Зікірде келген ғибратты үзік сырлар-18

Бұрын əжелеріміз айтатын қайғысыз  қара шəй ішкенге не жетсін  дейтін.   Қайғысыз қара шəй ішкенге  де семіресіңдер, деп сол бұрынғы əжелеріміз ашығын айтқан.  Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада,  дегендей  тар құрсақты кеңейткен,  тас емшекті жібіткен,  тоғыз ай тоғыз күн көтеріп,  əлемнің жарығын силаған, түн ұйқыны төрт бөліп, бесік тербеткен, əлпештеп, аялап,  ақ сүт берген,  тəй тəй басқан қадамын адымдатып, аялап өсірген, бала десе ішкен асын жерге қоятын,   ішпей жемей баланың аузына тосатын,  ұл болсын, қыз болсын,  баланың ішкені менің ішкенім, баланың кигені менің кигенім деп,  талай ата ана;  соңымыздан ерген  ұрпағымыз,   өмірімнің жалғасы,  дегенді.

 

Барын балаға беретін, қатарынан кем болмасын, деп  қыз өссе өріс, өрісім кеңейеді, деп ұл өссе,  шаңырақ,  дейтін.    Кейбір ата аналар ер балдарын төркін жұртым дейтіндер де бар,  барым, деп ата ана қаншама баланы дүниеге əкеліп, бағып қағып өсірсе де;  үлкейгенде əр бала отау құрып, əрқайсы бір бір отбасын құрғанменен, сол əке шешені қарай алмай, қарттар үйіне жіберіп жатады,  немесе туыстары бағып дегендей,  ер баладан үміт күткенмен қартайғанда қараусыз қалады. Ал  өрісі болып кеткен қыздары бағып жатады,  өсіп өнгесін  ер балдар əке шешемен ісі болмай кетеді өз қамын ойлап. Əрине бес саусақ бірдей емес,  күйеулері қайтыс болған əйелдер де балаларды қатардан қалдырмаймын,  жеткіземіндеп отырып қалады.

 

Қайта тұрмысқа шықпай өгей əкенің таяғын жемесін, қорлық көрмесін, маңдайынан қақтырмаймын, деп баласы үшін жанын беретін аналарымызда баршылық. Ал сол балалар жақсылығын түсінбей, жерге қаратып  кетіп жатады.  Әрине əр балаға ақыл берсін, сана берсін,   иман берсін, негізі күйеуі қайтыс болған əйел қайта тұрмыс құруға құқылы,  бала əкенің де шешенің де  тəрбиесін көріп өскен дұрыс болар.  Кейбір əйелдер күйеулері ішімдікке салынып  бірнеше баламен ажырасып,  жібі түзу еркекке шығып,  балаларын екінші күйеуі тəрбиелеп, соңына ертіп жүріп, адам қылып үйлендіріп,  бас басына үй қылып жібергендерде бар.  Тумасада туғандай қылып, мұның бәрі ұлттық дәстүрден, бəрі тəрбиеден  əйел адамдардың отбасын құрғаны дұрыс болар,  жалғыз адам сырын ешкімге айта алмайды,   отбасының бүтін болғаны дұрыс «Жалғыздық Құдайға ғана жарасар» деген аталарымыз.   (1 қаңтар   2019  жыл   таң намазынан кейінгі.)

**** *****

Адам баласына  ең алдымен ақыл керек, сана керек,   үлкен бол кіші бол   ақыл ой сана-сезім болмаса,  өмірдің қиыншылығы тап бола береді. Ақылы жоқтың арманы жоқ, деп жатады. Санасызға сан айтсаң да ұқпайды, жарға айтқанмен бірдей, деп жатады,  өмірлік жарын таба алмай  шатасса,  өмірбақи шатасып өтеді деген жалған айтылмаған. Шаңырақ көтеру деген ол шағын мемлекет,  оған қалай болса солай қарауға болмайды.  Барлығын жан жағына қарап, ойланып ақылменен шешу керек.  Біреулерге адам өмірі ойыншық болып жатады, адам өмірлік жолдасын дұрыстап таңдау керек, тең теңімен тезек қабымен деп жатады  бір біріне үйлесімділік керек.

 

Жар болуға лайықты адаммен ғана бас қосу керек,  тағдыр ойыншық емес,  ұл бол, қыз бол, ата ана арқылы шешу керек,  надан адамдар соқырлықпен жан жағына қарамай үйленіп, артынан ажырасып жатады. Негізінде ата ана ризашылығымен ақ батасын алып үйленіп жатса дұрыс.  Алланың қалауымен келген дүниеге келген соң  үлкен адамдармен ақылдаса шешкен дұрыс,  үлкен адамдардың өмірден көрген білгені бар, өмірден түйгені бар.   (1  қаңтар   2019   жыл ақшамнан соң.)

**** ***

Əке шеше  Ата жолға келді ме , бала да соған  бейім болу керек,  үйдегілер де келу керек.  Көбіне түсініспеушілік болады, қарсы болатындар бар, еркек үйде тақия кисе,   əйелі етегін жапқысы келмейді, ал əйелі етегін жапса, еркегі мойын бұрғысы келмейді. Жалпы қоғамда қыз балалар етегін жауып, орамал  тартып шашын жинау  жоқ,  жалаң бас, жалаң аяқ  жүреді.   Ал шеше қатты айтса  іренжиді түсінбейді, енді жəй айтса  тыңдамайды,  ұл да қыз да түсінгісі келмейді, шаңырақта сынақ осыдан басталады.  Қадағалап отырып мұқият ақылмен түсіндіру керек,  отбасында бəріде тақуалықпен дəретпен жүрген дұрыс болар.

 

Құран оқылып, намаз оқылған отбасыларда  береке  болады, қолының құты несібесі аяққа оратылып үйге кіріп отырады.   Алла аздан бере ма, көптен бере ма, қайыл болып шүкірлік ету керек.   Барға қанағат, жоққа сабыр қылу керек   отбасындағылар несібенің қалай келетінін түсіну керек. Кейбір отбасыларда төрт бес жерден кіріс кіріп жатса да береке болмай жатады . Қолға түскен несібені ретімен жұмсай білейік ысырап қылмай.Уақытты да  бос өткізбей үнемдей  білейік.

(2  қаңтар  2019  жыл  твң намазынан кейін.)

*****   *****

Сынақсыз пенде жоқ, өмірдің өзі сынақ.   Ата жолында əліде ашылмаған сырлар көп  жоғары дəрежелі  сұңқар аққулар  сарбаздарда атсалысуда.  Ақ ұл өмірден өткеннен кейін  Ата жолы құлдырап  кетті,  енді міне Тоқберген ағамыз  сұңқар аққу сарбаздардың басын біріктіріп,  көзін ашуда  жол сілтеп уағыз айтып,  бейне жазба,  үн жазба,  бейне таспа өлең  жолдарын жіберіп,  түсінбеген жерлерін түсіндіріп,  қазақ халқының көзін ата жолының тура жол екеніне көзін жеткізіуді.  Тура жолға түсу үшін де  тақуалықты  қалай ұстана  жүріп, қалай сөйлеуді, киім үлгісін ұстануды, арам  астан сақтануды, ата баба дəстүрін ұстанудың ерекшеліктерін түсіндіруде.  Ақпарттық таратуға белсенділер тобын құрып, оған еліміздің түкпір- түкпірінен хабарласуда.

 

Дерттеніп қалған, дертін таба алмай жолы ашылмай жүргендер де шипаны қалай Құдайдан алу жолын түсініп, меңгеріп көзі ашылуда. Бірақ қағида қатты; әйелдер үшін ұзын етек,  ұзын жең,  мойын жабу,  баста орамал,  қолда білезік,  аяқта мəсі  болуы шартты. Бейсенбі, жұма күндері ораза тұтып,   асқазанды тазартып отырған дұрыс және  ішкен асты да  толық дəретпен  жасап,  кез келген жерден ас ішпей,  өзін өзі қадағалап, ата жолын меңгеруге тұрған әр бір пенде орындап отыру керек. Қамшыдан өтіп құраннан  үн шығарып, аруақтардан бата шығарып, маңдай көздері ашылып, жол ашылып,  дертінен айығып жатыр.

 

Дəрігердің де таба алмаған дертін тауып отырады, арасында садақа беріп тұру керек.  Ет пен терінің арасындағы  қаралықты  жою жандыру,  өртеу  қалың киіммен термен шығару, ақталаудан өтіп тазару үшін  зиярат қылу, намаз оқу  аянмен жүру керек. Сона ғана   ісің оңға басып реттеле бастайды. Және шаңырақта аластанып отыру, тұзды сумен шəйін, кір сабынмен жуыну,   түнде «тахажуд»-нәпіл намазын оқумен, көрген   аянды садақамен бекітіп отыру керек. Бұл  жеті атаға жалғанудың да тағдырмен байланысты еркешелік амалдары көп, сондықтан да білмегенді сұрау керек. (2  ақпан 2019 жыл  ақшам намазынан кейін.)

**** ****

Дүниеде қайырым  қылу да, садақа бергенмен бірдей. Біреуге қол ұшын беру,  жоқ жұқа адамдарға  үлкен болсын, кіші болсын,  киім беру, тамақтандыру,  тамақ ас апарып беру керек.   Қазіргі кезде де дүкенге тамаққа  қарызға кіріп отырғандар аз емес. Шамасы келмейтін біреудің отынын жарып берсе,  үйін жинап берсе, суын əкеліп берсе  дүкеннен ас тамағын əкеліп берсе, есік алды қарын күреп берсе,  дəрігерден дəрісін əкеліп берсе,  той болсын, садақа болсын, көмектесіп жіберсе, ол да жақсы. Қазіргі таңда əйел адамдар тік бақайланып  барады,  иілгісі келмейді,  көрші болсын, кəсіптес болсын, ағайын болсын,  жастар жағын  шақырып, көмек сұрасаң ибінбейді, иілмейді де.

 

Тіптен еті өліп кеткен,  ұяттан жұрдай, автобустада,  поезда да  көліктерде  тұрып орын беруге жоқ, құлаққағарларын салып өтірік ұйқтап отырады. Әрине бəрі бірдей емес, арасында азғантай ғана бар жүректерінде имандары барлар.    Қайырымдылық сауапты іс  күндердің күнінде алдыңнан шығады, Құдайдан қайтады деген бабалар өсиетінде. Осындай ата дәстүрінен ажырап қалған  қытай қазақтарына да сауап қылайық, қыспақтан қалай шығу жолын көрсетейік, қол созайық, қандас бауырларымыз ғой .  (4 қаңтар ақшам намазы)

**** ***

Қасиетті меңгере білген ол да батылдық, үлкен іс,  қаншама қасиетті ұлдарымыз, қыздарымыз   сол қасиеттің қыспағынан шыға алмай,  ем шипа таба алмай, бұл өмірден өтіп кетіп жатыр.  Қасиетті бағалай білу сабырлыққа  ақылға келіп тіреледі, атүсті қарауға болмайды,  аруақ əр жерден қысады.   Баладан,  байдан,  ағайыннан, дене мүшеден  кəсіптен төзімділік керек, сынақсыз пенде жоқ өмірдің өзі сынақ,  шыдамдылық, сабырлық танытып ақылмен жеңе білген.

 

Арты  берекетін қайырымын береді,  жол таба алмай  қиналып  жүргендер үлкен адамдар немереден  баладан қысады, шапқылап қаншама дəрігердің алдынан өтіп қалтасын қағып,  сосын дəрігерлер; бұл енді біздің науқас емес, деп қарап тұрады.  Халықтың қалтасы қағылып барып,  тақырға отырып барып, жолға түседі     кейбір отбасыларда  жұмыссыз отырғандар да жетеді.   Жол жабылып əкелі балалы жұмыссыз   қызының айлығына немесе шешесінің пенсиясына қарап отырғандар баршылық,  қол аяғы балғадай  тепсе темір үзер  қазақтың ер азаматтарына жұмыссыз үйде отырып қалуына не түрткі болды?  Әуелі иман керек, əйел адамдар тақуалықты ұстанса,  арам ас ішпесе, намаз құран оқылса ғой. Адамға сана керек, ақыл керек, еркек түзде əйел үйде деген ер азаматтардың көзін ашу керек,  жан жаққа қарап есін жинау керек,  адам өзі іздену керек,   əйел адамдар тақуалықпен жүрсе еркектің алдына шықпай  реттеледі  деп ойлаймын. ( 4  қаңтар  2019    жыл  ақшам намазынан кейін .)

***** *****

Жаз,  айқын қағазға түсір,  жақсы болсын жаман болсын анықталсын. Айқындалу керек , қай жерде де қарама қайшылық қатар жүреді .Адам өмірге келген соң  талпыныс керек , жақсы жағына қарай ұмтылу керек. Аруақтар  көтеріліп  шырылдап жатқанда  əр адам өз қара басын ойламау керек. Шаңырақты түзету керек  сананы ашу керек  көзді ашып жан жаққа қарап есті жиып,  жүріс тұрысын түзеу керек,  тазалық бірінші орында  тəрбие, ақыл, ой сана,  сабыр,  қалай сөйлеп қалай тұру,  қалай тамақтану,  деген сияқты.  Алдағы асты да абайлап жеу керек,  қомағайланып асқазанды бітеп тастауға да болмайды. Көрінген   жерден тамақ  ас іше беруге болмайды,  дəретсіз адамдардың  арасында астан адам уланады,  абай болған жөн.

 

Оның ішінде арақ шарап ішкен  жерлерден абай  абай болған дұрыс,  əлсін- əлсін ғұсыл алып  тазарып отыру керек,  əсіресе əйел адамдар көңілшек  қонақта болсын, басқада болсын,  көңіл жықпай ішіп қояды. Тамақты өзі дәретпен дайындап  күніге екі рет қана дəмділеп ішсе жұғымды болары сөзсіз. Киммен толық дәретпен және адал аспен бойдағы қара қуаттарды  жағып шығару керек. Ыссы күндері де  қалың киіп  іштегі сасық иісті шығару үшін тұншықтырып өртеу керек. Ал етекті ұзартса,  ұзын етек сүзгі қызметін атқарып  жаман нəрселерді  жолатпай тұрады,  дене мүше қуық  іш құрылыстарға суықтықты жібермейді.   Мəсіні аптап ыссы күні де киюі дұрыс,  табан тазалығы керек.   Бар нəрсе аяқтан  қазіргі заманда аяғы ауырмайтын адам жоқ.

 

Кір жуған суды да аяқтың астына төге салады,  жер ластанады, ал мəсі аяқты таза ұстап қорғап тұрады.  Әйел адамдар қолтыққа дейін ашық  немесе шынтаққа дейін ғана киеді,  көйлекті  білекке дейін кию керек, күміс білезік те тазалықты сақтап тұрады, əйел адамдарға орамалды айтсаң қашады, күнə секілді.  Орамал тартқан əйелді періштесі қорғайды, неғұрлым қалың киіммен денедегі ет пен тері арасындағы сасық иісті жақсаң, сол құрлы адам жеңіл жүреді. Дəрігердің алдына бармай ақ, бүкіл ауырудан құтылуға болады. Төстің қабынунан, тамақтын ауруларынан,  асқазаннан, шекердің артуынан,  қанқысымы,  жатыр ауыруы,  тізе, құяң,  денедегі тұз  т.б. ауырулардың емі өзімізде тұр.

 

Ашық -шашық жүруден бас тарту керек,  қазіргі таңда ер азаматтарымыз да  белдік жыныс  мүшесінің әлсіздігіне  дəрігерлердің  алдында  ширатта тұрады;  жас жігіттер, кəмелетке толғандар, отызға дейінгі аралықтағы  қырық жастың көлемі елуді еңсергендер   дəрігердің алдында қалтасын қағады, айлық табысын берсе несі қалады? Ал сол ер азаматтарымыз ізденсе, Ата жолға келсе, есік ашық,  өзіне өзі көмек жасар еді. Дұшпан аяғыңмен басыңа қарайды дейді,  ер азаматтар басынан тақиясын тастамай,  аяғын жылы ұстағаны дұрыс болар еді.   Ертеректе аталарымыз саптама  етікпен жүрген,  мəсімен жүрген,  күш қуаты мықты болғанда   бірнеше əйел алған,  балалары көп болған.

 

Ал қазірде  бір  екі баламен немесе үш баламен шектеліп қалған,  тіптен баласыз отырған отбасылар да қаншама.  Ер азаматтарымыз соңғы кездері майдаланып кетті, себебі белсіздік белең алып кетті, əйел адамдар тақуалықпен жүрсе   ғой. Керісінше əйел адамдар  алдыға шығып, ер азаматына баласындай кісіше ақырып, жекіріп,  тіптен менсінбей сөйлеп  жатады.  Баланың басқаның алдында тапап сөйлеп жатады, дүниенің төртбұрышын ұстап тұрғандай, сол əйелдер  ер адамның сəждесі бола тұра  олай сөйлеу  дұрыс емес, деп ойлаймын.  Әйел адамды  Алла тағала  ер адамға сəжде қылып жаратқан,  сондықтан əйел адам ер адамнан үстем болу  үстемдік қылу,  өте көргенсіздік.

 

Әйелді тапқан баласы да еркектің атына жазылмай ма,  руы да сол еркектікі, шаңырақ та сол еркектің атында тұрмай ма?  Әйел адам ойлану керек,  ақыл керек, иман керек,  тақуалық керек,  сонда ер адамдардың қуаты артып, қаншама ұрпақ əкеліп,  ішімдік азайып,  халық еліміз  көбеймесіне кім кепіл?  Әркім аян көрер,  сол аянды ортаға салып садақамен бекітіп  отыру керек,  аян жол бастайды.  Әйел адамдар төске сабап менмендікке салынғанды доғарайық, әдепті сақтайық, өйткені əйел адамға оғаш қылық жараспайды. Ақылмен, сабырмен, иманмен,  ибамен тақуалықпен жүрген əйел  адамдардың қадір қасиетін артады.   Ер адамнан екі елі төмен болайық,  ерлеріміз еңселі  қайсарлы болсын,  ер қорғайтын  ер азаматтарымыз  шаңырақтың иесі  соны ұмытпайық   осы жазғаным  барлығына ой салар  деп ойлаймын    (6 қаңтар  2019   жыл   таң  намазынан кейінгі.)

***** *****

Табыс, тапқыр, сенім, күш,  ақыл,  жігер, байсалдылық,  ақылдылық. Ата жолының қағидасы   алдымен сенімділік, ақыл, білім,  тақуалық,  сабырлық арқылы  менмендіктен арылумен  иба сақтау.  Жігер  иманның беріктігі, ал тақуалықты меңгере білсе,  барлық қиындықты  жеңуге болады. Әрине сынақсыз пенде жоқ, өмірдің өзі сынақ,  көп нəрсе əйелзатына байланысты;  шашын жайып, ашық –шашық, жалаң аяқ, жалаң бас жүреді.  Сынақ содан пайда болады отбасында, ал оны түсінетін əйел адамдары бірі түсінсе, бірі түсінгісі келмейді.  Көк инені көгінен түрте алмай, қолдан ештеңе келмей, ұқсата алмаса да  қолдағыны төгіп, шашып, ерін мазалап, сабалап  жүрген əйелдерді көріп жүрміз.

 

Еркегінің əкелген табысын келістіре алмай,  үйде отырып  үйдің берекетін алатын  əйелдеріміз де жоқ емес.  Әрине еркектер сосын үйден қашпай ма,  ер азамат əкелген табысын өзі ішіп жей алмаса,  қонақ шақыра алмаса, ағайын туыстарын үйіне келтіре алмаса, әйелі  дастархан басында шу көтерсе,   неге еркектер үйден қашпасқа? Киімдерін жуып беріп,  дастархан басында дəмділеп ас əзірлеп, жылы шырай танытып, қабақ шытпай,  жүзі жарқын күліп қарсы алса,  үй іші жинақы  таза болып,  əйел адам тақуалықпен жүріп,  иба сақтап,  ақылымен сөйлеп,  балаларды да əкесіне қарсы қоймай,  басын біріктіріп отырса,  қосып отырса,  əкенің дəрежесін жоғары ұстап  сол шаңырақтың иесі екенін  айтып түсіндіріп, адал ас беріп,  етек жеңді ұзартып, орамалын басынан тастамай,   кеше қосылған адамдай,    өзіне тартып отырса,   сонда еркек үйден қашпас еді.

 

Мұндайдан ақылы сау еркек ешқайда кетпейді, ондай  үйден береке кетпейді,  көріп жүрміз күйеуім үйден  қашады,  басқа əйелге барады,  дейді. Үйге келмейді, дейді,  ал табысын алып алдына ас қоймай, салқындық танытса,  көрінгеннен қызғанып шу шығара берсе қандай ер азмат мұнан жиренбес, мезі болып жайлылық іздемес?  Сондықтан күйеуім қыдырады,  қашады, деген əйелдерге айтарым;  жүрекке иман керек, ақыл, сабыр, тақуалық керек, даладан шаршап келген еркекке жылылық таныту керек.  Үйден жылу көрмесе, онда сырттан іздейді  немесе ішіп кетеді.  Әйел адамдар ойланайық, шаңырақтың ұйытқысы екенімізді ұмытпайық,  айқай шудан балалардың да жүйкесі тозады.  Әйел адам кешірімді болу керек,  түсіністікпен қарау керек.

 

Бұрынғы уақытта шешелеріміз; əкең келеді, дегенде сескеніп тұратын едік, ал қазіргі келіндер байларын баласындай сезінеді,  керісінше  шешең келеді, деп қорқытады баланы.  Бір нəрсені бүлдіріп алса да, балалар əкеден емес, шешеден сескеніп тұрады, отбасы болған соң ыдыс аяқ сылдыламай тұрмайды.   Бірін- бірі түсініп отыру керек,  балаға əкеде де керек, шеше де керек,  əкенің қаһары сіңеді, шешенің  мейірімі сіңеді, ұядан  ұшқанша баланы тəрбиелеу, əке шешенің міндеті аманаты. Келіндер ойланайық.  (6   қаңтар   2019    жыл     ақшам намазынан кейінгі.)

**** ******

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.