бар, қазіргі таңда мүлде көбейіп тұр. Жұптасу керек, ақыл керек, ойлану керек, ұл жалғандық өмір адамға бірақ рет беріледі, сол өмірде адам өзінің теңін тауып, жұптасып өмір сүру керек, оғанда артының мәнділгі болуына ақыл керек, иман керек, тақуалық керек сабыр керек ата дəстірімізбен жүріп отыру керек, ата дәстүрі қағидамен жүріп отыру керек, құдайшылық үлгі иман керек . ( 30 желтоқсан 2018 жыл таң намазынан кейінгі.)

**** ****

Жаз ойланба, Айша бибі қаншама аққу сұңқарларды төбеден қарап, əр іс қимылын бақылап тұр. Сол үшін де аққу сұңқарлар шалыс кетпеу керек, əр ісі бақылауда болған соң. Адасқанның айыбы жоқ, қайтіп үйірін тапқасын, дегендей бес алыптың аруағы да қыспаққа алып, əр жерден түрткілеп, белгісін салып, аян беріп, сынақпен, қыспақпен жетелеуде. Қазіргі таңда əр шаңырақта неше түрлі сынақтар болып жатыр, өзі шыққан тегін ұмытып, ата бабасын ұмытқасын, бірі түсінсе, бірі түсінгісі келмейді. Қарап отырсақ, əркімнің басынан өткен қаншама қиындықтар, хикметтер өтіп жатыр. Қазақ елінің бағы бар ел.

Ата жолы бабалар салған ізбенен жүрген адамның жолы ашылып, бағы жанады, жұптасады. Бүгінгі таңда қаншама жастарда отыз бен қырықбестің жастың шамаларында əйелсіз, тіптен жұмыссыз. Ал көпшілік əйел адамдар да соңдарында бала сүйретіп отырып қалған, қыздарда жұмысы бар, күйеуі жоқ, бірақ таңдағаны; тəуір жұмыс жасайтын адам болса, дейді. Әрине əйел адамды еркекке сəжде қылып жаратқасын, жұптасу керек, балаға əке керек, ана шеше керек ал ерекек әйелге табиғатын сақтауға дүниеге ұрпақ əкелу керек қан айналу керек. ( 30 желтоқсан 2018 жыл ақшам намазынан кейін.)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.