Тылсымнан сұқбат.

Аруақтар берген сұқбат
Сəбилер кетті аяндап
Қазақтың келер бағы үшін!

2017 жылғы 17 қазанда Аруақтар берген сұқбат екен.

Рахымның көніп күшіне
Бояудың еніп түсіне
Жалғанның еріп ісіне
Іздеусіз жатқан бес жұлдыз
Кезеңнің ашып есігін
Тағдырдың тосып бесігін
Кезегін басып кешігіп
Сыр болып жатқан бес жұлдыз

 

 

Араға жыл салып… 08.02.2019 жыл.

Ай қарағым қарағым
Жеткізіп тылсым хабарын
Ашайын бір парағын
Зер салып сен қарағың!

Əлсіреген қазағым
Алладан тіле назарын
Басыңды иіп сәждеге
Құлшылық болсын мадағың!

Қиналып тұр аруақтар
Бақилықтан шарбақты
Аналарға қырық жан
Түскен жүкке салмақты

Зер салғың сен аянға
Көрсетілген баяндап
Сəбилер кетті аяндап
Қазақтың келер бағы үшін!

Алланың бұл жазғаны
Бірлік болса қалғаны
Реттеледі уақытпен
Атар күннің таңдары!

Аналарды жылатып
Сүріндіріп құлатып
Оңбас ісі жүргеннің
Сұрақ алда тұра тұр!

Намаз оқы қарағым
Алладан тіле шуағын,
Аналардың ардақты
Жүрген елді шулатып!

Батыр ана аз емес
Оған шірік мəз емес!
Рухтандырды сəбилер
Алда əлі бар белес!

Алладан келер ғайып бар.
Адасқанға айып бар
Ақ жүрекке қайық бар
Батырмайтын жайықта!

Сұрыптайды сол ғайып
Алладан тілеп қол жайып
Кеудесі ақтар жарыққа
Қарайған кетер арыққа!

Естері шығып биліктің
Не істерін білмей ұйытқыр
Жаңа жылың наурыз ай
Қызыл шоқтар күйіп тұр!

Ай қарағым қарағым!
Аман болсын қазағым!
Тылсым сырын жаз əнін
Айырып ағын жалғанның!

Іріктелер қазағың
Ұстар қолға бар бағын!
Адасқандар бармағын
Тістеп қалар зар қамын
Кешер пенде тар қамын!

Таңдаулылыр қол бастар
Дорба іліп жол бастар
Жазылады жыр дастан
Өткенінен қазақтың!

Алақандай халқыңды
Жарылқап Алла салтыңды
Ислам дамып қарқынды
Мұсылмандар ел бастар

Аль ақсаға жол салып
Жүректерге мөр салып
Алла атымен жар салып
Батырлар да тұр сапта!

Жылдар өтер алыстап
Күндерің де жарысқан
Шуақ келер ғарыштан
Арпалысқан ақ қара!

Қаралықтар сызылып
Жер бетінен сүзіліп
Періштелер тізіліп
Қорған болар халыққа!

Ай қарағым қарағым
Тылсымның салдым хабарын
Аруақтар тұр қол жайып
Өткеннен болсын сабағың!

Бірлікке бастап қазағың
Ағайын асып қазанын
Салмасын тағдыр азабын
Еліңе келсін тыныштық!

Əлі де сұхбат айтылар
Тылсым сыры жазылар
Бұлақ болып ағылар
Қыл қаламмен қағазға!

Халық үшін жаралдың!
Қызмет жаса қарағым
Жеткіз тылсым хабарын
Пенделерге жолдағы!

Аумин!!!
Сүйіндік сұңқар, Астана қаласы

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.